Аңдатпа

Қазақстанда 6 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание театра "Астана Опера"
Здание театра Астана Опера - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 6 қаңтарда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 7-11 қаңтар аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

6 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Нұр-Сұлтан – Сиань рейсінің ашылуына арналған SCAT әуе компаниясының баспасөз мәслихаты өтеді (Park Inn Radisson Astana отелі. Байланыс телефондары +7 (7252) 99 88 80, +7 (707) 831 94 74).

15.00 – Қазақстан Республикасының жасөспірімдер ұлттық құрамасын III қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарына шығарып салу рәсімі өтеді ("Сарыарқа" велотрегі, Қабанбай батыр көшесі, 42).

17.00 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, хор жетекшісі Ержан Дәуітовтың жетекшілігімен "Астана Опера" хорының гала-концерті ұйымдастырылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Письма из Италии" симфониялық музыка концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

13.00 – Рождество мерекесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді ("Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің баспасөз орталығы, Құрманғазы көшесі, 61а, 3 қабат. Аккредитация +7 (727) 250 35 28, +7 (777) 300 16 95 телефондары немесе press2@interfax.kz электрондық поштасы арқылы жасалады).

7 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – Балаларға арналған "Карнавал животных" музыкалық-поэзиялық концерті ұйымдастырылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

17.00 – "Астана Опера" хорының рождестволық гала-концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

8 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Евгений Онегин" спектаклі қойылады (Astana Opera театры, Қонаев көшесі, 1). 

19.30 – "Все начинается с Моцарта" концерті өтеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

10 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Дядя Ваня" спектаклі сахналанады (Astana Opera театры, Қонаев көшесі, 1).

11 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – "Дядя Ваня" спектаклі қойылады (Astana Opera театры, Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0