13:52 26 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD376.72
  • EUR408.67
  • RUB5.76
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
130 0 0

Sputnik Қазақстан 27 қаңтарда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 28-31 қаңтар аралығында және 1-8 ақпанда не жоспарланғанын біле аласыз

26 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 - "Шелковая лестница" операсы қойылады ("Астана Опера" театры).

19.00 - Тамара Гвердцителидің концерттік бағдарламасы - "Ориентир любви" өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңігілік ел даңғылы, 10).

АЛМАТЫ

08.00 - LITR (Long Interval Training Relay) GAME 2020 командалық жарысы өткізіледі. Старт – Бутаков шатқалы. LITR Game эстафетасы ерлер, әйелдер және аралас командалар арасында өтеді. Әрбір қатысушы кезектесіп бір маршрутты бес рет айналып өтеді. Жарыс екі кезеңнен тұрады (Байланыс телефондары +7 707 824 69 31, +7 778 871 81 18).

17.30 – "Ритмы мышиного короля" атты Bugarabu этникалық ұрмалы аспаптар тобының концерті өтеді (La Bohême театры, Зенков көшесі, 24. Байланыс телефоны: +7 (747) 331 8311).

27 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – "Моделирование стока для прогноза паводков" атты "Қазгидромет" РМК семинары өткізіледі. 27-31 қаңтар аралығында болады ("Қазгидромет" РМК, Мәңгілік ел көшесі, 11/1. Байланыс телефоны: +7 701 774 29 89).

11.00 – Нұр-Сұлтан қаласы аудан әкімдерінің халықпен кездесулері басталады:

Есіл ауданының әкімі 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында кездесулер өткізеді (Өтетін жерлер: 29 қаңтарда - №24 орта мектеп, Арнасай көшесі, 127; 30 қаңтарда - №69 мектеп-гимназиясы, Исатай батыр көшесі, 141/1; 31 қаңтарда - №75 мектеп-гимназия, Мәңгілік ел даңғылы, 28/1; 3 ақпанда -  №59 мектеп-лицей, Сауран көшесі, 5/1; 4 ақпанда – Қазақ мемлекеттік заң университеті, Қорғалжын тас жолы, 8).

Алматы ауданы әкімінің кездесулері 3-7 ақпан аралығында ұйымдастырылады (3 ақпанда – Гумилев атындағы ЕҰУ, Сәтпаев көшесі, 2; 4 ақпанда - №63 орта мектебі, Лепсі көшесі, 38; 5 ақпанда - №29 орта мектебі, Горький көшесі, 22; 6 ақпанда - №86 орта мектебі, А-98 көшесі, 20; 7 ақпанда - №72 орта мектебі, Нәжімеденов көшесі 10/5).

Сарыарқа ауданы әкімінің кездесулері 27 қаңтар - 3 ақпан аралығында өтеді (27 ақпанда  - "Көктал-1", "Наз" мемлекеттік театры, Алмалық көшесі, 1; 28 ақпанда - "Көктал-2", №68 орта мектебі, Кұсмұрын көшесі, 2; 29 қаңтарда - "Агроқалашық", №20 орта мектебі, Қарталы көшесі, 62; 30 қаңтарда - "Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10; 31 қаңтарда - №65 мектеп гимназиясы, 187 көшесі, №18/4; 3 ақпанда – Оқушылар сарайы, Мамбетов көшесі, 1).

Байқоңыр ауданы әкімінің кездесулері 27-31 қаңтар аралығында ұйымдастырылады (27 қаңтарда - №49 орта мектебі, Сарыадыр көшесі, 3; 28 қаңтарда - №55 орта мектебі, Досмұхамедұлы көшесі, 2, 29 қаңтарда - №10 мектеп-гимназиясы, Ғабдуллин көшесі, 7; 30 қаңтарда - №4 орта мектебі, Айманов көшесі, 3; 31 қаңтарда - №87 мектеп-гимназиясы, Иманов көшесі, 39).

Барлық кездесу "сұрақ-жауап" форматында өтеді (Байланыс телефондары: Алматы ауданы  +7 (7172) 36 39 19, Есіл ауданы +7 (7172)  57 73 83, Сарыарқа ауданы +7 (7172) 55 66 03, Байқоңыр ауданы+7 (7172) 55 74 91).

11.00 – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі алқасының отырысы өткізіледі (Қазмедиа орталығы, Қонаев көшесі, 4. Аккредитация +7(7172) 74 14 52, 74 03 50 телефондары немесе pressa.mic@gmail.com электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

28 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Теміржол өнімдеріне арналған шаралар өтеді (Аккредитация +7 (7172) 60 42 92; +7 (701) 111 46 87 телефондары немесе ktzh_pressa@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

31 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Romantique музыкалық миниатюралар кеші ұйымдастырылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 - "Digital Almaty: ғаламдық экономиканың цифрлық болашағы" халықаралық форумы өтеді. Шараға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары, жетекші CEO мамандар, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады. Негізгі тақырып – үлкен мәліметтер мен жасанды интеллекттің негізінде аймақты тұрақты дамыту. Форум аясында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, сондай-ақ, Әзербайжан, Өзбекстан мен Молдова үкімет басшыларының пленарлық сессиясы ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд, ЕЭК төрағасы Михаил Мясникович, UNICEF-тің инновациялар жөніндегі бас кеңесшісі Кристофер Фабиан, IDC президенті Кроуфорд Дель Прет, Amazon Web Services компаниясының трансформация жөніндегі директоры Лиам Максвелл, Qwasar Silicon Valley негізін салушы Кваме Ямгнане және тағы басқа танымал тұлғалар өз ойларын ортаға салады. Форумда алғаш рет Digital Almaty Awards  сыйлығын тапсыру рәсімі болады (Ritz Carlton Almaty қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 92 73).

1 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

12:30 – Спидвейден (мұздағы мотожарыс) әлемнің жеке чемпионатының финалы өткізіледі ("Медеу" мұз айдыны, байланыс телефоны: +7 701 257 05 23, email: d.tanasheva@infores.kz).

5 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.30 – Қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған "Қазағым-ай" концерті ұйымдастырылады ("Қазақстан" ОКЗ, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

8 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 - "Золушка" балеті қойылады. Хореограф-қоюшы, либретто авторы - Надежда Калинина ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала көшесі, 9).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
қаңтар, оқиғалар, шаралар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып