13:58 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Астанадағы күз

Қазақстанда 29 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
74 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 29 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 30-31 қазан – 1 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

29 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – ҚР мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев пен ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін аралайды. Алдымен олар ядролық физика институтындағы инженерлік зертханада ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарының жетістіктерімен танысады. Кейін бас корпустағы "Күлтегін" атриумында маңызды ғылыми жобалар көпшіліктің назарына ұсынылады. Сондай-ақ мемлекет хатшы мен білім және ғылым министрі студенттерге қызмет көрсету орталығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Әдеп" жобалық офисінің жұмысымен танысады (ЕҰУ-нің бас корпусы, Сәтпаев көшесі, 2).

10.00 – Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық "Хакатон Social Assembly" атты жастар форумы өтеді. Шараның мақсаты жастарға креативті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Жастар форумына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚХА-ға мүшелері, студенттер, ҚХА жастар қанаты, кәсіпкерлер қауымдастығы, ғалымдар, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысады. Сондай-ақ шара аясында Nazarbayev University – Innovation Day атриумында стартап жобалар қойылады (Nazarbayev University, Қабанбай батыр көшесі, 53. Байланыс телефоны: +7 (747) 312 90 95).

11.00 – "YNTYMAQ" орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы" РҚБ мен CITYLIFE халықаралық компаниясы арасында қарым-қатынас орнату жөнінде меморандумға қол қойылады. Шараға қатысушы спикерлер кәсіп одақтар мүшелерінің әлеуметтік пакетін жақсарту мақсатында қандай шаралар атқарып жатқанын айтады (Кәсіподақтар үйі, Абай көшесі, 38. Аккредитация +7 702 999 02 51, +7 775 898 90 79 телефондары немесе yntymaqprofsoyuz@gmail.com электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

14.00 – Halloween Day. Шараға қатысушылар "Монстрлар үйі" мультфильмін тамашалайды. Сондай-ақ арнайы кеш ұйымдастырылады (Қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3).

15.00 – "Астана – Адалдық алаңы" жобасы аясында "Жолдардағы кешенді қауіпсіздік мәселесі" тақырыбында дөңгелес үстел ұйымдастырылады. Шараның модераторы – Нұр-Сұлтан қаласы әкісінің орынбасары, "Астана – Адалдық алаңы" жобасының кураторы Бақтияр Мәкен (Достық үйі, Момышұлы даңғылы, 24/9. Байланыс телефоны: +7 (707) 702 77 15).

16.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы өтеді. Отырыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері, "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы талқыға салынады. Үкімет отырысының тікелей видео трансляциясын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube желісіндегі үкіметтің ресми арнасынан, Facebook, Twitter, "ВКонтакте" әлеуметтік желілеріндегі үкіметтің ресми парақшаларынан көре аласыздар (Үкімет үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 6.)

17.00 – "Жұмсақ және қатты қағидалар. Эмоционалды интеллектінің даму негіздері" атты интерактивті оқулықтың тұсаукесері өтеді. Оқулық мектеп мұғалімдеріне, университет оқытушыларына, жоғары сынып оқушылары мен студенттерге, ата-аналарға арналған. Оқулықтың презентациясы интерактивті режимде өтеді. Шараға Колумбия университетінің (АҚШ) әлеуметтік жұмыстар жөніндегі магистрі Елена Норакидзе, білім беру саласының сарапшысы Марем Бузуртанова қатысады (Аккредитация +7 (701) 39 15 233 телефондары немесе kipr.org@gmail.com, joze@list.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ

10.00 –"II Орталық-Азиялық диалог: түрме халқының санын азайту және пробация қызметін дамыту" атты халықаралық конференция өтеді. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның депутаттары, түрме қызметінің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, Грузия, Ұлыбритания, Германия, Польшадан келген сарапшылар қатысады ("Қазақстан" қонақ үйі, Достық даңғылы, 52/2. Байланыс телефоны: +7 (775) 287 10 64).

19.00 – "Алтын қалам 2019" байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді (Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптарының музейі, Зенков көшесі, 24А. Аккредитация: +7 (701) 336 60 53).

30 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – "Мемлекеттік-жекешелік әріпестік және ESG инвестициялау факторлары" тақырыбында бірінші рет инвестициялық форум өтеді. Форумда мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің мәселелері мен болашағы талқыға салынады. Шара 30 қазаннан 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді (Конгресс-орталық Астана, Сауран көшесі, 44. Аккредитация +7 (7172) 70 17 24, +7 701 701 34 50 телефондары және d.egizbaev@kzppp.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

19.00 – "Музицируем вместе" атты концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

19.00 – Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығына орай салтанатты концерт ұйымдастырылады. Шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері қатысады ("Қазақстан" орталық концерт залы).

31 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – 5-ші рет оқушылар арасында робот техникасынан республикалық IITU Robocon Games чемпионаты өтеді. Онда Алматы, Нұр-Сұлтана, Қарағанды және Теміртаудан келген 30 команда өзара мықтыны анықтайды (Astana IT university, Мәңгілік ел даңғылы, С1. Аккредитация: +7 (775) 135 10 15).

10.00 – "PetroRetail" компаниясы пресс-тур ұйымдастырады. Компанияға "ҚазМұнайГаз"жанармай құю станциясы желілері тиесілі (Аккредитация +7 (701) 577 35 37 телефоны және press@petroretail.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

12.00 – "Ерлігі үшін" және "Әскери қызметке сіңірген еңбегі үшін" медальдары ауған соғысы ардагерлері Ж.К. Абдрахмановқа, К.А. Буралхиевке және Н.Г. Салиевке беріледі (Қазақстандағы Ресей Федерациясының елшілігі, Бараев көшесі, 4. Аккредитация: orekhova.press@yandex.ru, rfekz@mid.ru).

19.00 - "Париж Богемасы" атты опера қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі,1).

19.00 – Әлемдегі итальян тілі апталағы аясында "Солистер академиясы" мемлекеттік оркестрінің концерті ұйымдастырылады. Концерттің дирижері – танымал маэстро Михаил Кирхгофф. Сондай-ақ сахнада танымал итальяндық пианиношы Giuliano Mazzoccante өнер көрсетеді. Өнер сүйер қауым Ференц Лист, Антон Брукнердің шығармаларымен таныса алады. Концерт Қазақстандағы Италия елшілігінің қолдауымен өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы).

1 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Таганкадағы Мәскеу театры "Чайка" спектаклінің кино көрсетілімі (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры. Билеттердің бағасы кинотеатрда нақтылау қажет).

АЛМАТЫ

19.30 – Таганкадағы Мәскеу театры "Чайка" спектаклінің кино көрсетілімі (Kinopark 16 FORUM кинотеатры. Билеттердің бағасы кинотеатрда нақтылау қажет).

19.30 - 19.30 – Таганкадағы Мәскеу театры "Чайка" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Қазақстандағы Ресей елшілігінің қолдауымен (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры. Билеттердің бағасы кинотеатрда нақтылау қажет).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
оқиғалар, шаралар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып