19:55 24 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD377.86
  • EUR418.74
  • RUB6.10
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
54 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 7 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 8-16 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

7 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - 4th Kwu Kyokushin World Championship. Киокушинкай каратэ (KWU) чемпионатында Қазақстан намысын 30 спортшы қорғайды. Барлығы жарысқа 50 елден 500 спортшы қатысады (Өтетін орны: "Барыс Арена", Тұран даңғылы, 57).

11.00 - #Kids4Rights балалар сурет байқауы жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтеді. Байқауды Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігі мен ЮНИСЕФ бірлесе ұйымдастырған болатын. Сондай-ақ, Бельгия мен Швеция елшілігі атсалысты. Шара балалар құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясының қабылдануына 30 жыл толуына орайластырылған ( Өтетін орны: Mega Silk Way, Қабанбай батыр, 62. Аккредитация: + 7 (701) 940 00 86 немесе elnara.bainazarova@eeas.europa.eu электронды поштасы бойынша).

11.30 –Be a Trainer конференциясы өтеді. Қаржы, инвестиция, құқық, жобаны басқару және коммуникация саласының мамандары бизнес-тренинг өткізеді («Астана» халықаралық қаржы орталығының бюросы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/22, Экспо павильон C4.4. Аккредитацияны a.sherniyazova@aifc.kz электронды поштасы арқылы жасауға болады).

12.00 –Кітапханада кітап алмасу өтеді. Кітаптар 12.00 – 13.00 аралығында қабылданады. Кітап тапсырған адамға билет беріледі. Оған әкелген кітаптың саны белгіленеді. 13.00-14.00 аралығында кітап алмасу болады.  Қанша кітап әкелсеңіз, сонша кітап алуға рұқсат (№2 балалар кітапханасы, Кравцов көшесі, 1/1. Телефон: +7 (747) 674 48 69).

12.00 – Ресейлік жазушы әрі ақын Дмитрий Макаровтың "Поэт о поэте. Стихи, любовь и смерть" шығармашылық дискуссиясы өтеді (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс: +7 701 054 71 77 Ольга Скальчук).

15.00 – Индонезия киносының фестивалі. Ағылшын және орыс тіліндегі субтитр болады. Екі фильм көрсетіледі. "В погоне за солнцем" (7 желтоқсан, 15.00) және "Султан Агунг" (8 желтоқсан, 17.00, "Керуен" ОСО, Kinopark 7 кинотеатры). 

17.00 – "Мелодии волшебства" атты қайырымдылық фестивалі өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

8 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – XII қысқы қайырымдылық балы өтеді ("Hilton Astana" қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

19.00 – Ресейлік ЮДИ би ұжымының шоуы өтеді. Концерт ұжымының "Свет и Тьма" атты халықаралық турнесі аясында ұйымдастырылады ("Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс холл). Бейбітшілік көшесі, 1/1. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

13 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - "Алтын сапа" атты Қазақстан Республикасы президентінің сыйлығына ие болғандарды және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанттарын марапаттау рәсімі  (ЭКСПО аймағындағы Конгресс-орталық, Сауран көшесі, 44. Аккредитация +7 (7172) 91 93 67 телефоны немесе pr@atameken.kz электронды пошта арқылы жасалады).

14 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13.00, 18.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы "Щелкунчик" балеті ("Nomad City Hall" театры, Мәңгілік Ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 - "Денистің достары" мұз айдындағы шоу. Шараға Қазақстанның танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің достары, бапкерлері және белгілі фигуристер қатысады ("Барыс Арена" спорт кешені, Тұран даңғылы, 75. Байланыс телефоны +7 702 947 80 53).

15 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қысқы дрифт бойынша Нұр-Сұлтан қаласының кубогы. Шара елорда әкімдігінің қолдауымен өткізіледі (Көкшетаудың айналма тас жолы, арнайы ХҚКО жанында. Байланыс телефоны: +7-778-580-72-42).

13.00, 18.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы "Щелкунчик" балеті ("Nomad City Hall" театры, Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 - "Мода со смыслом" қайырымдылық кеші. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсету. Кешке бизнесмендер, қоғам белсенділері, медиа мен шоу бизнестің танымал тұлғалары қатысады (The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

16 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 - Independence Day кәсіби бокс кеші. Шара кезінде Казақстан, Өзбекстан, Нигерия, Оңтүстік Африка Республикасы, Тайланд, Филиппин, Грузия, Ресей мен Әзірбайжан бокшыларының қатысуымен 12 жекпе-жек өтеді. Тікелей эфир әлемнің 60 мемлекетіне таратылады (Балуан Шолақ атынадағы спорт кешені, Абай көшесі, 44)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 

 

Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар, Қазақстан, желтоқсан
Загрузка...

Басты тақырып