Аңдатпа

Қазақстанда 26 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобили на дороге Нур-Султана
Автомобили на дороге Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 26 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 27–30 қарашаға не жоспарланғанын біле аласыз

26 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы. Күн тәртібінде "электронды үкіметті" дамыту және халықтың сандық сауаттылығын көтеру, еңбек қатынастарын реттеу шаралары мәселелері қарастырылған. Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. (Үкімет үйі. Аккредитация +7 (7172) 75 00 10, 74 58 64 телефондары немесе press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

10.00 – "Қазіргі терминология: ұлттық немесе жаһандық" атты әдістемелік онлайн-семинары өтеді. Шараны Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады (Өтетін орны: Сауран көшесі, 7а. Байланыс телефоны: 8(702) 384-02-77, 8 (7172) 27-30-42. БАҚ өкілдерінің тіркелуі міндетті).

11.00 - "Елбасы және ел мұраты: тұрақтылық, жасампаздық, сабақтастық" атты ғылыми-тәжірибелік конференция. Іс-шара Тұңғыш президент күніне орайластырылған. Конференцияда Елбасының саяси және шығармашылық жолы, сондай-ақ біздің жастарымыздың рөлі мен болашағы талқыланады. Қазақстан президентінің атаулы стипендиясының иегерлері Қазақстандағы саяси және зияткерлік сабақтастықты еркін форматта талқылайды. (Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, бас ғимарат, Сәтбаев көшесі, 2. Аккредитация +7 701 324 85 68 телефоны немесе 7782597@inbox.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

11.00 – "Азаматтық диалог және қатысуды жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі ретінде дамыту" жобасының қорытындысы бойынша кездесу. Презентация барысында жұмыс тобының мүшелері жобаның негізгі жетістіктерін, іс-шаралар өткізілетін аймақтардағы жергілікті өзін-өзі басқарудың даму ерекшеліктерін, сондай-ақ Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың проблемалары мен әлеуетін талқылайды. (Достық үйі, Момышұлы даңғылы, 24/9. Байланыс телефоны: + 7 778 873 57 99).

11.00 - Зерттеу нәтижелерінің презентациясы және Қазақстанда инклюзивті білім алуға жағдай жасау мәселелері бойынша дөңгелек үстел. Осы зерттеу аясында инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің ғалымдары үш мектепте "Дара" қорының қолдауымен құрылған ресурстық орталықтарды кейс-стади жүйесінен өткізді. (Назарбаев Университеті, С3, 1010 аудитория, Қабанбай батыр даңғылы, 53. Аккредитация +7 (7172) 73 88 39, +7 708 40 40 814 телефондары немесе info@dara.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

13.30 – "Халықаралық және мемлекеттік қаржыландыру есебінен ҮЕҰ жобаларының әсерін бақылау және бағалау" және "Өңірлер, оның ішінде ауылдық жобалар бойынша халықтың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын бағалау" әлеуметтік жобаларының нәтижелерін таныстыру. ("Пекин Палас Solux Hotel Astana" отелі, Сығанақ көшесі, 27. Байланыс телефоны: +7 700 477 66 47).

15.00 – Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті күніне арналған онкүндік іс-шаралар аясында Кино апталығының ашылуы. "Елбасы жолы" киноэпопеясының "Балалық шағымның аспаны", "Отты өзен", " Тығырықтан жол тапқан" көркем фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылады. (Елбасы кітапханасы, Бөкейханов көшесі, 1).

15.00 – "Үздік кітапханашы" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі (Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 47 26 79).

15.00 – "99,99% таза алтын өндіретін "Тау-Кен Алтын" аффинаж зауытының жобалық қуаттылығына шығуы" тақырыбында брифинг. ("Жасыл орам" БО, E-10 көшесі, 17/10. Байланыс телефоны: +7 (7172) 55 26 89).

16.00 - Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен заң шығару қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы. Жиынға мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысады. (Министрліктер үйі, 13-кіреберіс, 10-қабат, № 1056 кабинет. Аккредитация pressgov@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).  

17.00 – "Елбасы және мәдениет" көрмесінің ашылуы. Елбасы кітапханасының мұрағаттық материалдар жинағы – әр түрлі жанрдағы 170-тен астам құжат ұсынылады. Көрме 2020 жылдың 5 қаңтарына дейін жұмыс істейді. (Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Тәуелсіздік даңғылы, 54. Байланыс телефоны: +7 (7172) 57 46 43).

18.00 – Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің кубогы үшін қоян-қолтық және армия жекпе-жегінен V халықаралық турнирге арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Спорттық шара Нұр-Сұлтан қаласында 26-30 қараша аралығында өткізіледі ("Жекпе-жек сарайы", Қабанбай батыр даңғылы, 45/1. Аккредитация: +7 (707) 382 81 83, + 7 (707) 660 00 25).

19.00 – "Кездер-ай" ретро музыкасының концерті. Мемлекеттік академиялық филармония ұйымдастырған. ("Астана" концерт залы, Бейбітшілік көшесі, 1/1.)

АЛМАТЫ

09.00 - Орталық Азия бизнесінің кездесуі. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және алыс шетелдердің: Бангладеш, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Үндістанның кәсіпкерлері қатысады. ("Rixos Almaty" қонақ үйі).

27 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

14.30 - Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің кубогы үшін қоян-қолтық және армия жекпе-жегінен V халықаралық турнир. ("Жекпе-жек сарайы", Қабанбай батыр даңғылы, 45/1. Байланыс телефондары: +7 (707) 382 81 83, + 7 (707) 660 00 25).

16.00 – Суретші Бейісбековтер әулетінің көрмесі. Көрмеге отбасының 70-ке жуық шығармасы шығарылады. Әулетте жеті адам – Қазақстан суретшілері одағының мүшесі, бесеуі – Қазақстан қолөнершілері одағының мүшесі (Ұлттық музей, Тәуелсіздік даңғылы, 54. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 90 35).

19.00 – Танымал сазгер Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші. Композитордың музыкалық шығармаларын халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Әмір Тебенихин таныстырады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 – AIF-2019 - Алматы инвестициялық форумы (Ritz Carlton Astana қонақ үйі, Әл-Фараби даңғылы, 77/7. Аккредитация +7 (708) 777 7005, +7 (701) 250 28 86 телефондары арқылы жасалады).

28 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

08.30 - Dell Technologies Forum. Форум Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр және цифрлық трансформацияның өзекті мәселелерін талқылау үшін еліміздің IT саласының және әлемдік деңгейдегі 250-ге жуық жетекші сарапшысы бас қосады. ("Radisson Hotel Astana" отелі, Сарыарқа даңғылы, 4. Байланыс: +7 (727) 239 11 33, +7 775 325 12 54, malika.karimova@hkstrategies.com).

10.00 – "Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және өңдеу" тақырыбында үкімет сағаты өтеді (Сенат отырысының залы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

11.00 – " Қазавтожол -Kaztraffic 2019" көрмесінің ашылуы. Көрмеде дәстүрлі түрде заманауи ғылыми-техникалық әзірлемелер және Қазақстан, Беларусь, Ресей, Франция, Германия, Түркия, Қытай және басқа да елдердің 100-ден астам жетекші компаниясының өнімдері ұсынылады. ("Көрме" КК, Достық көшесі, 3).

15.00 – Депутаттар президент жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығымен кездеседі. Кездесуде ауыл шаруашылығы жағдайы мен даму қарқыны, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелер сөз болады (Сенат. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

21.50 - Еуропа Лигасының топтық кезеңі бесінші турының "Астана" – "Манчестер Юнайтед" матчы. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді (Тұран даңғылы, 48. Байланыс: +7 (701) 379 16 36, nesterenko@fcastana.kz. Аккредитация 26 қарашаға дейін жалғасады).

29 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – Энергия үнемдеу бойынша II Халықаралық форум. Форум жұмысына шетелдік сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық қаржы институттары, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер қатысады. Халық арасында энергия үнемдеуді насихаттау мақсатында сурет салудан балалар арасында республикалық конкурс жарияланған болатын. Ал мемлекеттік ұйымдар арасында "Үздік энергия үнемдеуші бюджеттік мекеме" байқауы басталды. Екі конкурсқа өтінім қабылдау мерзімі – 10-25 қараша. (Hilton Astana қонақ үйі. Аккредитация: +7 (701) 714 88 68).

10.00 – Парламент сенатында "Қазақстанның су қауіпсіздігі: жағдайы, мәселелері және ұсыныстары" тақырыбында тыңдаулар өтеді (Сенаттың отырыс залы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).

18.30 – БҰҰ-ның "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимылдар" науқанына арналған сурет көрмесі. (TSE Art Destination, Республика даңғылы, 33А.).

19.00 –"Князь Игорь" операсы. Аталған шара Дмитрий Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театрының гастролі аясында ұйымдастырылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

30 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – K-Beauty Day шарасы. Ұйымдастырушы – Корея Республикасының мәдени орталығы. Осы шара аясында кореялық шеберлер сұлулық саласындағы соңғы жаңалықтармен таныстырады, макияждың түр-түрін көрсетеді (Astana Marriott қонақ үйі, Достық даңғылы, 2. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

19.00 – "Мне довелось испить из родника…" концерті. Концерт кезінде Қазақ ССР халық әртісі, КСРО халық әртісі, Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының дирижері Анатолий Молодовтың шығармалары орындалады. Биыл оның туғанына 90 жыл толып отыр. Концертке Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры қатысады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.45 – "WoW БИ ChamP" II Республикалық хореографиялық өнер байқауы. ("Гранд Парк" СОК, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 707 157 60 77).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0