Аңдатпа

Қазақстанда 18 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан, левый берег
Виды города Нур-Султан, левый берег - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 18 ақпанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 19-29 ақпан аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

18 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

9.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде: 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасы, электронды сауданы дамыту, тиімсіз бюджет шығынын қысқарту шаралары (Аккредитация:   +7 (7172) 74 58 64, 75 00 10 немесе press.kpm@mail.ru).

АЛМАТЫ

11.00 - "Универсальный Арт" шеберлік сағаты. Баланың шығармашылық қабілетін арттыруға арналған кешенді бағдарлама ("La Bohême" театры, Зенков көшесі, 24. Байланыс телефоны: +7 747 331 83 11).

12.00 – Жасөспірімдердің психикалық денсаулығы мен суицидтің алдын алуға бағытталған баспасөз мәслихаты. Жиын аясында "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылған "Soul Games" жобасының алдын ала қорытындысы жарияланады. Жоба жасөспірімдерді тәрбиелеп отырған отбасына психологиялық көмек көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ, мектептегі пелагог-психологтардың біліктілігін арттыруды қарастырған (қазақстандық баспасөз-клубы, "Самал-2" шағын ауданы,  58. Аккредитация:  +7 747 262 20 63).

19 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Дон Карлос" операсы ("Астана Опера" театры, Қонаев даңғылы, 1).

22 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Almaty Symphony Orchestra: "Вивальди & Пьяццола – Времена года" концерті ("Қазақстан" орталық концерт залы. Аккредитация: +7 747 134 04 99, aurorapr.me@gmail.com).

АЛМАТЫ

11.00 - Almaty Illustration Fair 2020 иллюстраторлар фестивалі болады (Almaty Gallery сурет галереясы, Достық даңғылы, 44).

23 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Генерал-майор И.В. Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі. Іс-шараға Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, елшіліктің қызметкерлері, сауда өкілдігі, Ресей ғылым және мәдениет орталығы, кеден қызметтері қатысады. Сондай-ақ, салтанатқа Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан әкімдігі, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елшіліктерінің қызметкерлері шақырылды ("Жерұйық" саябағы). +7 (7172) 44 07 97, +7 776 185 96 80).

АЛМАТЫ

09.00 - Қысқы жүгіру. Бұл Алматы марафонына дайындық аясындағы биылғы алғашқы жарыс. Оған 1500 әуесқой спортшы қатысады. Жарыс қаланың ең үлкен даңғылының бойында өтеді. Жолдар 3 сағатқа - 08.30-дан 11.30-ға дейін жабылады. Қатысу тегін (Жарыс "Нұрлы Тау" бизнес орталығынан басталады). 

12.00 – "Шетелдегі жеке мектептер" көрмесі. Халықаралық білім көрмесіне 15 елдің жеке мектептерінің өкілдері қатысады ("Ritz Carlton Almaty" отелі, әл-Фараби даңғылы, 77/7).

29 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 - "Astana Ballet presents" жобасы. Бағдарламаға неоклассикалық стильдегі үш бір актілі балет кіреді - "Concerto Barocco", "A Journey of Memory", "Love’s Lost Idols" ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефондары +7 702 947 80 53, + 7 776 153 79 78).

АЛМАТЫ

09.00 – "Шектеусіз" қайырымдылық байқауы. Барлық ақша концерт алаңын жалға алуға, сыйлыққа жұмсалады. Байқауға мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады, олар өз қабілеттерін 4 номинацияда көрсетеді: вокал, аспаптық шеберлік, хореография және арт-өнер (Grand Park, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 747 647 22 06).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0