Аңдатпа

Қазақстанда 8 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевВиды города, Нур-Султан
Виды города, Нур-Султан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 8 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 9 – 22 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

8 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10:00 – "Латын графикасы негізіндегі жаңа әліпби жобалары" атты ұлттық комиссия жанынан құрылған орфографиялық және әдістемелік жұмыс топтарының біріккен семинар кеңесі өтеді. Шараны ҚР мәдениет және спорт министрлігі тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады. Оған мәдениет және спорт вице–министрі Нұрғиса Дәуешов, тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов, "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов, парламент мәжілісінің депутаттары  және офографиялық, әдістемелік жұмыс тобының мүшелері мен сарапшы ғалымдары, әрі талқыланатын әліпби жобаларының авторлары А.Байқадам, Ж.Темірғали, Қ.Ванов және Қ.Нұрбай қатысады. Семинарда қазақ жазуының орфографиялық принциптеріне сүйене отырып ұсынылған жобалардың артықшылықтары мен кемшіліктері сараланып, қорытынды жасалады (Керей және Жәнібек хандар көшесі, 18 "Royal park" қонақүйі, "Сопарно" конференция залы. Байланыс телефондары: +7 (7172) 273043, +7 775 028 06 73).

11.00 - "AR мен VR: болашақ мамандықты қалай және қай жерде меңгеруге болады?" тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Шара барысында виртуалды технологиялар саласындағы бірнеше жоба таныстырылады. Баспаөз мәслихаты "Россия сегодня" халықаралық ақпараттық агенттігінің білім беру жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. ( Sputnik Қазақстанның мультимедиялық баспасөз орталығы, Қонаев көшесі, 12/1, ВП-35, Сулы-нулы бульвар, "Бәйтерек" монументі жақтағы кіреберіс), P1 қабат. Байланыс телефоны: +7 (701) 512 08 15, e-mail: a.sultanova@sputniknews.com).

11.00 – "Nur Otan" партиясының республикалық қабылдау бөлмесінде ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев халықты қабылдайды. (Байланыс телефоны: +7 707 552 59 44, электронды пошта - press@nurotan.kz).

15.00 – Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау бойынша #ItsAllAboutAbility ақпараттық науқанының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Аталаған шара 10 қарашада басталады. Ол күні ерекше қажеттіліктері бар балалар "Астана" және "Ертіс" командалары арасындағы футбол матчына қатысады. Балалар екі команданың ойыншыларын алаңға шығарады. Нұр-Сұлтан қаласының көшелері мен сауда орталықтарында балалардың құқықтарын сақтауға шақыратын көрнекі материалдар орналастыру жоспарлануда. Ал 20 қарашада "Samruk-Kazyna Trust" қоры "Замандас" аула клубтарындағы балалармен бірге Өзін-өзі басқару күнін өткізеді. Бұл шара аясында балалар өздерін кеңсе қызметкерлері рөлінде сынап көреді. (Брифинг Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өтеді. Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Қонаев көшесі, 12/1, ВП-35, (Нұрлы жол бульвары, Бәйтерек монументі жағынан кіру), P1-ші қабат. Аккредитация + 7-705-107-98-40 телефоны мен a.sultanova@sputniknews.com электронды пошта арқылы жасалады).

15.00 – автокөлікті техникалық тексеру мәселелеріне арналған брифинг (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің медиа-орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1. Аккредитация 241704@bk.ru электронды поштасы арқылы жасалады)

19.30 – Петр Чайковский атындағы Пермь опера және балет театрының "Патша қалыңдығы" атты спектаклінің кино көрсетілімі. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

19:00- Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері, профессор, дирижер Айтқали Жайымовтың "Еркін елім" атты шығармашылық кеші өтеді.  Оған Б.Ысқақ, А.Үлкенбаева, А.Қосанова, Б.Мықтыбаев, Х.Қапизов, Т.Хайралиев, Ә.Рахымжан, А.Жайым, А.Әбілда, Ш.Тыныштық сынды өнер майталмандары қатысады (Өтетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, "QURMANGAZY ORKESTRI" концерт залы).

19.30 – Петр Чайковский атындағы Пермь опера және балет театрының "Патша қалыңдығы" атты спектаклінің кино көрсетілімі. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Петр Чайковский атындағы Пермь опера және балет театрының "Патша қалыңдығы" атты спектаклінің кино көрсетілімі. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

15.00 – "Қазақстан құрылысшыларының одағы" РЗТБ бөлімшесінің ашылуы. Осы шараға одақ төрағасы Талғат Ерғалиев қатысады. Шара кезінде құрылыс саласын дамыту мәселелері талқыланады. (Бизнес орталығы, Ермеков көшесі, 29. Байланыс телефоны: +7 707 310 53 58).

9 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Mangilik El Dayysy музыкалық шоуы. Қазақстанның танымал әншілері – Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim&Artur, Мәдина Сәдуақасова, Ерболат Кұдайберген және ORDA тобы бір сахнада өнер көрсетеді. ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел, 10/1. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

АЛМАТЫ

 09.00 – Күзгі жүгіру. Оған шамамен 1 200 адам қатысуға ниет білдірді. Жүгіру кезінде 3 дистанция болады:

  • 11 шақырым (жүгіру): 15 жастан жоғары қатысушылар үшін;
  • 11 шақырым (скандинав жүрісі): 15 жастан жоғары қатысушылар үшін;
  • 3 км (балалар дистанциясы): 10-14 жас аралығындағы қатысушылар үшін.

Күзгі жүгіру қант диабетімен күресудің Дүниежүзілік күні аясында ұйымдастырылады. (Сайран көлі. Байланыс телефоны: +7 701 705 15 00).

10.00 – Almaty Roboman робототехникадан III турнир. Іріктеу турларына 217 команда қатысты. Олардың ішінде Алматы, Қостанай мен Жамбыл облыстарынан 300-ден астам мектеп оқушысы, колледж бен университет студенті бар ( Event-zone IT-квартал Tech Garden, Жібек Жолы даңғылы 135/10а. Байланыс телефоны: +7 913 774 38 85)

10 қарашаға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 - "Onege" республикалық отбасылар форумы. Шара барысында отбасы мәселесі бойынша кәсіби мамандар кеңес береді. Бұдан бөлек, бала тәрбиесі, мектептегі буллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылық және тағы басқа отбасылық проблемалар жан-жақты талқыланады. ("Қазақстан" қонақ үйі, Достық даңғылы, 52/2. Байланыс телефоны: +7 701 727 22 27 ).

11 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11-12 қараша – "Астана Клубы" отырысы 5-рет ұйымдастырылады. Шарада өңірдегі геосаясат және қауіпсіздік, әлемдік деңгейдегі мәселелер талқыға салынады. Бесінші отырыстың тақырыбы – "Үлкен Евразия: ғаламдық байланыс орнату жолындағы жаңа архитектура" (Назарбаев орталығы, Бөкейханов көшесі, 10. Аккредитация media@astanaclub.kz электронды поштасы немесе +7 702 888 31 38 (Ақсұлу Санғали), +7 775 742 69 29 (Әсел Ибраева) телефондары арқылы жасалады).

12 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 - Орталық Азиядағы радикализация мен теріс ақпарат таратуға арналған жобаның таныстырылымы. Осы жобаны Европалық одақ қаржыландырып отыр. Internews іске асырды.  ("Park Inn by Radisson" қонақ үйі, Сарыарқа даңғыбы, 8А. Аккредитация +7 702 937 7477 телефоны арқылы жасалады).

10.00 –"Байқоңыр – әлемдік космонавтиканың бесігі – 2019" халықаралық форумы. Биыл осы шараға 400-ден астам адам қатысады. Олардың ішінде ғарыш саласындағы әлемдік компаниялар, танымал ғалымдар мен сарапшылар бар. (ЭКСПО Конгресс орталығы, Сауран көшесі, 44. Аккредитация kazspace_astana@mail.ru электронды поштасы немесе +7 747 215 28 66 телефоны арқылы жасалады).

ШЫМКЕНТ

09.30 – 9-шы Орталық Азия сауда форумы. Халықаралық шараға Орталық және Оңтүстік Азия, Еуропа мен АҚШ-тың ірі компаниялары, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қатысады. (Rixos Khadisha қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 701 555 36 36).

15 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

16 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 - "Beautiful Korea. Dynamic Busan" атты кәріс халқының дәстүрлі өнер концерті. Ұйымдастырушы: Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы кәріс мәдениет орталығы. ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

22 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектілінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

21.00 – заманауи панкратионнан әлем чемпионаты. Чемпионат Жастар жылын қолдау аясында Assenov Fight версиясы бойынша ұйымдастырылған (Астана Циркі, Қабанбай батыр, 5. Байланыс телефоны: +7 705 463 89 77).

АЛМАТЫ

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектілінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектілінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0