08:23 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Корей биі

Қазақстанда 16 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Photo : СС0 / echxanh102
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
451 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 16 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 17 – 28 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

16 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.30 –"Әр үйдегі өрт қауіпсіздігі" кең ауқымды акциясы. Бұл акцияның мақсаты – аулаларды аралап шығу, елорданың жеке тұрғын үй секторында өрттің алдын алу бойынша ашық қабылдау өткізу. Іс-шараға мемлекеттік органдар – полиция, Ұлттық ұлан, әкімдік өкілдері, Қызыл Жарты ай еріктілері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар комитеті мен елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 500-ге жуық адам қатысады. (Жиналу орны: Бөгенбай батыр көшесі, 4 (СПЧ-5), байланыс телефондары (7172) 60 09 75, 60 21 40, 55 96 60, 8 (702) 142 84 44, ps@emer.kz). 

11.00 – World Prematurity Day қайырымдылық көрмесінің ашылуы. Көрме Халықаралық шала туған нәрестелер күніне арналған. Көрменің мақсаты – көрермендерге фотосуреттер арқылы салмағы 500 грамнан асқан балалар туралы айту, сонымен қатар неонатолог дәрігерлердің, медбикелер мен "28 петель" клубы қоғамдық қоры мүшелерінің жұмысын көрсету. Суретші – Салават Нұрғожаев. (MEGA Silk Way, Қабанбай батыр даңғылы, 62. Байланыс телефондары: 7 (775) 216 16 54, 7 (702) 429 60 63, 7 (777) 355 95 53).

13.00 – "Дала қырандары" атты жаңа телехикаяның алдын ала көрсетілімі. Шараға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, "Хабар" агенттігі АҚ басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин, сондай-ақ, актерлер мен жоба ұйымдастырушылары қатысады. (Республика даңғылы, 2, Қорғаныс күштерінің ұлттық әскери-патриоттық орталығы. Аккредитация: media@khabar.kz, pr@khabar.kz , +7 (7172) 757 553, 757 603, +7 705 552 44 28).

16.00 - Корей киносының тегін көрсетілімі: "Горе-родственнички 2" фильмі. ("Нұрсәулет-2" БО Корей мәдени орталығы, Иманова көшесі, 13).

17.00 - "Beautiful Korea. Dynamic Busan" атты кәріс халқының дәстүрлі өнер концерті. Ұйымдастырушы: Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы кәріс мәдениет орталығы. ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

18.00 – "Экран әуендері" концерті. Концерттік бағдарламада кеңестік кезеңдегі және шетелдік танымал фильмдерінің, киноклассикаға айналған қазақстандық фильмдердің композициялары болады. ("Astana Опера" театры).

АЛМАТЫ

10.00 – Nazarbayev University-де ашық есік күні. Кез келген мектептің стендіне барып, тегін дәрістер мен шеберлік сағаттарына қатысуға, оқуға түсу туралы ақпарат, атап айтқанда, бакалавриат, магистратура және докторантура, резидентура бағдарламаларына қабылдау туралы кеңес алуға болады; "Назарбаев Университетінің" барлық мектебінің тегін дәрістері мен шеберлік сабақтарына қатыса аласыз. Ашық есік күні 17 қарашада да өтеді. (Q-Lab, Абай даңғылы, 90. Байланыс телефоны: +7 (747) 094 02 30).

18.00 – Микаэл Таривердиевтің музыкалық кеші. (Абай атындағы ҚМАОБТ, Қабанбай батыр көшесі, 110. Байланыс телефоны: +7 (727) 272 7934).

18.00 – "Классика и рок 2" концерті. Концерттік бағдарламаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі оркестрі ұсынады. Кеш бағдарламасына Metallica, AC/DC, Scorpions, The Beatles, The Queen, Nirvana және басқа танымал рок-топтардың туындылары кіреді. Солистер: Электр гитара - Вахтанг Торели, вокал - Ирина Левина, дирижер - Денис Марьев (Ресей). (Өтетін орны: Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқова көшесі, 35).

17 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – Неміс киносы күндерінің ашылуы. Іс-шара "Зачётный препод" фильмімен ашылады. Кино көрсетілімнің алдағы бағдарламасы: 17 қараша сағат 17.00 - Оствинд (2013); 18 қараша сағат 19.00 - Родители (2014); 19 қараша сағат 19.00 - После весны наступает осень (2015); 20 қараша сағат 19.00 – Дух Баухауса (деректі фильм, 2018). (Chaplin Mega Silk Way кинотеатры, Қабанбай батыр даңғылы, 62).

19.30 – "В главной роли…" спектаклі. Режиссер Разия Хасанова. (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 57).

АЛМАТЫ

10.00 –KotoPes Fest фестивалі. Шара аясында түрлі мастер-кластар, байқаулар, қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ фестивальде әртістер өнер көрсетеді, әрі шараға қатысушылар мысықтарды көре алады. Фестифальден жиналған қаржы мысықтарды емдеп асырауға жұмсалады (Grand Park (Гранд Парк) сауда кешені, Қабдолов көшесі, 1/4).

18.30 – Жанар Сүлейманованың фортепиано музыкасы кеші. Бағдарламада Феликс Мендельсон, Клара Вик-Шуман және Роберт Шуманның туындылары шырқалады. (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35. Байланыс телефоны: +7 (701) 751 89 85).  

19.00 – Александр Розенбаумның концерті. Алматыдағы концерттік бағдарламаға әртіс жаңа және ескі әндерін қосты. (Студенттер сарайы, әл-Фараби даңғылы, 71).

18 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Қазақстан парламенті мәжілісінде үкімет сағаты. Тақырыбы: "Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның 98-қадамы аясында IV деңгейдегі бюджетті орындау". Баяндамашы - ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов. Отырысқа министрліктер: әділет, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, ішкі істер, қаржы министрлігі және мемлекеттік қызмет агенттігі, Ақмола, Қарағанды ​​және Павлодар облыстарының әртүрлі деңгейдегі әкімдіктерінің өкілдері шақырылды . "Үкімет сағаты" аясында көрме ұйымдастырылады. (Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісі, телефон (7172) 74 63 03).

АЛМАТЫ

12.00 – "Авторлық қоғамдастық саласындағы өзекті мәселелер: проблемалар мен шешімдер" баспасөз конференциясы. Іс-шарада спикерлер авторлардың, құқық иелері мен пайдаланушылардың құқықтарын бұзатын жағдайларды айтып, зияткерлік меншік құқығын қорғаудың тиімді жүйесін құру бойынша ұсыныстар жасайды (Қазақстан баспасөз клубы, Самал-2 шағын ауданы, 58, "CӘTTI" бизнес орталығы) , 2-қабат, байланыс: +7 (747) 262 20 63, akparat@pressclub.kz).

17.00 – өмірде болған оқиғаларға негізделген "Қазбат" көркем фильмінің алдын ала көрсетілімі. Картинада 1995 жылы көктемде болған оқиғалар туралы баяндалады, бұл кезде Қазақстан Республикасы тәжік қақтығысындағы бітімгершілік миссиясына қатысқан. 7 сәуірде Пшихарв шатқалында Қазақстанның Ішкі әскерлерінің жетінші құрама ротасы торуылға тап болып, содырлармен ұрыс жүргізді. ("Kinopark" кинотеатры, "Esentai Mall" сауда орталығы, байланыс телефоны: +7 (707) 753 53 27).

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

10.00 – "Көкшетау Жылу" және "Көкшетау Су Арнасы" кәсіпорындарына пресс-тур ұйымдастырылады. "Көкшетау Жылу" кәсіпорнына пресс-тур таңғы сағат 10:00-де басталады (Пресс-турға қатысушылар Северная промзона көшесі, ЖБИ ауданында таңғы сағат 09.30-да болуы керек). Ал "Көкшетау Су Арнасы" кәсіпорнына пресс-тур сағат 11:30-да өтеді (Байланыс телефондары: +7 (7162) 50 43 63, +7 (702) 148 14 81).

ШЫМКЕНТ

18.00 – "Жетістіктің 70 жылдығы": Қытайдың құрылғанына 70 жыл толуына арналған фотокөрменің салтанатты ашылуы. Шараға Қытайдың Қазақстандағы елшілігі, Бейнелеу өнері мұражайының басшылығы қатысады. (Бейнелеу өнері мұражайы, Мәделі қожа көшесі, 2Б. Аккредитация бойынша +7 747 486 92 10 нөміріне хабарласуға болады, e-mail: media@askredpoint.com).

20 қарашаға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Танымал италиялық "LA SCALA" театры жұлдыздарының қатысумен гала-концерт өтеді. Концерттің бағдарламасында Дж. Вердидің "Травиата", "Риголетто", "Трубадур", Ж. Бизедің "Кармен", Дж. Пуччининің "Қайғы", "Богема", Г. Доницеттидің "Махаббат сусыны", В. Моцарттың "Дон Жуан", Чайковскогодің "Евгений Онегин" операсы қойылып, танымал италиялық әндер орындалады (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры).

22 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 Saryarka кинотеатры).

21.00 – Заманауи панкратионнан әлем чемпионаты. Чемпионат жастар жылын қолдау аясында Assenov Fight версиясы бойынша ұйымдастырылады (Астана циркі, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Байланыс телефоны: +7 705 463 89 77).

АЛМАТЫ

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 16 FORUM кинотеатры).

19.30 – Моссовет атындағы театрда "Герой нашего времени" спектаклінің кино көрсетілімі өтеді. Шара Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады (Kinopark 8 MOSKVA кинотеатры).

28 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

21.50 - Еуропа Лигасының топтық кезеңі бесінші турының "Астана" – "Манчестер Юнайтед" матчы. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді (Тұран даңғылы, 48. Байланыс: +7 (701) 379 16 36, nesterenko@fcastana.kz. Аккредитация 26 қарашаға дейін жалғасады).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып