13:50 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Нұр-Сұлтан, қала келбеті

Қазақстанда 31 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал Калиев.
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
74 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 31 қазанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 1 – 22 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

31 қазанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – 5-ші рет оқушылар арасында робот техникасынан республикалық IITU Robocon Games чемпионаты өтеді. Онда Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Теміртаудан келген 30 команда кім мықтыны анықтайды (Astana IT university, Мәңгілік ел даңғылы, С1. Аккредитация: +7 (775) 135 10 15).

09.30 – Bit'2019 халықаралық ІT форум өтеді (Radisson Hotel қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 4).

10.00 – "PetroRetail" компаниясы пресс-тур ұйымдастырады. Компанияға "ҚазМұнайГаз"жанармай құю станциясы желілері тиесілі (Аккредитация +7 (701) 577 35 37 телефоны және press@petroretail.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

10.00 – Қазақстандық суретші Ләззат Сержанның "Жарықтың жаңғыруы" атты көрмесі өтеді (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Байланыс телефоны: +7 702 314 86 10).

12.00 – "Ерлігі үшін" және "Әскери қызметке сіңірген еңбегі үшін" медальдары ауған соғысы ардагерлері Ж.К.Әбдірахмановқа, К.А. Буралхиевке және Н.Г. Салиевке беріледі (Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі, Бараев көшесі, 4. Аккредитация: orekhova.press@yandex.ru, rfekz@mid.ru).

12.00 – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында бірыңғай жиынтық төлем бағасын талқылау мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтеді ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, Мәңгілік ел даңғылы, 10. Аккредитация press_mtszn@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

15.00 – "Халықты және комунналдық секторды көмірмен қамтамасыз ету" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов, көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов, ҚР ҰЭМ бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Әлжан қатысады (Үкіметтің баспасөз орталығы.  Аккредитация +7 (7172) 75 00 10, 74 58 39 телефондары және press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

19.00 - "Париж Богемасы" атты опера қойылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – Әлемдегі итальян тілі апталығы аясында "Солистер академиясы" мемлекеттік оркестрінің концерті ұйымдастырылады. Концерттің дирижері – танымал маэстро Михаил Кирхгофф. Сондай-ақ сахнада танымал итальяндық пианиношы Giuliano Mazzoccante өнер көрсетеді. Өнер сүйер қауым Ференц Лист, Антон Брукнердің шығармаларымен таныса алады. Концерт Италияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы).

1 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 - Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаевтың қатысуымен табиғи монополиялар субъектілерінің тариф белгілеудегі ашықтығы туралы халықпен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету бойынша баспасөз конференциясы. (Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Б114 кабинеті. Аккредитация +7 (7172) 74 17 38, +7 701 556 12 95 немесе kremzkpp.gov@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады).

18.00 – "Прыжок в свободу" балетінің қойылымы ("Астана балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 778 347 88 01).

19.00 – "Мамандық елшілігі" концерті. Шопен, Чайковский, Лист, Шостакович, Рахманиновтердің туындылары шырқалады. Іс-шара Россотрудничествоның Қазақстан Республикасындағы өкілдігі мен Санкт-Петербург музыка үйінің қолдауымен өткізіледі. (ҚазҰӨУ орган залы, Жеңіс даңғылы, 33. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 44 23)

19.30 – Таганкадағы Мәскеу театры "Чайка" спектаклінің кино көрсетілімі (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

09.00 – Халықаралық XI КАРМ 2019 конгресі өтеді (Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығы) Шараға Қазақстан, Ресей, АҚШ-тың дәрігерлері қатысады. Конгресс аясында симпозиум, шеберлік сыныптар өткізіледі. Конференцияның басты тақырыбы: Бедеулік. Заманауи диагностика принциптері мен емдеу жолдары, "Жүктілік және босану", "Андрология. Ерлер арасындағы бедеуліктің диагностикасы және емдеу жолдары", "Криоконсервация және репродуктивті материалды сақтау", "Гамет және эмбрион донорлығы. Суррогат ана болу" және тағы басқа мәселелер талқыға салынады (Rixos Almaty қонақ үйі, Сейфуллин даңғылы, 506/99).

19.30 – Таганкадағы Мәскеу театры "Чайка" спектаклінің кино көрсетілімі (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Таганкадағы Мәскеу театры "Чайка" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Қазақстандағы Ресей елшілігінің қолдауымен (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

2 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – Мәскеу циркі "Экстрим" шоу-бағдарламасының премьерасы өткізеді (Астаналық цирк, Қабанбай батыр даңғылы, 5)

18.00 – "Голливуд планетасы ". Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының үрлемелі оркестрі XIX концерттік маусымы. Концертте "Звездные войны", "Назад в будущее", "Аватар", "Матрица", "Код Да Винчи", "Список Шиндлера", "Алладин", "Миссия невыполнима" сынды танымал голливуд саундтректерінің әуендері ойналады ("Астана" концерт залы, Кенесары көшесі, 32. Байланыс телефон: +7 702 947 80 53).

19.00 – Runway Show Kazakhstan атты танымал қазақстандық дизайнерлердің жыл сайынғы сән көрсетілімі өтеді (Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Байланыс телефондары: +7 778 328 88 84).

5 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

08.30 - KazOil2019 атты III Халықаралық конференция (Rixos President қонақ үйі, Қонаев көшесі, 7Д. Байланыс телефоны: +7 701 588 5497).

АЛМАТЫ

18.00 – Еуропа кинофестивалі - 2019.  Биыл Еуроодақтың 16 фильмі көрсетіледі. ( Chaplin Cinema кинотеатры, "Mega Park" сауда орталығы, Мақатаев көшесі 127/1. Байланыс телефоны: + 7 701 940 00 86).

7 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - SuluExpo-2019 мамандырылған сұлулық көрмесі. Шара 18-ші рет өтетін болады. ("Көрме" орталығы, Достық көшесі, 3).

АЛМАТЫ

"Уран өндірісінің өзекті мәселелері" атты IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. Ұйымдастырушысы – "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы. Осы жолы конференцияға атом өндірісі саласындағы кәсіпорындар мен компаниялардың 150 жетекшісі, ғалымдар мен сарапшы мамандар қатысуға ниет білдірді. ("Достық" қонақ үйі, Құрманғазы көшесі, 36).

8 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Петр Чайковский атындағы Пермь опера және балет театрының "Патша қалыңдығы" атты спектаклінің кино көрсетілімі. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

19.30 – Петр Чайковский атындағы Пермь опера және балет театрының "Патша қалыңдығы" атты спектаклінің кино көрсетілімі. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

9 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Mangilik El Dayysy музыкалык шоу. Қазақстанның танымал әншілері – Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim&Artur, Мәдина Сәдуақасова, Ерболат Кұдайберген және ORDA тобы бір сахнада өнер көрсетеді. ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел, 10/1. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

11 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11-12 қараша – "Астана Клубы" отырысы 5-рет ұйымдастырылады. Шарада өңірдегі геосаясат және қауіпсіздік, әлемдік деңгейдегі мәселелер талқыға салынады. Бесінші отырыстың тақырыбы – "Үлкен Евразия: ғаламдық байланыс орнату жолындағы жаңа архитектура" (Назарбаев орталығы, Бөкейханов көшесі, 10. Аккредитация media@astanaclub.kz электронды поштасы немесе +7 702 888 31 38 (Ақсұлу Санғали), +7 775 742 69 29 (Әсел Ибраева) телефондары арқылы жасалады).

12 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 –"Байқоңыр – әлемдің космонавтиканың бесігі – 2019" халықаралық форумы. Биыл осы шараға 400-ден астам адам қатысады. Олардың ішінде ғарыш саласындағы әлемдік компаниялар, танымал ғалымдар мен сарапшылар бар. (ЭКСПО Конгресс орталығы, Сауран көшесі, 44. Аккредитация kazspace_astana@mail.ru электронды поштасы немесе +7 747 215 28 66 телефоны арқылы жасалады).

15 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

22 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектілінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектілінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектілінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып