07:02 04 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD397.56
  • EUR445.94
  • RUB5.82
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
121 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 17 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 18-26 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

17 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Садақпен оқ атудан астананың ашық кубогы өтеді ("Алатау" спорт сарайы, Тәуелсіздік 1/1).

11.00 - Отырып ойнайтын волейбол жарысы (паралимпиадалық жаттығу орталығы,  ​Ақшоқы, 2). 

17.00 – "Сахнагер-2019" ұлттық театр сыйлығының салтанатты марапаттау кеші өтеді. Шараны Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан театрлар ассоциациясы ұйымдастырады.  Ұлттық театр сыйлығы елімізде биыл үшінші рет өз иегерлерін тауып, лауреаттардың шығармашылық жетістіктері республикалық деңгейде марапатталады. Олардың қатарында драма, опера, балет, қуыршақ, жастар театрларында еңбек етіп жүрген, айырықша дарыны мен шығармашылығы арқылы ел өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан кәсіби мамандар бар (Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театры, байланыс телефондары 8 707 955 76 26, 8 702 319 18 08).

18 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Мәжілістің жалпы отырысы (Мәңгілік Ел даңғылы, 2). 

10.30 – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың қатысуымен "Digital Samruk-2019" конференциясы өтеді ("Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, Е10 көшесі, 17/10. Аккредитация +7 (7172) 55 26 89,  +7 (7172) 55 27 10; + 7 700 545 02 01 телефондары немесе press@sk.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

12.20 – Нұр-Сұлтанның 2019 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты. Жиын орталық коммуникациялар қызметінде өтеді. Спикер: қала әкімі Алтай Көлгінов (аккредитация +7 (7172) 55-93-40 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

16.00 – "Астанаэнергосбыт "ЖШС электр энергиясының 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудада сату бойынша шекті бағасының жоғарылағаны туралы қоғамдық тыңдау. Ұйымдастырушы: Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті (Алматы ауданы әкімінің аппараты, Тәуелсіздік даңғылы, 7, мәжіліс залы).

20 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Christmas Fair Рождество жәрмеңкесі. Мерекелік жиынтықтар, жаңа жылдық үстелге арналған тәттілер, үй әшекейлері, зергерлік бұйымдар, аң терілері және тағы басқа заттар ұсынылады. Көрме 5 күнге созылады: 20-24 желтоқсан ("Көрме" көрме орталығы. Достық көшесі, 3).

19.30 – Сергей Прокофьевтің музыкасына қойылған "Золушка" балет-ертегісінің тұсаукесері ("Астана Балет" театры).

22 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 - QAZAQ MUSIC AWARDS республикалық сыйлығын табыстау салтанаты (Almaty Arena мұз сарайы).

26 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 - Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратованың қойылымында "Щелкунчик" балеті ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар, желтоқсан, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып