Аңдатпа

Қазақстанда 22 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневАстана виды города
Астана виды города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 22 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 23-25 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

22 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібі: 2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамытудың "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік. Отырыстың қорытындысы бойынша автомобиль жолдарының сапасын арттыру бойынша баспасөз мәслихаты өтеді. (Үкімет үйі, байланыс телефоны: +7 (7172) 75 00 10).

10.00 - "Astana–Violin" VIII халықаралық скрипкашылар конкурсы. Байқаудың салтанатты ашылуы сағат 17.00-де өтеді. Байқауға екі жас тобы қатысады – кішісі (10-15 жас) және үлкені (16-28 жас). "Astana–Violi" екі турда өтеді. Спектакльді скрипка мектебінің ең үздік өкілдері – Қазақстанның және шет елдердің беделді педагогтары бағалайды: Қазақстанның халық әртісі, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева, КСРО халық әртісі, Мәскеу консерваториясының профессоры Эдуард Грач, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Мәскеу консерваториясының профессоры Сергей Кравченко, Вена консерваториясының және Грацтағы музыка университетінің профессоры Борис Кушнир, Рихард Вагнер атындағы Вена консерваториясының профессоры Игорь Петрушевский. Конкурс аясында қазылар алқасының мүшелері шеберлік сабақтарын өткізеді. Байқау жеңімпаздары қорытынды гала-концертке қатысады (байланыс телефондары: 7 778 767 83 19, 7 707 118 71 05).

11.00 – "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры Михаэль Кортюмның қатысуымен жаңа вагондардың таныстырылымы болады. ("Нур-Султан-1" вокзалы. Аккредитация +7 (7172) 60 42 81 телефоны немесе pressa_pp@bk.ru электронды поштасы арқылы жасалады)

АЛМАТЫ

11.00 – Сбербанк Қазақстан басқарма төрағасы Александр Камаловтың БАҚ өкілдерімен кездесуі. Кездесуде банк басшысы Қазақстандағы экожүйенің дамуы туралы әңгімелейді, сондай-ақ 2019 жылдың қорытындыларымен бөліседі (Сбербанктің орталық кеңсесі, әл-Фараби көшесі, 13/1. Байланыс телефоны: 7 777 272 94 27).

23 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - KazAgro/KazFarm халықаралық ауыл шаруашылық көрмесі өтеді. Көрме 25-қазанға дейін жұмыс істейді ("Көрме" орталығы, байланыс телефоны: +7 701 705 04 16).

АЛМАТЫ

16.00 – Авторлық интерьерлік қуыршақ өнеріне арналған III Халықаралық көрме. Аталған шара театр жылы мен Александр Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына орай ұйымдастырылады. Көрменің ұйымдастырушылары – Алматыдағы Ресей консулдығы, Ресейдің ынтымақтастық агенттігінің Қазақстандағы өкілділігі, Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі және Қазақстанның қуыршақшылар қоғамдастығы. Көрме 30 қазан мен 10 қараша аралығында өтеді. (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі. Байланыс телефоны: +7 (727) 394 57 15).

24 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - "Атамекен" ҰКП съезі. Съезд жұмысына "Атамекен" ҰКП президиум төрағасы Тимур Кұлыбаев пен үкімет басшысы Асқар Мамин қатысады. (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 93 67).

10.00 – Қазақстан-Беларусь бизнес форумы. Форумның ашылуына Беларусь Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Александр Турчин қатысады.  ("Radisson Hotel Astana" қонақ үйі, Сарыарка даңғылы, 4. Байланыс телефоны: + 7 777 999 94 42).

19.00 – Камералық музыка кеші өтеді. Кеште романтикалық музыка жанрының өкілдері Франц Шуберт (1797-1828), Феликс Мендельсон-Бартольдидің (1809-1847) шығармалары орындалады. Сахнада скрипкашы Ермек Магавин, пианошы және "Астана Опера" оркестірінің әртісі Гүлжанат Жанатаева, виолончельші Курванжан Ахатов сынды Қазақстанның танымал музыканттар өнер көрсетеді ("Астана Опера" театры, Қонаева көшесі, 1).

АЛМАТЫ

17.00 - Доктор Комаровскийдің тегін дәрісі. Тақырыбы: "Оқушылар мен гаджеттер, баланың денсаулығын қалай сақтауға болады?" (Мұхтар Әуезов атындағы драма театры. Байланыс телефоны: +7 701 739 86 01).

19.00 – Post Drama Weekend шарасы өтеді. Онда жаңа форматтағы спектакльдер қойылады. Шара 4 күнге жоспарланған. Спектальде Мәскеу, Санкт-Петербор және Петропавл қалаларының әртістері өнер көрсетеді. Театр апталығы 27 қазанда жұмысына аяқтайды ("Артишок" театры, Гоголь көшесі, 40. Байланыс телефоны: +7 776 628 26 25).

25 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Voice оf Nur-Sultan" эстрада әншілерінің халықаралық фестивалі. Фестивальге Қазақстан, Ресей, Болгария, Украина, Грузия, Португалия, Қытай, Әзербайжан өнерпаздары қатысады. Фестивалдің хэдлайнері ретінде Қазақстанның танымал әртістері, оның ішінде The Limba, Райм және Артур, Ziruza, М'Dee, сондай-ақ "ТНТ" арнасындағы "Песни" жобасының жартылай финалисі Say Mo ("Қазақстан" Орталық концерт залы).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0