03:10 23 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD385.01
  • EUR425.78
  • RUB6.05
Астана көрінісі

Қазақстанда 23 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал Калиев.
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
54 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 23 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 24-26 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

23 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – ҚР Парламенті мәжілісінің жалпы отырысы өтеді (Мәжіліс үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 2)

10.00 - KazAgro/KazFarm халықаралық ауыл шаруашылық көрмесі өтеді. Көрме 25-қазанға дейін жұмыс істейді ("Көрме" орталығы, байланыс телефоны: +7 701 705 04 16).

10.30 – "Туған өлкем" көрмесінің ашылу салтанаты өтеді (Елбасы кітапханасының музейі, Бейбітшілік көшесі, 11. Байланыс телефондары: +7 (7172) 69 30 56).

16.00 – "Voice оf Nur-Sultan" эстрада әншілерінің халықаралық фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, "Хабар" агенттігі"АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин, күйші, домбырашы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Еңсепов, фестивалдің хэдлайнері ретінде Ziruza және Грузия, Португалияның әртістері қатысады. Халықаралық фестиваль 25-26 қазанда өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы, Аккредитация +7 (7172) 75 76 03, +7 705 552 44 28 телефондары және pr@khabar.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ

10.00 – Post Drama Weekend шарасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. 24-27 қазан аралығында Алматы қаласындағы ARTиШОК-та театр апталығы ұйымдастырылады. Шараға Мәскеу, Санкт-Петербор және Петропавл қалаларының театрлары қатысады (Қазақстан пресс-клубы, Самал-2 шағын ауданы, 58. Байланыс телефоны: +7 747 262 20 63).

10.00 – " Энергетика, Электр техникасы және Энергетикалық машина құрастыру – Powerexpo Almaty 2019" атты XVIII халықаралық көрме өтеді. Шараға 13 елден 100-ден астам компания қатысады. Көрме аясында тақырыптық семинарлар және іскерлік кездесулер ұйымдастырылады. Сондай-ақ сағат 11:00-де бағдарламаға қатысушылар Қазақстан үкіметі және БҰҰ Даму бағдарламасымен жаңартылатын энергия көздері жобаларының болашағын талқыға салады
("Атакент" орталығы, Байланыс телефоны: +7 747 441 50 25).

12.00 – Aspandau ғылыми білім беру қоры баспасөз мәслихатын өткізеді. Шара аясында манифест жарияланады. Ол қоғамда ғылым, білім беру, бизнес, мемлекеттік қызмет, азаматтық қоғам саласында жемісті қызмет атқарып жүрген адамдарды ағартушылыққа шақыруға үндейді. Шараның мақсаты – Қазақстанда адами капиталдың әлеуетін арттыру (Қазақстан пресс-клубы, Самал-2 шағын ауданы, 58. Байланыс телефоны: +7 747 262 20 63).

16.00 – Авторлық интерьерлік қуыршақ өнеріне арналған III Халықаралық көрме. Аталған шара театр жылы мен Александр Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына орай ұйымдастырылады. Көрменің ұйымдастырушылары – Алматыдағы Ресей консулдығы, Ресейдің ынтымақтастық агенттігінің Қазақстандағы өкілділігі, Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі және Қазақстанның қуыршақшылар қоғамдастығы. Көрме 30 қазан мен 10 қараша аралығында өтеді. (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі. Байланыс телефоны: +7 (727) 394 57 15).

24 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - "Атамекен" ҰКП съезі. Съезд жұмысына "Атамекен" ҰКП президиум төрағасы Тимур Кұлыбаев пен үкімет басшысы Асқар Мамин қатысады. (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 93 67).

10.00 – Қазақстан-Беларусь бизнес форумы. Форумның ашылуына Беларусь Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Александр Турчин қатысады. ("Radisson Hotel Astana" қонақ үйі, Сарыарка даңғылы, 4. Байланыс телефоны: + 7 777 999 94 42).

19.00 – Камералық музыка кеші өтеді. Кеште романтикалық музыка жанрының өкілдері Франц Шуберт (1797-1828), Феликс Мендельсон-Бартольдидің (1809-1847) шығармалары орындалады. Сахнада скрипкашы Ермек Магавин, пианошы және "Астана Опера" оркестірінің әртісі Гүлжанат Жанатаева, виолончельші Курванжан Ахатов сынды Қазақстанның танымал музыканттар өнер көрсетеді ("Астана Опера" театры, Қонаева көшесі, 1).

АЛМАТЫ

17.00 - Доктор Комаровскийдің тегін дәрісі. Тақырыбы: "Оқушылар мен гаджеттер, баланың денсаулығын қалай сақтауға болады?" (Мұхтар Әуезов атындағы драма театры. Байланыс телефоны: +7 701 739 86 01).

18.30 – "Турандот" операсы қойылады (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыра даңғылы, 110).

19.00 – Post Drama Weekend шарасы өтеді. Онда жаңа форматтағы спектакльдер қойылады. Шара 4 күнге жоспарланған. Спектальде Мәскеу, Санкт-Петербор және Петропавл қалаларының әртістері өнер көрсетеді. Театр апталығы 27 қазанда жұмысын аяқтайды ("АРТиШОК" театры, Гоголь көшесі, 40. Байланыс телефоны: +7 776 628 26 25).

25 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Voice оf Nur-Sultan" эстрада әншілерінің халықаралық фестивалі. Фестивальге Қазақстан, Ресей, Болгария, Украина, Грузия, Португалия, Қытай, Әзербайжан өнерпаздары қатысады. Фестивалдің хэдлайнері ретінде Қазақстанның танымал әртістері, оның ішінде The Limba, Райм және Артур, Ziruza, М'Dee, сондай-ақ "ТНТ" арнасындағы "Песни" жобасының жартылай финалисі Say Mo ("Қазақстан" орталық концерт залы).

19.00 – Симфониялық оркестр "Гарри Поттер және Кариб теңізі" атты концерт береді ("Астана" концерт залы).

26 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – "Корсар" балеті қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 – Алматыдағы "Мысықтар әлемі" (WACC) фелинологиялық орталығы көрме ұйымдастырады. Шараға қатысушылар мысықтың 20 түрін көре алады. Көрмеге Thomas Anders (Дания) ижәне Петр Лацплес (Ресей) есімді мамандар сарапшы ретінде қатысады. Сондай-ақ шарада қояндар, кішкентай кірпілер, жанаттар, сирек кездесетін рептилиялар болады ("Grand park" сауда үйі, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 777 367 89 09).

18.00 – Халықаралық балет жұлдыздарының қатысуымен фестиваль өтеді. Шара аясында үш спектакль қойылады. Оның біріншісі – "Аққу көлі" балеті. 26-27 қазан аралығында Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Берлин ұлттық опера театрының премьері Алехандро Вирелес, Ресейдің Михайлов театрының прима балеринасы, әрі Эйфман театрының солисі Светлана Бедненко сынды халықаралық балет жұлдыздары көрсетеді (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Байланыс телефоны: +7 707 710 33 01).

27 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – World Electronic Sports Games 2019: Kazakhstan финалына іріктеу кезеңі өтеді. Қатысушылар Counter-Strike: Global Offensive, Dota 2, StarCraft II и Pro Evolution Soccer 2020 ойындарынан бақтарын сынайды. Жеңімпаздар 16-17 қарашада Алматыда өтетін WESG 2019: Mid Asia халықаралық турнирінде Қазақстанның намысын қорғайды.

World Electronic Sports Games — халықаралық ірі киберспорт чемпионаты. Оны Alibaba Sports компаниясы ұйымдастырады (Жекпе-жек сарайы, Қабанбай батыр даңғылы, 42).

29 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

14.00 – Halloween Day. Шараға қатысушылар "Монстрлар үйі" мультфильмін тамашалайды. Сондай-ақ арнайы кеш ұйымдастырылады (Қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3).

30 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Музицируем вместе" атты концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

19.00 – Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығына орай салтанатты концерт ұйымдастырылады. Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері қатысады ("Қазақстан" орталық концерт залы).

31 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Париж Богемасы" атты опера қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

19.00 – Әлемдегі италиян тілі апталағы аясында "Академия Солистов" мемлекеттің оркестрінің концерті ұйымдастырылады. Концерттің дирижері – танымал маэстро Михаил Кирхгофф. Сондай-ақ сахнада танымал италиялық пианошы Giuliano Mazzoccante өнер көрсетеді. Өнер сүйер қауым Ференц Лист, Антон Брукнердің шығармаларымен таныса алады. Концерт Қазақстан Италия елшілігінің қолдауымен өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып