Аңдатпа

Қазақстанда 14 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуИнформационные брошюры о профилактике ВИЧ
Информационные брошюры о профилактике ВИЧ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 14 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 15 – 22 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

14 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – 2020-2024 жылдарға арналған Қазақстандағы мал шаруашылығын тұрақты дамыту тақырыбында қоғамдық консультациялар өтеді. Қазақстан үкіметінің тапсырысы бойынша дүниежүзілік банктің бір топ маманы бұл бағдарламаны дайындау үшін ҚР ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп жұмыс істеуде. Шараға ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі, дүниежүзілік банк, Азия даму банкінің өкілдері қатысады ("Гранд Парк Есіл" қонақ үйі, Бейбітшілік көшесі, 8. Байланыс телефондары: + 7 (7172) 69 14 49).

09.00 – Халықаралық сауда статистикасы тақырыбында халықаралық семинар өтеді. Жиында ЕЭОА мәселелері талқыса салынады (Park Inn Hotel Astana қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 8. Байланыс телефоны: +7 (701) 222 60 16).

10.00 – "Халықтың діни сауатын арттыру мәселесі жөніндегі ақпараттық-насихат жұмыстарының тиімділігі" тақырыбында екі күндік семинары өтеді. Шараны ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитеті ұйымдастырады ("Қазмедиа орталығы", Қонаев көшесі, 4. Аккредитация kdr.rk@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі)

10.00 – Дүниежүзілік СПИД/ВИЧ-ке қарсы күреске арналған акция өтеді. Шара "Қауымдастықтардың маңызды рөлі" ұранымен өтеді. Оған барлық қала тұрғыны қатысуға мүмкіндігі бар. Акцияға қатысушылар экспресс сынама тапсырып, СПИД/ВИЧ-ке тексеріле алады (Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай. Аккредитация +7 (7172)38 04 71, +7 (701) 933 66 96 телефондары және zhanna_33383@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

10.30 – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті отырысы өтеді. Жиында республикалық бюджеттен Қостанай облысына бөлінген қаржыны игеру мәселесі талқыға салынады (Министрліктер үйі, 10 кіреберіс, 1 қабат, есеп комитетінің залы. Аккредитация: +7 (7172) 70 69 86, +7 (701) 255 94 79).

12:20 –ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде мемлекет басшысының жолдауын іске асыру аясында Павлодар облысының 2019 жылдың 9 айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қатысады ("Қазмедиа орталығы", Қонаев көшесі, 4. Аккредитация +7 (7172) 55-93-38 және sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

15.00 – "Қазақстандағы инклюзивті қоғамды қалыптастыру жолы" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Шараны "Шырақ" мүгедек әйелдер қауымдастығы ұйымдастырады (Сыртқы істер министрлігі. Аккредитация + 7 (705) 299 21 73, +7 (777) 281 00 99 телефондары және ye.sagynbekov@mfa.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

18.30 – Қазақстандық суретші Лейла Махаттың жеке көрмесі өтеді. Шарада суретшінің "Көз тимесін" (Оберег), Woman in Art атты туындылары мен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа арналған картиналар қойылады (ForteBank Kulanshi Art Space ғимараты, Достық көшесі, 8/1).

АЛМАТЫ

10.00 – ТМД елдері сейсмикалық төзімді құрылыс саласындағы ұйымдардың бірінші отырысы өтеді (Shera Inn Hotel қонақ үйі, Қажымұқан көшесі, 49. Аккредитация + 7 (727) 226 94 10 (ішкі 133) телефоны және pr@kazniisa.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

11.00 – ТТ (Think Tank Club Aspandau) пікірталас клубы аясындағы сарапшылар отырысы. Тақырыбы: "Зейнетақы реформасы: табыс немесе күйреу?". Спикерлер: экономист, Visor Kazakhstan басқарушы серіктесі Алмас Чукин, кәсіпкер, "Қазкоммерцбанк" АҚ бұрынғы басқарушы директоры және Deloitte & Touche серіктесі Бейбіт Апсенбетов, "SKYBRIDGE INVEST" АҚ басқарма төрағасы Шолпан Айнабаева (Almaty қонақ үйі, Қабанбай батыр көшесі, 85. Байланыс телефоны: +7 (727) 327 10 05, +7 707 327 10 01).

11.00 – Спорт индустриясы тақырыбында халықаралық көрме өтеді ("Атакент" орталығы, Байланыс телефондары: +7 (727) 266 36 80).

15 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17:00 – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Нины Терещенконың "Мифы и сказки в образах и красках" тақырыбында жеке көрмесі. Көрме Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында ұйымдастырылады. Шара 2019 жылдың 15-29 қарашасы аралығында өтеді. Көрмеге кіру тегін (Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефондары: +7 (7172) 32 05 15, +7 (701) 367 55 83, +7 (777) 118 32 64).

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

АЛМАТЫ

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Максим Горький атындағы МХАТ, "Отцы и дети" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

16 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 - "Beautiful Korea. Dynamic Busan" атты кәріс халқының дәстүрлі өнер концерті. Ұйымдастырушы: Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы кәріс мәдениет орталығы. ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

17 қарашаға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 –KotoPes Fest фестивалі. Шара аясында түрлі мастер-кластар, байқаулар, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ фестивальде әртістер өнер көрсетеді, әрі шараға қатысушылар мысықтарды көре алады. Фестифальден жиналған қаржы мысықтарды емдеп асырауға жұмсалады (Grand Park (Гранд Парк) сауда кешені, Қабдолов көшесі, 1/4).

18 қарашаға жоспарланған шаралар

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

10.00 – "Көкшетау Жылу" және "Көкшетау Су Арнасы" кәсіпорындарына пресс-тур ұйымдастырылады. "Көкшетау Жылу" кәсіпорнына пресс-тур таңғы сағат 10:00-де басталады (Пресс-турға қатысушылар Северная промзона көшесі, ЖБИ ауданында таңғы сағат 09.30-да болуы керек). Ал "Көкшетау Су Арнасы" кәсіпорнына пресс-тур сағат 11:30-да өтеді (Байланыс телефондары: +7 (7162) 50 43 63, +7 (702) 148 14 81).

20 қарашаға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Танымал италиялық "LA SCALA" театры жұлдыздарының қатысумен гала-концерт өтеді. Концерттің бағдарламасында Дж. Вердидің "Травиата", "Риголетто", "Трубадур", Ж. Бизедің "Кармен", Дж. Пуччининің "Қайғы", "Богема", Г. Доницеттидің "Махаббат сусыны", В. Моцарттың "Дон Жуан", Чайковскогодің "Евгений Онегин" операсы қойылып, танымал италиялық әндер орындалады (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры).

22 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

21.00 – Заманауи панкратионнан әлем чемпионаты. Чемпионат жастар жылын қолдау аясында Assenov Fight версиясы бойынша ұйымдастырылады (Астана циркі, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 705 463 89 77).

АЛМАТЫ

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0