02:50 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Астана көрінісі

Қазақстанда 7 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 7 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 8-22 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

7 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қазақстан парламенті сенатының отырысы. Күн тәртібіне мынадай мәселелер ұсынылады: "Қазақстан мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасы, "1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы (бірінші оқылым). (Сенаттың отырыс залы. Аккредитация бойынша 747240, 747227 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады).

10.00 – "Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбына арналған семинар. Семинардың мақсаты – өндірісте қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз ету мәселесінде мемлекеттік органдар, бизнес пен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін жұмылдыру . ("Пекин Палас" қонақ үйі, Сығанақ көшесі, 27. Аккредитация бойынша +7 7172 74 35 00 нөміріне хабарласуға болады).

10.00 – SuluExpo-2019 мамандандырылған сұлулық көрмесі. Шара 18-ші рет өтеді ("Көрме" орталығы, Достық көшесі, 3).

11.00 – өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелері бойынша үкіметтік түзетулердің презентациясы. Баяндамашы – индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі – мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова. (Парламент мәжілісі, Мәңгілік ел даңғылы, 2. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 63 05).

15.00 – жазушы-драматург Жабал Ерғалиевпен кездесу өтеді (Елбасының музей-кітапханасы, Бейбітшілік көшесі, 11).

17.00 – "Ақын және оның музасы" атты әдеби-театрландырылған кеш. Қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған. (Назарбаев университеті, блок С2. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 61 73; 70 57 09).

АЛМАТЫ

"Уран өндірісінің өзекті мәселелері" атты IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Ұйымдастырушысы – "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы. Осы жолы конференцияға атом өндірісі саласындағы кәсіпорындар мен компаниялардың 150 жетекшісі, ғалымдар мен сарапшы мамандар қатысуға ниет білдірді. ("Достық" қонақ үйі, Құрманғазы көшесі, 36).

8 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Петр Чайковский атындағы Пермь опера және балет театрының "Патша қалыңдығы" атты спектаклінің кино көрсетілімі. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

19.30 – Петр Чайковский атындағы Пермь опера және балет театрының "Патша қалыңдығы" атты спектаклінің кино көрсетілімі. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Петр Чайковский атындағы Пермь опера және балет театрының "Патша қалыңдығы" атты спектаклінің кино көрсетілімі. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

9 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Mangilik El Dayysy музыкалық шоуы. Қазақстанның танымал әншілері – Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim&Artur, Мәдина Сәдуақасова, Ерболат Кұдайберген және ORDA тобы бір сахнада өнер көрсетеді. ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел, 10/1. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

АЛМАТЫ

09.00 – Күзгі жүгіру. Оған шамамен 1 200 адам қатысуға ниет білдірді. Жүгіру кезінде 3 дистанция болады:

11 шақырым (жүгіру): 15 жастан жоғары қатысушылар үшін;

11 шақырым (скандинав жүрісі): 15 жастан жоғары қатысушылар үшін;

3 км (балалар дистанциясы): 10-14 жас аралығындағы қатысушылар үшін.

Күзгі жүгіру қант диабетімен күресудің Дүниежүзілік күні аясында ұйымдастырылады. (Сайран көлі. Байланыс телефоны: +7 701 705 15 00).

10 қарашаға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 –  "Onege" республикалық отбасылық форумы. Жиын қатысушылары Алматының жетекші психологтарынан, әлеуметтік кәсіпкерлерден, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерінен құнды ақпарат ала алады. Дискуссия алаңдарында бала тәрбиесі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, инклюзивті отбасы, қиын жағдайда қалған отбасы және тағы басқа тақырыптар талқыланады  ("Қазақстан" қонақ үйі, Достық даңғылы, 52/2. Байланыс телефоны +7 701 727 22 27 ).

11 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11-12 қараша – "Астана Клубы" отырысы 5-рет ұйымдастырылады. Шарада өңірдегі геосаясат және қауіпсіздік, әлемдік деңгейдегі мәселелер талқыға салынады. Бесінші отырыстың тақырыбы – "Үлкен Евразия: ғаламдық байланыс орнату жолындағы жаңа архитектура" (Назарбаев орталығы, Бөкейханов көшесі, 10. Аккредитация media@astanaclub.kz электронды поштасы немесе +7 702 888 31 38 (Ақсұлу Санғали), +7 775 742 69 29 (Әсел Ибраева) телефондары арқылы жасалады).

12 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 –"Байқоңыр – әлемдік космонавтиканың бесігі – 2019" халықаралық форумы. Биыл осы шараға 400-ден астам адам қатысады. Олардың ішінде ғарыш саласындағы әлемдік компаниялар, танымал ғалымдар мен сарапшылар бар. (ЭКСПО Конгресс орталығы, Сауран көшесі, 44. Аккредитация kazspace_astana@mail.ru электронды поштасы немесе +7 747 215 28 66 телефоны арқылы жасалады).

ШЫМКЕНТ

09.30 – 9-шы Орталық Азия сауда форумы. Бұл өңірлік сауданың дамуына жәрдемдесетін жыл сайынғы ірі шаралардың бірі. Форум аясында жеміс-жидек пен көкөніс секторындағы инвестициялық және инновациялық тәсілдер қаралады. Жиынға Орталық және Оңтүстік Азиядан, Еуропа мен АҚШ-тан мемлекеттік сектор өкілдері мен салалық сарапшылар, компания басшылары қатысады деп жоспарланып отыр. (Rixos Khadisha қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 701 555 36 36).

15 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

16 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 - "Beautiful Korea. Dynamic Busan" атты кәріс халқының дәстүрлі өнер концерті. Ұйымдастырушы: Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы кәріс мәдениет орталығы. ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

22 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектілінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

21.00 – заманауи панкратионнан әлем чемпионаты. Чемпионат Жастар жылын қолдау аясында Assenov Fight версиясы бойынша ұйымдастырылған. (Астана Циркі, Қабанбай батыр, 5. Байланыс телефоны: +7 705 463 89 77).

АЛМАТЫ

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектілінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектілінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
қараша, шаралар
Загрузка...

Басты тақырып