Аңдатпа

Қазақстанда 1 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Болат ШайхиновГрандиозный салют на закрытии ЭКСПО-2017
Грандиозный салют на закрытии ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 1 қаңтарда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 2-6 қаңтар аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

1 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

00.00 - жаңа жылдық отшашу. Отшашуды Есіл өзені жағалауынан, Ботаникалық бақ аумағынан, Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысы жақтан тамашалаған ыңғайлы. Фейерверк алты минутқа созылады. Оның биіктігі – 210 метр, ені – 250 метр. Салютқа бюджеттен қаржы бөлінген жоқ, ол демеушілердің қаражатына ұйымдастырылады.

16.00 - "Эльфтардың бастан кешкен оқиғасы" ойын-сауық бағдарламасы ("Хан Шатыр" ойын-сауық орталығы, Тұран даңғылы, 37).

АЛМАТЫ

12.00 – I Love Running акциясы аясында "Забег обещаний" спорттық шарасы өтеді. Қашықтық – 2020 метр (Баум атындағы тоғай).

2 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00/14.00/16.00 - "Холодное сердце Малифисенты" спектаклі. Қойылым 7 қаңтарға дейін өткізіледі (Қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3).

АЛМАТЫ

11.00/14.00/17.00 - "Ледяное сердце-2" мұз шоуы (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Абай даңғылы, 44).

19.00 – "Хор Турецкого" арт-группасының концерті (Республика сарайы).

3 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Хор Турецкого" арт-группасының концерті ("Қазақстан" концерт залы).

АЛМАТЫ

11.00 - "Ледяное сердце-2" атты шоу. Оған кәсіби мәнерлеп сырғанаушылар қатысады (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы).

4 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Щелкунчик" балеті (Astana Opera, Қонаев көшесі, 1).

15.30 – "Walt Disney-дің жаңа жылдық саяхаты" көрсетілімі ("Астана" концерт залы, бұрынғы "Конгресс холл", Бейбітшілік көшесі, 1\1).

5 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – "Феерия" IX халықаралық көпжанрлық конкурс-фестивалі ("Жастар" сарайы).

11.00 – "В поисках Деда Мороза" жаңа жылдық ертегісі қойылады (Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

15.00 – "Трансформеры в поисках планеты" жаңа жылдық шоуы өтеді ("Астана" концерт залы (бұрынғы "Конгресс-Холл"). Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

АЛМАТЫ

19.30 - Almaty Symphony Orchestra концерті ("Артишок" театры).

6 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, хор жетекшісі Ержан Дәуітовтың жетекшілігімен "Астана Опера" хорының гала-концерті өтеді ("Астана Опера" театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес. 

Жаңалықтар
0