Аңдатпа

Қазақстанда 10 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 10 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 11 – 22 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

10 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17:30 –  "Nazar" тобы "Қазақ қыздары" деген атаумен алғашқы концертін береді. ("Qazaqstan" орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы,10/1, телефон: +7 (7172) 70 53 31, +7 701 820 97 90, email: info@qazaqconcert.kz).

АЛМАТЫ

10.00 – "Талантты жұлдыздар фестивалі 2019" республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған байқау-фестиваль (Республикалық корей музыкалық комедия театры, Папанин көшесі, 701. Байланыс телефоны: +7 707 283 55 77).

11.00 - "Onege" республикалық отбасылар форумы. Шара барысында отбасы мәселесі бойынша кәсіби мамандар кеңес береді. Бұдан бөлек, бала тәрбиесі, мектептегі буллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылық және тағы басқа отбасылық проблемалар жан-жақты талқыланады("Қазақстан" қонақ үйі, Достық даңғылы, 52/2. Байланыс телефоны: +7 701 727 22 27).

11 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – "Ел Тірегі – 2019" жастар акциясы өтеді. Шараға ҚР қорғаныс министрлігі, ұлттық ұлан, ҚР ҰҚК шекара қызметі, мемлекеттік күзет қызметінің басшылығы, Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары, Ұлы отан соғысы және қарулы күш құрылымдарының ардагерлері, әскерге шақырылған жастардың туған-туыстары мен ата-аналары қатысады. Биыл Нұр-Сұлтан қаласынан 800-ден астам жас отан алдындағы борышын өтеу үшін түрлі өңірлерге аттанады ("Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс-холл). Байланыс телефондары: +7 707 30 44 200).

12.20 – 5-рет ұйымдастырылатын "Астана Клубы" отырысына орай баспасөз мәслихаты өтеді. Форумның тақырыбы – "Үлкен Евразия: ғаламдық байланыс орнату жолындағы жаңа архитектура". Отырысқа әлемнің 30-дан астам елінен келген беделді саясаткерлер, дипломаттар, бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, экс-министрлер, халықаралық ұйымдардың бас хатшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары мен геосаясат саласындағы беделді сарапшылар қатысады (Назарбаев орталығы, Бөкейханов көшесі, 10. Аккредитация : +7 701 887 83 26, +7 702 667 07 00 телефондары арқылы жүргізіледі).

17.00 – 11-12 қараша – "Астана Клубы" отырысы 5-рет өтеді. Шарада өңірдегі геосаясат және қауіпсіздік, әлемдік деңгейдегі мәселелер талқыға салынады. Бесінші отырыстың тақырыбы – "Үлкен Евразия: ғаламдық байланыс орнату жолындағы жаңа архитектура" (Назарбаев орталығы, Бөкейханов көшесі, 10. Аккредитация media@astanaclub.kz электронды поштасы немесе +7 702 888 31 38 (Ақсұлу Санғали), +7 775 742 69 29 (Әсел Ибраева) телефондары арқылы жасалады).

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

09.30 – ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барады. Сапар барысында кәсіподақтар федерациясының төрағасы Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Маңғыстау облысының әкімі Серік Тұрымовпен кездеседі. Сондай-ақ қос тарап өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ (Ақтау, Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкентану музейі. Байланыс телефоны: +7 701 125 49 11).

12 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан кәсіпорындары Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР) GLP зертханасының стандарттарын енгізуге байланысты семинар өтеді. Оған беделді сарапшылар қатысады. Оның ішінде ОЭСР (Франция) GLP бағдарламасының жетекшісі Ричард Сигман, Ресей ұлттық медициналық университетінің GLP зерттеу орталығы жетекшісінің орынбасары Аркадий Мурашев бар (Hilton Astana қонақ үйі, Сауран көшесі, 46. Аккредитация n.sandybekova@nca.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

09.30 – "Орталық Азиядағы радикализация мен теріс ақпарат таратуға орнықтылықты күшейту" жобасының таныстырылымы. Бұл жобаны Еуропалық одақ қаржыландырады ("Park Inn by Radisson" қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8А. Аккредитация: +7 702 937 7477).

10.00 – "Байқоңыр – әлемдік космонавтиканың бесігі-2019" халықаралық форумы. Биыл бұл шараға 400-ден астам адам қатысады. Олардың ішінде ғарыш саласындағы әлемдік компаниялар, танымал ғалымдар мен сарапшылар бар. (ЭКСПО Конгресс орталығы, Сауран көшесі, 44. Аккредитация kazspace_astana@mail.ru электронды поштасы немесе +7 747 215 28 66 телефоны арқылы жасалады).

11.00 – Ұлттық валюта және қаржыгерлер күніне орай "Теңге – тәуелсіздік символы" атты көрме өтеді. Онда 1923-1937 жылдары мемлекеттік жинақ кассасы қалай жұмыс істегені, ұлттың валютаның қалай қолданысқа енгені және алғашқы банкнот пен монетаның дизайні қалай жасалғаны туралы тың деректер қойылады. Сондай-ақ көрмеде антиквар-нумизмат Рашит Әбдіразақов пен Әрсен Сексенбаев жеке коллекциялары қойылады (Мемлекеттік архив, Қалдаяқов көшесі, 13. Байланыс телефоны: +7 775 094 42 76).

ШЫМКЕНТ

09.30 – 9-шы Орталық Азия сауда форумы. Халықаралық шараға Орталық және Оңтүстік Азия, Еуропа мен АҚШ-тың ірі компаниялары, мемлекеттік органдар мен сарапшылар қатысады. (Rixos Khadisha қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 701 555 36 36).

15 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

16 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 - "Beautiful Korea. Dynamic Busan" атты кәріс халқының дәстүрлі өнер концерті. Ұйымдастырушы: Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы кәріс мәдениет орталығы. ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

20 қарашаға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Танымал италиялық "LA SCALA" театры жұлдыздарының қатысумен гала-концерт өтеді. Концерттің бағдарламасында Дж. Вердидің "Травиата", "Риголетто", "Трубадур", Ж. Бизедің "Кармен", Дж. Пуччининің "Қайғы", "Богема", Г. Доницеттидің "Махаббат сусыны", В. Моцарттың "Дон Жуан", Чайковскогодің "Евгений Онегин" операсы қойылып, танымал италиялық әндер орындалады (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры).

22 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

21.00 – Заманауи панкратионнан әлем чемпионаты. Чемпионат жастар жылын қолдау аясында Assenov Fight версиясы бойынша ұйымдастырылады (Астана циркі, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 705 463 89 77).

АЛМАТЫ

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0