23:10 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
184 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 13 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 14-26 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

13 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

08.00. – Қазақстан үкіметінің отырысы (аккредитация +7 (7172) 75 00 10, 74 58 64 телефондары немесе press.kpm@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша жүргізіледі).

09.00 - "Алтын сапа" атты Қазақстан Республикасы президентінің сыйлығына ие болғандарды және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанттарын марапаттау рәсімі (ЭКСПО аймағындағы Конгресс-орталық, Сауран көшесі, 44. Аккредитация +7 (7172) 91 93 67 телефоны немесе pr@atameken.kz электронды пошта арқылы жасалады).

11.00 - Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік аманаты бабамның" поэзия кеші (Сәкен Сейфуллин музейі).

15.00 - Қала меценаттары балаларға инватакси мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырады ("Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы).

23.00 - Urker тобының концерті (Smart, Music Pub The Bus БО, Қорғалжын тасжолы, 3. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

АЛМАТЫ

12.00 – Алматыда алғашқы томосинтез орталығының ашылуы. Томосинтез – сүт безі обырын анықтайтын инновациялық әдіс (Абай көшесі, 91. Аккредитация +7 701 705 78 76 арқылы жүргізіледі).

16.30 – "Young Entrepreneurs Business Forum-2019" алғашқы жастар бизнес-форумы ("DoubleTree by Hilton Almaty" отелі, Досмұхамедов көшесі, 115. Байланыс телефоны +7 707 573 16 93).

19.00 – "Праздник джаза в Алматы" қысқы фестивалі. Шарада танымал музыканттар өнер көрсетеді (Жастар сарайы).

14 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай "Red Bus" автобустарында тегін экскурсиялар өтеді. Экскурсиялар 14, 15, 16 желтоқсанда ұйымдастырылады (Байланыс телефондары +7 777 555 75 75, +7 (7172) 77 90 99).

11.00 – Оқушыларға арналған поэтикалық батлдың финалы. Биыл оған 12 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қатысады.Жеңімпазды анықтайтын критерийлер - сауатты таңдалған репертуар, оқу шеберлігі және әртістік. Маусым ішінде бес іріктеу сайысы өтті: "ПушкинЪ VS Пушкин", "Физики VS Лирики", "Ахматова", "Лермонтов VS Шевченко" және "Васильев". Финалға 12 қатысушы шықты (Ресей ғылым және мәдениет орталығы. Байланыс телефоны: + 7 701 261 39 64).

11.00 – Нұр-Сұлтанда қыс маусымын ашатын жыл сайынғы шаңғымен сырғанау жарысы. Шаңғы жарысы бір шақырым қашықтыққа символикалық жүгіруден басталады. Әрі қарай барлық қатысушы жас санаттары бойынша бөлініп, әр топ әр түрлі қашықтықта сайысқа түседі. Қатысушыларды тіркеу 09.00-ден басталады (Елорда саябағының шаңғыроллер жолы).

12.00, 14.00, 16.00 – "Атамекен" қойылымы. Спектаклді 14 және 15 желтоқсанда көруге болады (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

13.00, 18.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы "Щелкунчик" балеті ("Nomad City Hall" театры, Мәңгілік Ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 - "Денистің достары" мұз айдындағы шоу. Шараға Қазақстанның танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің достары, бапкерлері және белгілі фигуристер қатысады ("Барыс Арена" спорт кешені, Тұран даңғылы, 75. Байланыс телефоны +7 702 947 80 53).

19.00 - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты концерт ("Астана" концерт залы).

АЛМАТЫ

12.00 – Almaty Pop Up Store. Christmas Edition қалалық демалыс фестивалі ("Арман" кинотеатры, Достық даңғылы, 104).

18.00 - Қазақстанның басты музыкалық марапаты Eurasian Music Awards 2019 жүлдесін табыстау рәсімі (Almaty Arena стадионы).

15 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қысқы дрифт бойынша Нұр-Сұлтан қаласының кубогы. Шара елорда әкімдігінің қолдауымен өткізіледі (Көкшетаудың айналма тас жолы, арнайы ХҚКО жанында. Байланыс телефоны: +7-778-580-72-42).

11.00 – Қысқа метражды кино күні. Ресей ғылым және мәдениет орталығының Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырған. Кіру тегін (Ресей ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39).

13.00, 18.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы "Щелкунчик" балеті ("Nomad City Hall" театры, Мәңгілік ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 - "Мода со смыслом" қайырымдылық кеші. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсету. Кешке бизнесмендер, қоғам белсенділері, медиа мен шоу бизнестің танымал тұлғалары қатысады (The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

АЛМАТЫ

10.00 - Kaz Brend Fest 2020 Қазақстанның қазіргі заманғы брендтері мен мәдениеті фестивалі (Форум СОО).

10.45 – "MUZ KZ сыйлығы" жаңажылдық халықаралық көпжанрлық конкурс-фестивалі (Қазақконцерт, Абылай хан даңғылы, 83).

16.30 – "Созвездие голосов Казахской национальной консерватории имени Курмангазы" концерті. Орыс, шетелдік, қазақ композиторларының шығармалары мен халық әндері (La Bohême театры) шығармалары.

16 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Жетім балалар мен күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына арналған жаппай тегін мұзда сырғанау ("Қазақстан" спорт сарайы).

18.00 – "Жыл әні" концерті ("Барыс Арена" стадионы).

21.00 – Тәуелсіздік күніне орай мерекелік отшашу. Отшашуды Есіл жағалауы, Хан Шатыр маңы, Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында тамашалауға болады.

АЛМАТЫ

11.00 – Илья Авербухтан "Щелкунчик и Мышиный король" мұз шоуы. Спектакль екі күн, 16 – 17 желтоқсанда өтеді (Almaty Arena, "Алғабас-1 шағын ауданы". Байланыс телефоны +7 707 346 34 66).

18.00 - Independence Day кәсіби бокс кеші. Шара кезінде Казақстан, Өзбекстан, Нигерия, Оңтүстік Африка Республикасы, Тайланд, Филиппин, Грузия, Ресей мен Әзірбайжан бокшыларының қатысуымен 12 жекпе-жек өтеді. Тікелей эфир әлемнің 60 мемлекетіне таратылады (Балуан Шолақ атынадағы спорт кешені, Абай көшесі, 44).

17 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 - «Сахнагер-2019» ұлттық театр сыйлығының салтанатты марапаттау кеші өтеді. Шараны Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан театрлар ассоциациясы ұйымдастырады.  Ұлттық театр сыйлығы елімізде биыл үшінші рет өз иегерлерін тауып, лауреаттардың шығармашылық жетістіктері республикалық деңгейде марапатталады. Олардың қатарында драма, опера, балет, қуыршақ, жастар театрларында еңбек етіп жүрген, айырықша дарыны мен шығармашылығы арқылы ел өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан кәсіби мамандар бар (Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театры, байланыс телефондары 8 707 955 76 26, 8 702 319 18 08).

18 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.30 – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың қатысуымен "Digital Samruk-2019" конференциясы өтеді ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, Е10 көшесі, 17/10. Аккредитация +7 (7172) 55 26 89,  +7 (7172) 55 27 10; + 7 700 545 02 01 телефондары немесе press@sk.kz элеткрондық поштасы арқылы жүргізіледі).

16.00 – "Астанаэнергосбыт "ЖШС электр энергиясының 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудада сату бойынша шекті бағасының жоғарылағаны туралы қоғамдық тыңдау. Ұйымдастырушы: Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті (Алматы ауданы әкімінің аппараты, Тәуелсіздік даңғылы, 7, мәжіліс залы).

20 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Christmas Fair Рождество жәрмеңкесі. Мерекелік жиынтықтар, жаңа жылдық үстелге арналған тәттілер, үй әшекейлері, зергерлік бұйымдар, аң терілері және тағы басқа заттар ұсынылады. Көрме 5 күнге созылады: 20-24 желтоқсан ("Көрме" көрме орталығы. Достық көшесі, 3).

19.30 – Сергей Прокофьевтің музыкасына қойылған "Золушка" балет-ертегісінің тұсаукесері ("Астана Балет" театры).

22 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 - QAZAQ MUSIC AWARDS республикалық сыйлығын табыстау салтанаты (Almaty Arena мұз сарайы).

26 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 - Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратованың қойылымында "Щелкунчик" балеті ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес. 

Кілт сөздер:
Қазақстан, жиналыс, шаралар
Загрузка...

Басты тақырып