23:08 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
44 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 10 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 11-18 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

10 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – V жыл сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференция. Конференция аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылау жоспарлануда. Іс-шараға 10 елден жиырмадан астам спикер қатысады деп күтілуде. Олардың ішінде Францияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің басшысы Шарль Дюшен, Молдованың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросының экс-президенті Анатолий Дончу, Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы директорының орынбасары Анатолий Новак және тағы басқалары бар. Сондай-ақ, конференция аясында Францияның ұлттық сот төрелігі мектебі мен Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылады (Сауран көшесі, 46, "Hilton Astana" қонақүйі, аккредитация adgspkkz@gmail.com поштасы арқылы жүргізіледі).

15.00 – "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" КО техникалық регламенті мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты (Ұлттық баспасөз клубы, Мәңгілік ел көшесі, 8, Журналистер үйі. Аккредитация: +7 777 020 1260 нөмірі және y.amangeldi@infores.kz поштасы).

19.00 – UFC 3 видео ойыны турнирі ("Арсенал" кинотеатры, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 4. Байланыс телефоны +7 701 520 59 78).

АЛМАТЫ

19.30 - Мұрат Насыровты еске алуға арналған кеш. Әншінің туындыларын Дильназ Ахмадиева, Қанат Сыбанов, Айқын, Динайя, Мақпал Исабекова, Дервиши, Талисман бэнд , Дуэт L, Нұргүл  Нұғыманова, Марсель, Әділжан Омаров, Антон және Виктория Макарские орындайды (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

11 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – отандық жеңіл өнеркәсібі өндірушілерінің алғашқы съезі. Жиында жеңіл өнеркәсіп саласын дамытудың нақты тетіктері талқыланады. Съезге өкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, "Атамекен" ҰКП, мәжіліс депутаттары мен ірі кәсіпкерлер жиналады. Шара жұмысына 100-ден астам жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны, дизайнерлер мен ғылыми топтардың өкілдері қатысады. Съезд аясында отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі мен "Жасампаздық энергиясы" Fashion көрсетілімі ұйымдастырылады (Қазмедиа орталығы, Қонаев көшесі, 4. Аккредитация бойынша info@bigname.kz немесе  +77051702972 нөміріне хабарласуға болады).

11.00 – "Транстелеком" АҚ-ның ауылдық елдімекендерді интернет желісімен қамтамасыз ету жобасының аралық қорытындыларына арналған баспасөз мәжілісі өтеді. Ауылдарды талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясы бойынша кең жолақты интернетпен қамту жобасы 2018 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Жоба "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқасында іске асты. Мақсаты – қазақстандықтар арасындағы цифрлық теңсіздікті жойып, ауыл тұрғындарына әлемдік желіге шығу үшін техникалық мүмкіндіктер ұсыну. Шараға цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов, желілік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі атқарушы директор Айдар Мағзұмов, "Транстелеком" АҚ басқарма төрағасының ұйымдық даму жөніндегі орынбасары Елнар Адайбеков қатысады ("Hilton Garden Inn" қонақ үйі, Қабанбай батыр көшесі, 15. Аккредитация: +7 707 863 83 21 немесе serzhanova@pressclub.kz).

19.00 –  Людвиг ван Бетховеннің 250 жылдығына арналған концерт. Концерт "FORTE-TRIO шақырады" іс-шаралар циклі аясында ұйымдастырылған. FORTE-TRIO музыканттары – танымал аспапшылар, халықаралық конкурстардың лауреаттары. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 – China Trade Fair қытай тауарлары көрмесінің ашылуы. Көрме екі бағытта – China Homelife Kazakhstan 2019 және China Machinex Kazakhstan 2019 өтеді. 11-13 желтоқсан аралығында жұмыс істейді ("Атакент" көрме орталығы. Аккредитация: +7 707 611 81 04,  +7 707 611 81 03, +7 (727) 266 36 80).

11.00 – Қазақстан қор биржасының (KASE) медиа брифингі. Биржа нарығының жұмысы туралы статистикалық ақпарат ұсынылады. Спикер: KASE басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк. (Almaty Towers көпфункционалды кешені, Байзақов көшесі, 280).

14.00 – Гаэтано Дониццетидің "Дон Паскуале" опералық қойылымына арналған баспасөз мәслихаты мен БАҚ-қа арналған жабық көрсетілім (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры).

13 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - "Алтын сапа" атты Қазақстан Республикасы президентінің сыйлығына ие болғандарды және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанттарын марапаттау рәсімі  (ЭКСПО аймағындағы Конгресс-орталық, Сауран көшесі, 44. Аккредитация +7 (7172) 91 93 67 телефоны немесе pr@atameken.kz электронды пошта арқылы жасалады).

14 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13.00, 18.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы "Щелкунчик" балеті ("Nomad City Hall" театры, Мәңгілік Ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 - "Денистің достары" мұз айдындағы шоу. Шараға Қазақстанның танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің достары, бапкерлері және белгілі фигуристер қатысады ("Барыс Арена" спорт кешені, Тұран даңғылы, 75. Байланыс телефоны +7 702 947 80 53).

15 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қысқы дрифт бойынша Нұр-Сұлтан қаласының кубогы. Шара елорда әкімдігінің қолдауымен өткізіледі (Көкшетаудың айналма тас жолы, арнайы ХҚКО жанында. Байланыс телефоны: +7-778-580-72-42).

11.00 – Қысқа метражды кино күні. Ресей ғылым және мәдениет орталығының Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырған. Кіру тегін (Ресей ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39).

13.00, 18.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы "Щелкунчик" балеті ("Nomad City Hall" театры, Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 - "Мода со смыслом" қайырымдылық кеші. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсету. Кешке бизнесмендер, қоғам белсенділері, медиа мен шоу бизнестің танымал тұлғалары қатысады (The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

16 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 - Independence Day кәсіби бокс кеші. Шара кезінде Казақстан, Өзбекстан, Нигерия, Оңтүстік Африка Республикасы, Тайланд, Филиппин, Грузия, Ресей мен Әзірбайжан бокшыларының қатысуымен 12 жекпе-жек өтеді. Тікелей эфир әлемнің 60 мемлекетіне таратылады (Балуан Шолақ атынадағы спорт кешені, Абай көшесі, 44).

18 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 – "Астанаэнергосбыт "ЖШС электр энергиясының 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудада сату бойынша шекті бағасының жоғарылағаны туралы қоғамдық тыңдау. Ұйымдастырушы: Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті. (Алматы ауданы әкімінің аппараты, Тәуелсіздік даңғылы, 7, мәжіліс залы).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
концерт, шаралар
Загрузка...

Басты тақырып