03:22 05 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
144 0 0

Sputnik Қазақстан 3 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 4-8 наурыз аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

3 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.30 – сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы. Жиында "Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін газбен жабдықтау туралы келісімді ратификациялау туралы", "Бүкіләлемдік пошта одағының жарғысына тоғызыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобалары қаралады (парламент сенаты, 601 кабинет. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39).

10.00 – мемлекеттік қызмет істері агенттігінде этика жөніндегі комиссияның отырысы өтеді. Отырысқа агенттік төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев төрағалық етеді (Абай көшесі, 33а, президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ғимараты, 10 қабат, отырыс залы. Аккредитация: adgspressa@gmail.com. Байланыс телефоны: 75-33-96, 87027233367).

16.20 – Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаменті баспасөз мәслихатын өткізеді. Шарада 2019 жылы атқарылған жұмыс қорытындыланып, көлеңкелі экономика мен бюджет қаржысын жымқыруға қарсы күрес шаралары айтылады (ҚР президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі. Аккредитация: +7 (7172) 55-93-47 немесе sck.astana@gmail.com).

19.00 – "Творцы вечных ценностей. И.С.Бах" музыкалық кеші. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

09.00 – "CFO Summit 2020" топ-менеджерлер саммиті. CFO Summit – қаржы нарығының топ-менеджерлері мен басқарушыларына арналған кәсіби алаң.  Алғаш рет CFO Summit саммиті 2014 жылы өтіп, Қазақстанның экономикасы мен қаржы жүйесін дамыту перспективаларын, қаржы мәселелерін талқылауға арналған жетекші платформаға айналды ( "Rixos Almaty" қонақ үйі, Сейфуллин даңғылы, 506/99. Байланыс телефоны: +7 708 344 77 27).

14.00 – Алматы Медеу ауданының "Бақытты отбасы" әлеуметтік орталығы "Аналар көктемі" әлеуметтік акциясын өткізу бағдарламасын таныстырады (Қазақстан баспасөз клубы. Аккредитация: +7 747 262 20 63 немесе akparat@pressclub.kz).

4 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – "Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен" көрмесі ашылады. Шара Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына арналған. Қонақтардың назарына Елбасының жеке архивінен алынған құжаттар мен фотосуреттер, Тұңғыш президенттің қоғамдық марапаттары сияқты Елбасы кітапханасы жинақтарының материалдары ұсынылады. Көрме 27 сәуірге дейін жалғасады (Елбасы кітапханасы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1).

17.00 – "Василий Поленов и художники его круга" көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефоны: +7 701 054 7177).

19.00 – "Кармен" операсы. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

18.30 – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар  мен жасөспірімдер театрында алғаш рет SounDrama жанрындағы жаңа спектакльдің премьерасы өтеді. Қойылым режиссері – "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Фархад Молдағали. Премьера алдында "Nomad"  каскадерлық және "Мемлекеттік цирк" ат акробатикалық артистерінің қатысуымен іс-шара өтеді. Бұдан бөлек, театр фойесінде "Қазақта Құлагерді көп айтады..." атты галерея ұйымдастырылады. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ ұлттық кітапханасы мен Қазақстан мемлекеттік орталық музейінің жәдігерлерінен көрме ұсынылады (Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Абылай хан даңғылы, 38).

5 наурызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 – Голландиялық суретші Николь Карстентің "Ақиқатты іздеу" атты көрмесі (Kazarian Art Center, Станкевич көшесі, 59. Байланыс телефоны: +7 747 270 67 80).

6 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

14.00 – Қазақстан – Нидерланды арасында Дэвис кубогінің іріктеу матчы өткізіледі. Дэвис кубогі – ғасырлық тарихы бар ерлер теннисінен ең ірі халықаралық командалық жарыс. Қазақстанның ерлер командасы Чехия (2011), Австрия (2013), Бельгия (2014), Италия (2015), Швейцария (2018) сынды беделді командаларды жеңіп, турнирдің ширек финалына бірнеше рет шықты. 2019 жылы Португалия құрамасын жеңгеннен кейін біздің команда 18-24 қарашада Мадридте жаңа форматта өткен Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жетті. Испания астанасында Қазақстан құрамасы алғашқы ойын күнінде Нидерланды құрамасын 2:1 есебімен жеңді, бірақ ақтық кезеңге шыға алмады. Ұлыбританиядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. 6 және 7 наурыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін іріктеу матчтарында Қазақстан құрамасы Нидерланды құрамасымен тағы да кездеседі. Бұл Дэвис кубогінің финалына шығу үшін жақсы мүмкіндік ("Дәулет" СК, Тұран даңғылы, 4/2. Байланыс телефондары: +7 (702) 947 80 53, +7 (776) 153 79 78).

19.30 – "Астана Балет" астаналық театры жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-балет сахналанады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

7 наурызға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 – Пан-кавказдық жастар оркестріне қатысу үшін Қазақстанның талантты жас музыканттары конкурстық тыңдау және іріктеуден өтеді. Қазақстаннан басқа Грузия, Армения, Әзербайжан, Украина және Түркияның жас музыканттары арасында тыңдау өткізіледі. Көрмеге 18-28 жас аралығындағы симфониялық оркестрдің барлық аспабында өнер көрсететін жас музыканттар қатыса алады. Тыңдауға өтініштер 6 наурызға дейін фестиваль сайтында қабылданады (Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория. Байланыс телефоны: +7 (995) 32 22535 81/82/83, e-mail: info@tsinandalifestival.ge).

13.00 – "451 градус" әдеби клубында кітап алмасу. Қатысушылар өзара кітап алмасады. Шараға қатысқысы келетіндер 13.00 – 14.00 аралығында келіп, үстелге өз кітаптарын қоюы тиіс. Сағат екіде кітап алмасу басталады. Кіру тегін ("Жібек жолы" сауда үйі, Жібек жолы даңғылы, 135).

8 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – "Собор Парижской Богоматери" балеті. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Алматы, Нұр-Сұлтан, шаралар
Загрузка...

Басты тақырып