08:43 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Астана көрінісі

Қазақстанда 5 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав Воднев
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
58 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 5 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 6-16 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

5 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Сенат отырысы (Сенаттың мәжіліс залы).
10.00 – "Нұр-Сұлтаннан хат" жобасының презентациясы өтеді. Шараны Еуропалық одақ ұйымдастырады (Hilton Garden Inn қонақ үйі, Қабанбай батыр даңғылы, 15. Аккредитация +7 (701) 940 00 86 телефоны немесе elnara.bainazarova@eeas.europa.eu электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

12.20 – ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қостанай облысының 2019 жылдың соңғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов (Аккредитация +7 (7172) 55 93 38 телефоны арқылы және sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

14.00 – Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының жиналысы өтеді. Қауымдастықтың құрамында 132 экологиялық ұйым бар. Жиында қауымдастық 2020 – 2022 жылдарға арналған даму стратегиясы таныстырылады. Шараға Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының төрайымы Әлия Назарбаева, парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, қауымдастық мүшелері мен жергілікті атқарушы биліктің өкілдері қатысады (EXPO ғимараты, С 1.4 Аккредитация +7 (778) 456 09 99 телефоны және meruert_1968@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

15.30 – Сенаттың жанындағы заң шығару процесін жетілдіру кеңесінің отырысы (Сенат, 214 кабинет).

16.20 – ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында киокушинкай каратэден әйелдер және ерлер арасында салмақ дәрежелері бойынша KWU әлем чемпионатын ұйымдастыруға арналған баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, ұлттық республикалық киокушинкай каратэ федерациясының президенті Омархан Өксікбаев, каратэ халықаралық одағының бас хатшысы Александр Пичкунов, халықаралық каратэ ұйымдары жетекшілері Хацуо Рояма (Жапония) және Дэвид Питхолл (Ұлыбритания) (Аккредитация +7 (7172) 55-93-47 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы арқылы жүргізіледі).
17.00 – "Туған өлкем" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді (Елбасы кітапханасы. Әлихан Бөкейханов көшесі, 1)

ПАВЛОДАР

"Әлемдік мәдениеттегі еуразияшылық идеясы" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Бейбітшілік көшесі, 60. Байланыс телефоны: +7 701 054 71 77 Ольга Скальчук).

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

11.00 – аутизм дертіне шалдыққан балаларға медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсету тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады (Өскемен қаласы, Чехов көшесі, 61. "Асыл мирас" орталығы. Аккредитация +7 (707) 863 83 21 телефоны және serzhanova@pressclub.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі)

6 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.30 – Павел Васильевті еске алу кеші өтеді. Шара "Немеркнущая жизнь" деп аталады (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс: +7 701 054 71 77 Ольга Скальчук).

7 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – Ресейлік жазушы әрі ақын Дмитрий Макаровтың "Поэт о поэте. Стихи, любовь и смерть" шығармашылық дискуссиясы өтеді (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс: +7 701 054 71 77 Ольга Скальчук).

17.00 – "Мелодии волшебства" атты қайырымдылық фестивалі өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

8 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – XII қысқы қайырымдылық балы өтеді ("Hilton Astana" қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

19.00 – Ресейлік ЮДИ би ұжымының шоуы өтеді. Концерт ұжымының "Свет и Тьма" атты халықаралық турнесі аясында ұйымдастырылады ("Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс холл). Бейбітшілік көшесі, 1/1. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

13 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - "Алтын сапа" атты Қазақстан Республикасы президентінің сыйлығына ие болғандарды және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанттарын марапаттау рәсімі  (ЭКСПО аймағындағы Конгресс-орталық, Сауран көшесі, 44. Аккредитация +7 (7172) 91 93 67 телефоны немесе pr@atameken.kz электронды пошта арқылы жасалады).

14 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13.00, 18.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы "Щелкунчик" балеті ("Nomad City Hall" театры, Мәңгілік Ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 - "Денистің достары" мұз айдындағы шоу. Шараға Қазақстанның танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің достары, бапкерлері және белгілі фигуристер қатысады ("Барыс Арена" спорт кешені, Тұран даңғылы, 75. Байланыс телефоны +7 702 947 80 53).

15 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қысқы дрифт бойынша Нұр-Сұлтан қаласының кубогы. Шара елорда әкімдігінің қолдауымен өткізіледі (Көкшетаудың айналма тас жолы, арнайы ХҚКО жанында. Байланыс телефоны: +7-778-580-72-42).

13.00, 18.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы "Щелкунчик" балеті ("Nomad City Hall" театры, Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 - "Мода со смыслом" қайырымдылық кеші. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсету. Кешке бизнесмендер, қоғам белсенділері, медиа мен шоу бизнестің танымал тұлғалары қатысады (The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

16 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 - Independence Day кәсіби бокс кеші. Шара кезінде Казақстан, Өзбекстан, Нигерия, Оңтүстік Африка Республикасы, Тайланд, Филиппин, Грузия, Ресей мен Әзірбайжан бокшыларының қатысуымен 12 жекпе-жек өтеді. Тікелей эфир әлемнің 60 мемлекетіне таратылады (Балуан Шолақ атынадағы спорт кешені, Абай көшесі, 44)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар, шаралар
Загрузка...

Басты тақырып