Аңдатпа

Қазақстанда 28 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

CC0 / Lukas / Мужчина показывает большой палец
Мужчина показывает большой палец - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 28 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 29-31 қазанға не жоспарланғанын біле аласыз

28 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Мәжілістегі үкімет сағаты: "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының жүзеге асуы, халық саны 250-ді құрайтын елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету мәселелері сөз болады. Баяндамашы – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев. Отырысқа ішкі істер, қаржы, ұлттық экономика, ақпарат және қоғамдық даму, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім және ғалым, ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері шақылырған. Үкімет сағатына қатысатындардың арасында есеп комитеті, жоғарғы сот, ҰҚҚ шекара қызметі "Қазақтелеком" АҚ, "Қазпочта", "Транстелеком" компаниялары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мобильдік операторларының өкілдері мен Ақмола, Қарағанды облыстары әкімдерінің орынбасарлары бар (Мәжіліс үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 2. Байланыс телефондары: + 7 (7172) 74 63 03).

11.00 – Мейкатон TOM: NUR-SULTAN халықаралық әлеуметтік жобасы өтеді. TOM: NUR-SULTAN – 72 сағаттық марафон. Оған қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдету үшін құрал жасайды (Назарбаев университеті, блок С2. Байланыс телефоны: +7 701 977 00 67).

15.00 – Қазақстандағы кәсіпкерлік және бизнес-климатты дамыту жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мадиев қатысады. Ол Қазақстанның Doing Business рейтингісі бойынша нешінші орында тұрғанын, еліміздегі бизнес климат жағдайы туралы баяндайды. Баспасөз мәслихаты PrimeMinister.kz сайты мен YouTube, Facebook, Twitter, "ВКонтакте" әлеуметтері желілеріндегі үкіметтің реси парақшасынан тікелей видео трансляция көрсетіледі (Қазақстан үкіметінің баспасөз орталығы, Мәңгілік ел даңғылы, 6).

16.20 – 2019 жылдың 9 айындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев. (Орталық коммуникациялар қызметі. Аккредитация: +7 (7172) 55 93 38 немесе sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы).

29 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – "YNTYMAQ" орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы" РҚБ мен CITYLIFE халықаралық компаниясы арасында қарым-қатынас орнату жөнінде меморандумға қол қойылады. Шараға қатысушы спикерлер кәсіп одақтар мүшелерінің әлеуметтік пакетін жақсарту мақсатында қандай шаралар атқарып жатқанын айтады (Кәсіподақтар үйі, Абай көшесі, 38. Аккредитация +7 702 999 02 51, +7 775 898 90 79 телефондары немесе yntymaqprofsoyuz@gmail.com электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

14.00 – Halloween Day. Шараға қатысушылар "Монстрлар үйі" мультфильмін тамашалайды. Сондай-ақ арнайы кеш ұйымдастырылады (Қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3).

30 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – "Мемлекеттік-жекешелік әріпестік және ESG инвестициялау факторлары" тақырыбында бірінші рет инвестициялық форум өтеді. Форумда мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің мәселелері мен болашағы талқыға салынады. Шара 30 қазаннан 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді (Конгресс-орталық Астана, Сауран көшесі, 44. Аккредитация +7 (7172) 70 17 24, +7 701 701 34 50 телефондары және d.egizbaev@kzppp.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

19.00 – "Музицируем вместе" атты концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

19.00 – Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығына орай салтанатты концерт ұйымдастырылады. Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері қатысады ("Қазақстан" орталық концерт залы).

31 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Париж Богемасы" атты опера қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

19.00 – Әлемдегі итальян тілі апталағы аясында "Солистер академиясы" мемлекеттік оркестрінің концерті ұйымдастырылады. Концерттің дирижері – танымал маэстро Михаил Кирхгофф. Сондай-ақ сахнада танымал итальяндық пианиношы Giuliano Mazzoccante өнер көрсетеді. Өнер сүйер қауым Ференц Лист, Антон Брукнердің шығармаларымен таныса алады. Концерт Қазақстандағы Италия елшілігінің қолдауымен өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0