08:33 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
261 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 25 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 26-27 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

25 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша дөңгелек үстел (Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік, аграрлық, табиғат пайдалану және ауыл аумағын дамыту мәселелері комитеттері, парламент сенаты, 214-кабинет).

10.00 – Парламент мәжілісінің пленарлық отырысы (Мәңгілік ел даңғылы, 2).

11.00 – Әлеуметтік саланы дамыту және алдағы жоспарлар бойынша мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға арналған баспасөз мәслихаты. Спикерлер: үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, сондай-ақ білім және ғылым, мәдениет және спорт, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрлері (аккредитация 8 (7172) 75 00 10, 74 58 64 телефондары немесе press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады)

11.00 – "Чекті талап ет те, жүлде ұтып ал!" акциясының ұтыс ойыны республикалық деңгейде өтеді, оның басты жүлдесі – автокөлік. Акцияны мемлекеттік кірістер комитеті "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Wipon мобильді қосымшасын қолдану арқылы осы жылдың 21 тамызы мен 30 қараша аралығында өткізді. Акция кезінде қатысушылар онлайн режимінде 2,739 миллиард теңге сомасына 500 мыңға жуық чек жіберді. Акцияға қатысушылардың арасында күн сайын ұтыс ойыны өткізілді, 3 512 жеңімпаз анықталды, олардың ұялы телефонына 5 000 теңгеге дейін бірлік жіберілді (Қазақстан қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті. Аккредитация +7 (7172) 70 99 40 телефоны немесе kgd.pressa@gmail.com, aya.kazbekova@kgd.gov.kz электронды пошталары арқылы жасалады).

11.00 – "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ұйымдастыруымен таңғы ас үлгісінде баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Жансұлтан Матаев – орталық филиал директоры, Әсел Тілеуғалиева – директор орынбасары (Қасым Аманжолов көшесі, 26, Миллениум мейрамханасы, аккредитация 8 (701) 910 46 76, 8 (701) 566 96 50 телефондары арқылы жасалады).

12.00 – Жаңа жылдық шаралар өткізу кезінде қауіпсіздік сақтауға арналған баспасөз мәслихаты. Спикер: төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев (Мәңгілік ел даңғылы, 8, 2 кіреберіс. Аккредитация 60 09 75, 60 21 40, 8 (702) 142 84 44 телефондары және ps@emer.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

15.00 – Сенаттың қаржы және бюджет комитеті депутаттарының қаржы министрімен салық және кеден органдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша кездесуі (Парламент сенаты, 212-кабинет).

15.00 – Сенат депутаттарының Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ауылшаруашылық тауар өндірушілерін және басқа да субъектілерді субсидиялау мәселелері бойынша кездесуі (Парламент сенаты, 214-кабинет).

16.20 – Шымкенттің он айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихаты. Спикер: қала әкімі Ерлан Айтаханов (Орталық коммуникациялар қызметі, Қонаев көшесі, 4. Аккредитация +7(7172) 55-93-47 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады).

АЛМАТЫ

10.00 – "Когда полетом стрел отмеривался путь. Золотой человек. Курган Иссык" тақырыбында Оксана Танскойдың лекциясы өтеді (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі).

26 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қазақстан парламенті сенатының жалпы отырысы (Сенаттың мәжіліс залы).

19.30 – Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратова қоятын "Щелкунчик" балеті ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

27 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – Вена симфониялық оркестрінің солисі Николай Орининскийдің концерті өтеді (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
жиналыс, оқиғалар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып