Аңдатпа

Қазақстанда 14 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевНур-Султан, виды города
Нур-Султан, виды города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 14 қаңтарда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 15-19 қаңтар аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

14 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – Қазақстан үкіметінің отырысы өтеді. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын-ала қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары, 2020-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасының концепциясы мәселелері талқыға салынады. Үкімет отырысынан соң Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді (Аккредитация +7 (7172) 74 58 64, 75 00 10 телефоны және press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

14.30 – Қазақстандағы тұрақты даму мәселелері бойынша сарапшылардың бірінші отырысы өтеді. Шараны Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы ұйымдастырады (Radisson қонақ үйі, Аккредитация +7 (7172) 74 39 63 және press@economy.gov.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

22.00 –"Заплати другому" тегін кино көрсетілімі өтеді (Smart бизнес орталығы, "The Bus", Қорғалжың тасжолы, 3).

АЛМАТЫ

12.00 – Кәсіпкер Қайрат Реимовты Алматы қаласы полиция департаменті тарапынан қылмыстық қудалауға қатысты баспасөз мәслихаты өтеді. Шарада бұл мәселе бойынша Қазақстан президенті Қасым-Жомар Тоқаевқа, бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа үндеу жасалады. Спикерлер: Сәлімжан Мусин, Джохар Өтебеков (Қазақстан пресс-клубы. Аккредитация +7 747 262 20 63 телефоны және akparat@pressclub.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

15 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Мадам Баттерфляй" операсы ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

19.00 –"Художественная ситуация в Казахстане в годы репрессий" лекциясы (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 (727) 394 57 15).

16 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 – All You Need Is Art көрмесі (Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8, Байланыс телефоны: +7 700 120 12 20).

19.00 – Людвиг ван Бетховенның туғанына 250 жыл толуына орай концерт өтеді. Шарада халықаралық конкустардың лауреаттары Еркебұлан Сапарбаев (скрипкашы), Бағдат Әбілханов (скрипкашы), Ахмет Сұлтан (альт), Ермек Құрманаев (виолончель) (Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35. Байланыс телефоны: +7 701 751 89 85).

17 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Вечер у камина" концерті ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

17.00 – Александр Хакимованың "Эволюция красоты" атты сурет көрмесі өтеді (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: 7 (727) 394 57 15).

18 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00/16.00 - "Элвин и жители волшебного леса" спектаклі (Қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3).

АЛМАТЫ

19.00 – Almaty Symphony Orchestra джаз концерті (Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35. Байланыс телефоны: +7 (701) 751 89 85).

19 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "В театр приглашают дети" концерті өтеді. Онда "Астана Опера" театрының балалар театр студиясының тәлімгерлері өнер көрсетеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0