13:37 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Астана Балет

Қазақстанда 26 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Photo : Пресс-служба Театра "Астана Балет"
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
53 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 26 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 27-31 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

26 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Назарбаев университеті түлектерінің үшінші кездесуі (Назарбаев университеті, Тұран даңғылы, 64. Аккредитация +7 (7172) 70 60 91, +7 (7172) 70 61 91 телефондары және pressa@nu.edu.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

14.00 – Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдығы аясында халықаралық "Дәуір және тұлға" ғылыми-ағартушылық жобасының кеңейтілген отырысы өтеді (Достық үйі, Момышұлы көшесі, 24/9. Аккредитация kguast@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

18.00 – "Корсар" балеті қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 – Алматыдағы "Мысықтар планетасы" фелинологиялық орталығының (WACC) көрмесі. Сол жерде мысықтардың 20 тұқымы таныстырылады. Соның ішінде мейн-кун, скоттиш-фолд, корниш-рекс, девон-рекс, петерболд, дон сфинксі және тағы басқалар бар. Сарапшылардың атынан Thomas Anders (Дания) пен Петр Лацплес (Россия) сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, көрмеге басқа да экзотикалық жануарлар шығарылады. (Grand park сауда үйі, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 777 367 89 09).

18.00 - "Аққу көлі" атты әлемдік балет жұлдыздарының фестивалі. Бұл – үш спектакльдің біреуі. Одан кейін 26-27 қазан күндері Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында әлемдік жұлдыздар - Берлин ұлттық операның өкілі Алехандро Вирелес, Ресейдің Михайлов театрының прима балеринасы, сондай-ақ, Эйфман театрының солисті Светлана Бедненко өнер көрсетеді. (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры. Байланыс телефоны: +7 707 710 33 01).

27 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – World Electronic Sports Games 2019: Kazakhstan финалына іріктеу кезеңі өтеді. Қатысушылар Counter-Strike: Global Offensive, Dota 2, StarCraft II и Pro Evolution Soccer 2020 ойындарынан бақтарын сынайды. Жеңімпаздар 16-17 қарашада Алматыда өтетін WESG 2019: Mid Asia халықаралық турнирінде Қазақстанның намысын қорғайды.

World Electronic Sports Games — халықаралық ірі киберспорт чемпионаты. Оны Alibaba Sports компаниясы ұйымдастырады (Жекпе-жек сарайы, Қабанбай батыр даңғылы, 42).

28 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Мәжілістегі үкімет сағаты: "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының жүзеге асуы, халық саны 250-ді құрайтын елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету мәселелері сөз болады. Баяндамашы – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев. Отырысқа ішкі істер, қаржы, ұлттық экономика, ақпарат және қоғамдық даму, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім және ғалым, ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері шақылырған. Үкімет сағатына қатысатындардың арасында есеп комитеті, жоғарғы сот, ҰҚҚ шекара қызметі "Қазақтелеком" АҚ, "Қазпочта", "Транстелеком" компаниялары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мобильдік операторларының өкілдері мен Ақмола, Қарағанды облыстары әкімдерінің орынбасарлары бар (Мәжіліс үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 2. Байланыс телефондары: + 7 (7172) 74 63 03).

11.00 – Мейкатон TOM: NUR-SULTAN халықаралық әлеуметтік жобасы өтеді. TOM: NUR-SULTAN – 72 сағаттық марафон. Оған қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдету үшін құрал жасайды (Назарбаев университеті, блок С2. Байланыс телефоны: +7 701 977 00 67).

15.00 – Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес-климатты дамыту жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мадиев қатысады. Ол Қазақстанның Doing Business рейтингісі бойынша нешінші орында тұрғанын, еліміздегі бизнес климат жағдайы туралы баяндайды. Баспасөз мәслихаты PrimeMinister.kz сайты мен YouTube, Facebook, Twitter, "ВКонтакте" әлеуметтері желілеріндегі үкіметтің реси парақшасынан тікелей видео трансляция көрсетіледі (Қазақстан үкіметінің баспасөз орталығы, Мәңгілік ел даңғылы, 6).

29 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – "YNTYMAQ" орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы" РҚБ мен CITYLIFE халықаралық компаниясы арасында қарым-қатынас орнату жөнінде меморандумға қол қойылады. Шараға қатысушы спикерлер кәсіп одақтар мүшелерінің әлеуметтік пакетін жақсарту мақсатында қандай шаралар атқарып жатқанын айтады (Кәсіподақтар үйі, Абай көшесі, 38. Аккредитация +7 702 999 02 51, +7 775 898 90 79 телефондары немесе yntymaqprofsoyuz@gmail.com электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

14.00 – Halloween Day. Шараға қатысушылар "Монстрлар үйі" мультфильмін тамашалайды. Сондай-ақ арнайы кеш ұйымдастырылады (Қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3).

30 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – "Мемлекеттік-жекешелік әріпестік және ESG инвестициялау факторлары" тақырыбында бірінші рет инвестициялық форум өтеді. Форумда мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің мәселелері мен болашағы талқыға салынады. Шара 30 қазаннан 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді (Конгресс-орталық Астана, Сауран көшесі, 44. Аккредитация +7 (7172) 70 17 24, +7 701 701 34 50 телефондары және d.egizbaev@kzppp.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

19.00 – "Музицируем вместе" атты концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

19.00 – Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығына орай салтанатты концерт ұйымдастырылады. Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері қатысады ("Қазақстан" орталық концерт залы).

31 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Париж Богемасы" атты опера қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

19.00 – Әлемдегі итальян тілі апталағы аясында "Солистер академиясы" мемлекеттік оркестрінің концерті ұйымдастырылады. Концерттің дирижері – танымал маэстро Михаил Кирхгофф. Сондай-ақ сахнада танымал итальяндық пианиношы Giuliano Mazzoccante өнер көрсетеді. Өнер сүйер қауым Ференц Лист, Антон Брукнердің шығармаларымен таныса алады. Концерт Қазақстандағы Италия елшілігінің қолдауымен өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып