06:49 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
147 0 0

Sputnik Қазақстан агенттігі 27 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 28 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

27 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - "Мемлекет басшысының 2019 жылдағы негізгі бастамаларын іске асыру" тақырыбындағы дөңгелек үстел. Спикерлер: президенттің штаттан тыс кеңесшісі, CSI тәуелсіз консалтингтік компаниясының аға әріптесі Олжас Құдайберген, қоғам қайраткері, блогер Мұрат Әбенов, "Ғылым қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арман Қашқынбаев, "Сарыарқа ақпарат" ЖШС директоры Олжас Беркінбаев, блогер, журналист Өркен Кенжебек (Орталық коммуникациялар қызметі, аккредитация +7(7172) 55-93-47 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады).

16.00 – Заң жобалау қызметі бойынша ведомствоаралық коммисия отырысы. Отырыста парламент депутаттарының бастамасымен отбасы және гендерлік саясат бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу мәселесі қаралады (Министрліктер үйі, 13-кіреберіс, 10-қабат, № 1056 кабинет, баспасөз орталығы. Аккредитация pressgov@mail.ru поштасы немесе 74-06-01, 74-06-02 телефондары арқылы жасалады).

16.20 – Салықтық рақымшылықтың нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты. Спикерлер: қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов, мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Инкербаев (Орталық коммуникациялар қызметі. Аккредитация +7(7172) 55-93-47 телефоны немесе sck.astana@gmail.com электрондық поштасы арқылы жасалады).

АЛМАТЫ

18.00 – Жаппай сырғанауға арналған жаңа жылдық фестиваль. Шара 30 желтоқсанға дейін өтеді (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы).

19.00 - Вена симфониялық оркестрінің солисі Николай Орининскийдің концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).

28 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13.00 – "Астана" баскетбол клубының ойыншылары жанкүйерлерімен кездеседі (Keruen City сауда-ойын-сауық орталығы).

15.00 – Қазақстан халқы ассамблеясының балаларға арналған қайырымдылық кеші (Достық үйі).

29 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

16.00 – Мұрат Мұтырғановтың қайырымдылық кеші. Шоуға танымал әртістер – клоундар, акробаттар, гимнастар, бишілер мен әншілер қатысады (Республика сарайы).

17.00 - Болат Аюханов театрының концерті. Кеште классикалық балеттің үздік туындылары орындалады. Концертке Гүлнәр Қамалова, Айнұр Мұқашева, Анна Бурлова, Мәди Қасымов, Дияр Акенев, Марат Оралбаев және тағы басқа театрдың жетекші солистері қатысады (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы).

18.30 – фортепианошы, АҚШ, Италия және Францияда өткен халықаралық жарыстардың лауреаты Жанар Сулейманованың кеші өтеді (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35).

2 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 –"Хор Турецкого" арт-группасының концерті (Республика сарайы).

3 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 - "Ледяное сердце-2" атты шоу. Оған кәсіби фигуристер қатысады ( Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы).

5 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – "В поисках Деда Мороза" жаңа жылдық ертегісі қойылады (Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

15.00 – "Трансформеры в поисках планеты" жаңа жылдық шоуы өтеді ("Астана" концерт залы (бұрынғы "Конгресс-Холл"). Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

6 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, хор жетекшісі Ержан Дәуітовтың жетекшілігімен "Астана Опера" хорының гала-концерті өтеді ("Астана Опера" театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
жиналыс, шаралар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып