16:08 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
278 0 0

Sputnik Қазақстан 14 ақпанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 15-29 ақпан аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

14 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Жоғары деңгейде Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының бесінші отырысы өтеді. Қазақстандық тараптан тең төраға –ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Катар тарапынан – сауда және өнеркәсіп министрі Али бен Ахмед Аль Кувари. Отырыста инвестиция, жер қойнауын пайдалану, қаржы, денсаулық сақтау және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелері қаралады ("The St. Regis Astana" қонақ үйі. Аккредитация: press@economy.gov.kz, байланыс телефоны: +7 (7172) 74-38-49).

10.00 – IX ASTANA LUXURY– 2020 халықаралық мамандандырылған зергерлік бұйымдардың сатылым көрмесі. Көрме аясында 16 ақпанда 17.00-де ұтыс ойыны өтеді ("Көрме" көрме орталығы, Достық көшесі, 3. Байланыс телефоны +7 702 267 04 25).

17.00 - "Бетховен - Бессмертие - Любовь" балеті сахналанады ("Астана Опера" театры).

18.00 – Фортепиано музыкасы кеші. Концерт Халықаралық кітап сыйлау күніне орайластырылған. Орындаушы – халықаралық байқаулардың лауреаты Любовь Глинка. Бағдарлама жүргізушісі – Татьяна Харламова (Ресей мәдениет және ғылым орталығы, Кенесары көшесі, 39).

АЛМАТЫ

10.00 – "Ұлы Балқаш шақырады!" мұз өткелі акциясы. Мақсат – қазақстандық қоғамның назарын Балқаштың экологиялық проблемаларына аудару және ішкі туризмді қолдау (Алматы-2 вокзалы, Абылай хан даңғылы, 1. Байланыс телефоны: +7 707 444 92 10).

15.00 – Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында "Жас гвардия" баспасынан "ЖЗЛ" сериясымен шыққан академик Ерлан Сыдықовтың "Құнанбай"кітабының тұсаукесері (Мұхтар Әуезовтің үй-музейі. Аккредитация +7 702 363 60 05 телефоны арқылы жасалады).

18.30 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, дирижер Жалғасбек Бегендіковтің "Сиқырлы таяқша құдіреті" атты шығармашылық концерті өтеді ("Құрманғазы" оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 (727) 279 14 26).

15 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - LA VIE EN ROSE француз музыкасының кеші өткізіледі. Концертте Қазақконцерттің солисі, вокалшы Гүлнәр Көшенова өнер көрсетеді. Ол "Х-фактор", "Қазақстан дауысы", Top jargan сияқты тележобалардың финалына шыққан. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

17 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – Нұр-Сұлтан әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының "Қорқыт" этно ансамблі алғаш рет 75 шығарма орындап, Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына кіруді жоспарлап отыр. Акция Алтын Орданың 750 жылдығына қарсаңында өткізіледі (Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы).

22 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Almaty Symphony Orchestra: "Вивальди & Пьяццола – Времена года" концерті ("Қазақстан" орталық концерт залы. Аккредитация: +7 747 134 04 99, aurorapr.me@gmail.com).

АЛМАТЫ

11.00 - Almaty Illustration Fair 2020 иллюстраторлар фестивалі болады (Almaty Gallery сурет галереясы, Достық даңғылы, 44).

23 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Отан қорғаушы күніне орай генерал-майор И.В. Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі. Іс-шараға Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, елшіліктің қызметкерлері, сауда өкілдігі, Ресей ғылым және мәдениет орталығы, кеден қызметтері қатысады. Сондай-ақ, салтанатқа Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан әкімдігі, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елшіліктерінің қызметкерлері шақырылды ("Жерұйық" саябағы). +7 (7172) 44 07 97, +7 776 185 96 80).

АЛМАТЫ

09.00 - Қысқы жүгіру. Бұл Алматы марафонына дайындық аясындағы биылғы алғашқы жарыс. Оған 1500 әуесқой спортшы қатысады. Жарыс қаланың ең үлкен даңғылының бойында өтеді. Жолдар 3 сағатқа - 08.30-дан 11.30-ға дейін жабылады. Қатысу тегін (Жарыс "Нұрлы Тау" бизнес орталығынан басталады). 

12.00 – "Шетелдегі жеке мектептер" көрмесі. Халықаралық білім көрмесіне 15 елдің жеке мектептерінің өкілдері қатысады ("Ritz Carlton Almaty" отелі, әл-Фараби даңғылы, 77/7).

29 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 - "Astana Ballet presents" жобасы. Бағдарламаға неоклассикалық стильдегі үш бір актілі балет кіреді - "Concerto Barocco", "A Journey of Memory", "Love’s Lost Idols" ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефондары +7 702 947 80 53, + 7 776 153 79 78).

АЛМАТЫ

09.00 – "Шектеусіз" қайырымдылық байқауы. Барлық ақша концерт алаңын жалға алуға, сыйлыққа жұмсалады. Байқауға мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады, олар өз қабілеттерін 4 номинацияда көрсетеді: вокал, аспаптық шеберлік, хореография және арт-өнер (Grand Park, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 747 647 22 06).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып