07:01 17 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD377.19
  • EUR408.99
  • RUB5.93
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
97 0 0

Sputnik Қазақстан 17 қаңтарда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 18-31 қаңтар аралығында және 1 ақпанда не жоспарланғанын біле аласыз

17 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – Қазақстан-Словакия іскерлік дөңгелек үстелі өтеді (ҚР сыртқы істер министрлігі. Аккредитация a.mukanova@invest.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

15.00 – Салық кодексіне енгізілген негізгі жаңа ережелерді түсіндіру бойынша республикалық акция өткізіледі. Акциялар "Аружан", "Евразия", "Керуен", "Сарыарқа" ойын-сауық орталықтары, "Рахмет", "Гүлжан", "Артем" сауда үйлерінде өтеді (Байланыс телефондары: +7 (7172) 22 73 12, 22 73 17, 22 60 65).

19.00 - "Вечер у камина" концерті ұйымдастырылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

17.00 – Александр Хакимовтың "Эволюция красоты" атты сурет көрмесі өтеді (Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі, Көктем-3 ықшам ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 (727) 394 57 15).

19.00 - "Итальянская страсть" концерті ұйымдастырылады (Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы, Шәмші Қалдаяқов көшесі, 35).

18 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00/16.00 – "Элвин и жители волшебного леса" спектаклі қойылады (Қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3).

19.30 – Шоқыну мерекесі қарсаңында крест жорығы өтеді. Ол Константин-Еленинск соборында басталып, елорда жағалауында аяқталады.

20.00 – Жаппай суға түсу орындары ашылады. Суға шомылу орындары 18 қаңтар сағат 24.00-ге дейін ашық болады, 19 қаңтарда – 08.00-ден бастап, 01.00-ге дейін.

АЛМАТЫ

15.00 – Nuit de la Lecture француз әдебиетіне арналған төртінші жыл сайынғы кеш өтеді (Алматы қаласының Француз альянсы, Достық даңғылы, 160. Байланыс телефоны: +7 707 292 14 22).

18.00 – "Наедине с Пушкиным" моноспектаклі сахналанады (Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Желтоқсан көшесі, 11. Байланыс телефоны: +7 776 153 79 78).

19.00 – Almaty Symphony Orchestra джаз концерті ұйымдастырылады (Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35. Байланыс телефоны: +7 (701) 751 89 85).

19 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "В театр приглашают дети" концерті өтеді. Онда "Астана Опера" театрының балалар театр студиясының тәлімгерлері өнер көрсетеді ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

20 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

12.00 – "Передел собственности или "мертвые души": удастся ли многодетным матерям получить свою землю" тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізіледі (Қазақстан баспасөз клубы, Самал-2, "Сәтті" ТК, 58 үй, akparat@pressclub.kz, телефон: +7 747 262 20 63).

21 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Приношение Бетховену" концерті ұйымдастырылады ("Астана Опера" театры, Қонаев даңғылы, 1).

АЛМАТЫ

11.00 – Қазақстан қор биржасының баспасөз мәслихаты өтеді (Almaty Towers көпфункционалды кешені, Байзақов көшесі, 280).

24 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – Корей жаңа жылы өткізіледі. Мерекелік шараға кіру тегін (Корея мәдени орталығының шағын кинозалы, "Нурсәулет-2" бизнес орталығы, Иманов көшесі, 13. Байланыс телефоны: +7 (7172) 90 11 13).

25 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 - "Абай" операсы сахналанады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

31 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 – "Digital Almaty: цифровое будущее глобальной экономики" халықаралық форумы өтеді (Ritz Carlton Almaty отелі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 92 73).

1 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

12:30 – Спидвейден (мұздағы мотожарыс) әлемнің жеке чемпионатының финалы болады ("Медеу" айдыны, байланыс телефоны +7 701 257 05 23, email: d.tanasheva@infores.kz).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
жиналыс, шаралар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып