07:04 04 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD397.56
  • EUR445.94
  • RUB5.82
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
64 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 23 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 24-27 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

23 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – 3rd IoT форумы (Hilton Astana қонақ үйі, Сауран көшесі, 46).

11.30 - Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығымен Қазақстан Республикасы президентінің жолдауын іске асыру аясында құрылыс индустриясының қазіргі жағдайы, даму динамикасы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша кездесу (Парламент сенаты, 212-кабинет).

12.20 – "Отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы" тақырыбында баспасөз мәслихаты. Спикер – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов (Орталық коммуникациялар қызметі. Аккредитация +7 (7172) 55-93-38 нөмірі немесе sck.astana@gmail.com поштасы арқылы жүргізіледі).

16.20 – "Әлеуметтік-еңбек саласындағы жағдай. Кәсіподақтардың көзқарасы" тақырыбында баспасөз мәслихаты. Спикер – Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов (Орталық коммуникациялар қызметі. Аккредитация +7 (7172) 55-93-38 нөмірі немесе sck.astana@gmail.com поштасы арқылы жүргізіледі).

АЛМАТЫ

19.00 – ресейлік әнші Валерий Леонтьевтың концерті өтеді (Республика сарайы, Достық даңғылы, 56).

24 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – "Трансперенси Қазақстан" қоғамдық қорының үндеуінде көтерілген мемлекеттік меншікті пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі кеңес (Парламент сенаты, 212-кабинет).

25 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша дөңгелек үстел (Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік және аграрлық, табиғат пайдалану және ауыл аумағын дамыту мәселелері комитеттері, парламент сенаты, 214-кабинет).

11.00 – "Чекті талап ет те, жүлде ұтып ал!" акциясының ұтыс ойыны республикалық деңгейде өтеді, оның басты жүлдесі – автокөлік. Акцияны мемлекеттік кірістер комитеті "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Wipon мобильді қосымшасын қолдану арқылы осы жылдың 21 тамызы мен 30 қараша аралығында өткізді. Акция кезінде қатысушылар онлайн режимінде 2, 739 миллиард теңге сомасына 500 мыңға жуық чек жіберді. Акцияға қатысушылардың арасында күн сайын ұтыс ойыны өткізілді, 3 512 жеңімпаз анықталды, олардың ұялы телефонына 5 000 теңгеге дейін бірлік жіберілді (Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті. Аккредитация +7 (7172) 70 99 40 телефоны немесе kgd.pressa@gmail.com, aya.kazbekova@kgd.gov.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

15.00 - Сенаттың қаржы және бюджет комитеті депутаттарының қаржы министрімен салық және кеден органдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша кездесуі (Парламент сенаты, 212-кабинет).

15.00 - Сенат депутаттарының Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ауылшаруашылық тауар өндірушілерін және басқа да субъектілерді субсидиялау мәселелері бойынша кездесуі (Парламент сенаты, 214-кабинет).

АЛМАТЫ

10.00 – "Когда полетом стрел отмеривался путь. Золотой человек. Курган Иссык" тақырыбында Оксана Танскойдың лекциясы өтеді (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі).

26 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Қазақстан парламенті сенатының жалпы отырысы (Сенаттың мәжіліс залы).

19.30 – Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратова қоятын "Щелкунчик" балеті ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

27 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Вена симфониялық оркестрінің солисі Николай Орининскийдің концерті өтеді (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып