Аңдатпа

Қазақстанда 19 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© REUTERS / Pavel MikheyevДевочка в Ботаническом саду Алматы
Девочка в Ботаническом саду Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 19 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 20-25 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

19 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - "Еуразилық Одақ: мағынасы, жетістіктері, даму болашағы" тақырыбында неміс бизнесінің конференциясы ("Hilton Astana" қонақ үйі, Сауран көшесі, 46. Байланыс телефондары: +7 (7172) 79 12 26, +7 (7172) 79 12 13, +7 747 769 19 11).

10.00 – Балалар арасында аула футболынан турнирдің басталуы. Жарыстар 2007-2009 жылдары туған балалар арасында ұйымдастырылады.  (Байланыс телефоны: +7 747 355 53 57, +7 771 244 13 13).

10.00 –"Интернет-экспортер мектебі" атты тауар өндірушілерге арналған бағдарламаның іске қосылуы. Шараның негізгі мақсаты - Alibaba.com, eBay.com және тағы басқа халықаралық электронды алаңдарда отандық тауарлардың санын арттыру.  Бағдарламаның ашылу рәсіміне сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы және "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қатысады. Шара барысында  Alibaba, Ebay мен Etsy сияқты сауда алаңдарында жұмыс істеуге арналған воркшоптар, Qaztrade атты сауда саясатын дамыту орталығының таныстырылымы, сондай-ақ экспортерлер аллеясының ашылуы болады. (AstanaHub, Мәңгілік ел, 22, павильон С 4.4. Аккредитация +7 702 655 32 08 телефоны немесе aigulsherniyazova@gmail.com электронды пошта арқылы жасалады).

12.00 – "Мяу, Гав пен Чик-Чирик" спектаклі (Қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3. Байланыс телефоны: +7 775 144 94 65).

13.00 - Төртінші "Ақындар баттлы". Тақырыбы —  Михаил Лермонтов пен Тарас Шевченконың поэзиясы. Әрбір турдың жеңімпаздары суперфиналға өтеді. Ол 2019 жылы желтоқсан айында өтеді. (Ресейдің мәдениет пен ғылым орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефоны: +7 775 161 01 39).

15.00 - "Береке бірлігіңде, Елім" республикалық ақындар айтысы. Оған 17 ақын қатысады("Астана" концерт залы. Байланыс телефоны : +7 707 346 34 66).

16.00 – M-1 Challenge-10 аралас жекпе-жектен MMA халықаралық турнирі. Турнир бағдарламасында әр түрлі елдердің спортшыларының қатысуымен 12 жекпе-жек ұйымдастырылады деп жоспарлануда, қазақстандық спортшылардың қатысуымен бірден екі титулдық жекпе-жек өтеді ("Жекпе жек" сарайы, Қабанбай батыр даңғылы, 41, +7 775 970 7571).

18.00 – әлемдік классика музыкасының үздік шығармалары – "Аққу көлі" балеті қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаева көшесі, 1).

19.00 - "Әндер" шоуы финалистерінің концерті. Сахнада Say Mo, Slame, S, AMCHI, Боронина, Анет Сай, ARS-N, TRITIA өнер көрсетеді (Конгресс Центр, Сауран көшесі, 44).

АЛМАТЫ

10.00 – Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қоры әлем бойынша балаларды тамақтандыру мен азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы жаһандық баяндаманы таныстырады. Осы шара "Аман Келешек" фестивалі аясында ұйымдастырылады. (Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы, Абай даңғылы, 44).

11.00 – La Primavera атты инклюзивті театр фестивалі өтеді. Шараның мақсаты балалардың шығармашылығын қолдау әрі мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына көмек көрсету. Шараға мүгедек-балалардың ата-аналар қауымдастығы қатысып, Color студиясының жас әртістері өнер көрсетеді. Сондай-ақ "АРДИ АРТ" шығармашылық орталығының оқушылары жасаған заттар сатылымға шығаралады. Фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алған қатысушы Casting Curator актерлік шеберлік мектебінің негізін қалаушы, чехиялық танымал актер Габриэля Коэнамен (Gabriel Cohen) кездеседі.

19.00 - Ballet Globe Gala 2019 балет фестивалі. Оған әлемге танымал театр ұжымдары қатысады. Олардың ішінде Ресейдің Үлкен театры, Мариин театры, Нидерландтың би театры (NDT), Венгрияның опера театры, Ағылшынның ұлттық театры, Женеваның Үлкен театры, Астана Опера және Венаның мемлекеттік опера театры. (Абай атындағы мемлекеттік академиялық балет және опера театры).

20 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Дружная семейка струнных инструментов" концерті өтеді. Оған "Астана Опера" оркестрінің әртістері қатысады ("Астана Опера" театры, Қонаева көшесі, 1).

АЛМАТЫ

09.30 – Скайраннингтен "Sunday Race" жарысы ұйымдастырылады ("Медеу" спорт кешені, Байланыс телефоны: +7 707 782 77 02).

10.30 – Қазақстанның шай шеберлерінің чемпионаты. Жарыс жеңімпаздары әлемдік сайысқа барады. Осы жолы қатысушылар шай миксологиясы – Tea Mixology бойынша өзара жарысқа түседі. ("Алматы" қонақ үйі, Қабанбай батыр көшесі, 85. Байланыс телефондары: +7 701 452 4118; +7 708 299 3039).

19.00 - "Әндер" шоуы финалистерінің концерті. Сахнада Say Mo, Slame, S, AMCHI, Боронина, Анет Сай, ARS-N, TRITIA өнер көрсетеді. (Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы, Абай даңғылы, 44).

19.00 - "Кербез Жетісудың кермарал әуендері" концерті. Сахнаға Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Нұркен Әшіров, Жастар одағы сыйлығының лауреаты, мәдениет қайраткері Ержан Әлімбетов, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Мақпал Тоқтағанова мен Біржан Бәзілжанов. (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35. Байланыс телефоны: +7 701 751 89 85).

21 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Парламент мәжілісіндегі үкімет сағаты. Тақырыбы: "Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының алдын ала қорындысы". Баяндаушы – білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов (Мәжіліс үйі, Мәңгілік ел, 2. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 63 03).

15.00 – Парламент сенатындағы үкімет сағаты. Тақырыбы: "Қазақстан президентінің халыққа арнаған жолдауы аясында денсаулық сақтау саласындағы мақсат-міндеттер". Сондай-ақ, парламенттік тыңдаулардың қорытындысы қаралады. (Сенаттың мәжілісі залы, Мәнгілік ел, 2. Байланыс телефондары: +7 (7172) 74 72 39, +7 (7172) 74 70 27).

22 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - "Astana–Violin" VIII халықаралық скрипкашылар конкурсы. Байқаудың салтанатты ашылуы сағат 17.00-де өтеді. Байқауға екі жас тобы қатысады – кішісі (10-15 жас) және үлкені (16-28 жас). "Astana–Violi" екі турда өтеді. Спектакльді скрипка мектебінің ең үздік өкілдері – Қазақстанның және шет елдердің беделді педагогтары бағалайды: Қазақстанның халық әртісі, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева, КСРО халық әртісі, Мәскеу консерваториясының профессоры Эдуард Грач, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Мәскеу консерваториясының профессоры Сергей Кравченко, Вена консерваториясының және Грацтағы музыка университетінің профессоры Борис Кушнир, Рихард Вагнер атындағы Вена консерваториясының профессоры Игорь Петрушевский. Конкурс аясында қазылар алқасының мүшелері шеберлік сабақтарын өткізеді. Байқау жеңімпаздары қорытынды гала-концертке қатысады (байланыс телефондары: 7 778 767 83 19, 7 707 118 71 05).

АЛМАТЫ

11.00 – Сбербанк Қазақстан басқарма төрағасы Александр Камаловтың БАҚ өкілдерімен кездесуі. Кездесуде банк басшысы Қазақстандағы экожүйенің дамуы туралы әңгімелейді, сондай-ақ 2019 жылдың қорытындыларымен бөліседі (Сбербанктің орталық кеңсесі, әл-Фараби көшесі, 13/1. Байланыс телефоны: 7 777 272 94 27).

23 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - KazAgro/KazFarm халықаралық ауыл шаруашылық көрмесі өтеді. Көрме 25-қазанға дейін жұмыс істейді ("Көрме" орталығы, байланыс телефоны: +7 701 705 04 16).

24 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - "Атамекен" ҰКП съезі. Съезд жұмысына "Атамекен" ҰКП президиум төрағасы Тимур Кұлыбаев мен үкімет басшысы Асқар Мамин қатысады. (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 93 67).

19.00 – Классикалық музыка кеші өтеді. Кеште романтикалық музыка жанрының өкілдері Франц Шуберт (1797-1828), Феликс Мендельсон-Бартольдидің (1809-1847) шығармалары орындалады. Сахнада скрипкашы Ермек Магавин, "Астана Опера" оркестірінің әртісі Гүлжанат Жанатаева, виолончельші Курванжан Ахатов сынды Қазақстанның танымал музыканттары өнер көрсетеді ("Астана Опера" театры, Қонаева көшесі, 1).

АЛМАТЫ

17.00 - Доктор Комаровскийдің тегін дәрісі. Тақырыбы: "Оқушылар мен гаджеттер, баланың денсаулығын қалай сақтауға болады?" (Мұхтар Әуезов атындағы драма театры. Байланыс телефоны: +7 701 739 86 01).

19.00 – Post Drama Weekend шарасы өтеді. Онда жаңа форматтағы спектакльдер қойылады. Шара 4 күнге жоспарланған. Спектальде Мәскеу, Санкт-Петербор және Петропавл қалаларының әртістері өнер көрсетеді. Театр апталығы 27 қазанда жұмысын аяқтайды ("Артишок" театры, Гоголь көшесі, 40. Байланыс телефоны: +7 776 628 26 25).

25 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Voice оf Nur-Sultan" эстрада әншілерінің халықаралық фестивалі. Фестивальге Қазақстан, Ресей, Болгария, Украина, Грузия, Португалия, Қытай, Әзербайжан өнерпаздары қатысады. Фестивалдің хэдлайнері ретінде Қазақстанның танымал әртістері, оның ішінде The Limba, Райм және Артур, Ziruza, М'Dee, сондай-ақ "ТНТ" арнасындағы "Песни" жобасының жартылай финалисі Say Mo ("Қазақстан" Орталық концерт залы).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0