03:21 05 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
40 0 0

Sputnik Қазақстан 6 наурызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 7-29 наурыз аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

6 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері мен көлік және автомобиль жолдары саласын жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылауға арналған кеңес. Бұл шараға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бейнеконференция арқылы қатысады. (Өткізілетін орны: ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сейфуллин көшесі, 37. Аккредитация adgspkkz@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады).

14.00 – Қазақстан – Нидерланды арасында Дэвис кубогінің іріктеу матчы өткізіледі. Дэвис кубогі – ғасырлық тарихы бар ерлер теннисінен ең ірі халықаралық командалық жарыс. Қазақстанның ерлер командасы Чехия (2011), Австрия (2013), Бельгия (2014), Италия (2015), Швейцария (2018) сынды беделді командаларды жеңіп, турнирдің ширек финалына бірнеше рет шықты. 2019 жылы Португалия құрамасын жеңгеннен кейін біздің команда 18-24 қарашада Мадридте жаңа форматта өткен Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жетті. Испания астанасында Қазақстан құрамасы алғашқы ойын күнінде Нидерланды құрамасын 2:1 есебімен жеңді, бірақ ақтық кезеңге шыға алмады. Ұлыбританиядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. 6 және 7 наурыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін іріктеу матчтарында Қазақстан құрамасы Нидерланды құрамасымен тағы да кездеседі. Бұл Дэвис кубогінің финалына шығу үшін жақсы мүмкіндік ("Дәулет" СК, Тұран даңғылы, 4/2. Байланыс телефондары: +7 (702) 947 80 53, +7 (776) 153 79 78).

19.00 – Alizbar & Ann'Sannat тобының "Арфа аңыздары" концерті. Alizbar – ресейлік және венгриялық музыкант, композитор. ("Қазмедиа Холл" концерт залы).

19.30 – "Астана Балет" астаналық театры жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-балет сахналанады ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

АЛМАТЫ

10.00 – Халықаралық әйелдер күніне арналған "Әйелдерді бүкіл әлем және бүкіл ел құттықтайды" көрмесі. Іс-шара қарым-қатынас ортасын құру және оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту, оларды елдің тарихы мен мәдениетімен таныстыру және әйелге – анаға құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Іс-шара аясында: мектеп оқушыларының "Көктем ажары" шығармашылық жұмыстарының көрмесі; "Әйелдерді бүкіл әлем және бүкіл ел құттықтайды" құттықтау концерті; "Данко" қойылымының үзіндісі; музейге тақырыптық экскурсиялар өтеді. (Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі, Самал-1 шағын ауданы, 44. Байланыс телефоны: +7 727 264 46 50).

13.00 - Almaty Open 2020 тапаншадан оқ атудан республикалық турнирі. Жарыс Алматыдағы екі тирде өтеді. (Назарбаев даңғылы, 262А; Сейфуллин даңғылы, 174. Байланыс телефоны: +7 (701) 717 11 05).

16.00 - Атақты қазақстандық суретші Сәкен Ғұмаровтың (1937-1995) шығармашылығы ұсынылатын "Құс жолы" көрмесінің ашылуы. Суретші "Бестиарий", "Ойлау түрлері", "Ана мен бала", "Абай" сияқты картиналар топтамасын жасады.  С.Гұмаровтың туындылары Қазақстандағы, жақын және алыс шетелдердегі жеке және мемлекеттік топтамаларда сақтаулы тұр. 1995 жылы Оралда С.Гұмаровтың мемориалдық музейі ашылды. (Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі. Байланыс телефоны: +7 (727) 394 57 15).

19.00 – "Көктем әндері" концерті. Бұл кеште әйелдер туралы, махаббат және көктем туралы әндер шырқалады. Концертте Александра Ветеорец, Галина Бартенева, Дмитрий Кальсин, Марина Деревянко өнер көрсетеді. (La Boheme театры, Зенков көшесі 24).

19.00 - "Желаю Вам…" концерті. Орындаушылар: Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері - Азамат Малышов, Ілияс Артағалиев, Елена Никонова, Нұрлан Сағымбаев (альт). Концертмейстер - Әсел Давлетьярова. (Өтетін орны: Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры).

19.00 – "Гүл-ару Көктем" концерті. Мерекелік кешке Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Асылбек Еңсепов пен Батыржан Мықтыбаев, қазақстандық эстрада жұлдызы Ақылбек Жеменей, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Армат Исламғалиев, Сәтжан Шаменов, Азамат Бекбергенов, Мейірман Әбдірахманов, Асхат Үрпеков қатысады. (Qurmangazy Orkestri, Абылай хан даңғылы, 83).

7 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Көктемгі ауылшаруашылық жәрмеңкесі. Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстары мен елорданың тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Жәрмеңкеде картоп, пияз және сәбіздің килограммы 85 теңгеден, қырыққабат 100 теңгеден, сиыр еті 1 700-1 800 теңгеден сатылады. ("Аспан Базар" СҮ, Қошқарбаев көшесі, 37).

18.00 – "Махаббат әндері" мерекелік концерті. Тыңдарамандарды опера солистері, "Астана Опера" хоры мен оркестрінің орындауында Халықаралық әйелдер күніне арналған шоу күтіп тұр. Әдемі ханымдарға сыйлық ретінде әлемдік опера классикаларының ариялары, сонымен қатар қазақ, орыс, неаполитандық әндер мен романстар орындалады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

19.00 - Россотрудничество өкілдігінің "Любовь без границ" жобасы аясында "Романтикалық оқиғалар" концерті. Алексей Давлетшин – композитор және әмбебап гитарашы, ол әртүрлі стильде тек өз музыкасын орындайды. Алексей Давлетшин жаңа DUET жобасымен Еуропа, Ресей, Азия және Балтық елдеріне гастрольдік сапар жасап жүр.  2019 жылы Алексей Давлетшин бесінші студиялық альбомын шығарды, ал 2017 жылғы алдыңғы альбомды Ресейдің музыкалық сыншылар одағы "2017 жылдың аспапты альбомы" деп таныды. Концертке кіру тегін. (Ресей ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефоны: +7 771 606 5788).

АЛМАТЫ

10.00 – Пан-кавказдық жастар оркестріне қатысу үшін Қазақстанның талантты жас музыканттары конкурстық тыңдау және іріктеуден өтеді. Қазақстаннан басқа Грузия, Армения, Әзербайжан, Украина және Түркияның жас музыканттары арасында тыңдау өткізіледі. Көрмеге 18-28 жас аралығындағы симфониялық оркестрдің барлық аспабында өнер көрсететін жас музыканттар қатыса алады. Тыңдауға өтініштер 6 наурызға дейін фестиваль сайтында қабылданады (Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория. Байланыс телефоны: +7 (995) 32 22535 81/82/83, e-mail: info@tsinandalifestival.ge).

10.00 – заманауи өнер суретшілерінің "Сегіз жарым" ұжымдық көрмесінің ашылуы. Art Future жобасы ұйымдастырған көрме Қазақстанның 12 суретшісінің басын қосады, олар кескіндеме, графика, фото және видео өнері, мүсін, инсталляция сияқты түрлі техникада, стильде және жанрда 30-дан астам туынды ұсынады. Ашылу рәсімінде жас суретші Дарья Темірхан перфоманс ұсынады. Көрменің қатысушылары: Аурелия Акмуллаева, Бақыт Бүбіханова, Муниса Гулиева, Александра Калачева, Әсел Кенжетаева, Екатерина Никонорова, Мөлдір Сағындықова, Толқын Сакбаева, Зитта Сұлтанбаева, Дария Темірхан, Ғания Шағатаева және Шекер Шакир. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырушылар қазіргі заманғы өнердің процестерін әйелдердің көзімен жеткізгісі келеді. Көрменің мақсаттарының бірі – Қазақстанның жас және болашағы зор суретшілерінің есімдері мен шығармаларын көпшілікке кеңінен насихаттау. Көрме 7 сәуірге дейін жалғасады. (Esentai Gallery, әл-Фараби даңғылы, 77/8. Байланыс телефоны: +7 (700) 120 12 20).

13.00 – "451 градус" әдеби клубында кітап алмасу. Қатысушылар өзара кітап алмасады. Шараға қатысқысы келетіндер 13.00 – 14.00 аралығында келіп, үстелге өз кітаптарын қоюы тиіс. Сағат екіде кітап алмасу басталады. Кіру тегін ("Жібек жолы" сауда үйі, Жібек жолы даңғылы, 135).

8 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – "Собор Парижской Богоматери" балеті ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

20.00 - Қайрат Нұртастың "Хитмен гравитациясы" концерті. ("Алматы Арена" спорт кешені).

9 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.30 - Роза Әлқожаның "Аналардың анасы" концерті. ("Астана" концерт залы, Бейбітшілік көшесі, 1/1).

12 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Симфониялық музыка концерті. Дирижер Рикардо Казеро (Испания). ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

20.00 – Metallica Show S&M Tribute симфониялық оркестрмен. Metallica S&M Show – рок музыкасы мен симфониялық оркестрді біріктіретін әлемдік шоу. Әлемдік тур Мексика, Чили, Франция, Германия, Чехия, Литва, Латвия, Беларусь, Ресей және басқа елдерді қамтиды. (Қазмедиа орталығы, Қонаев көшесі, 4).

АЛМАТЫ

11.00 - "ZooСад 2020" халықаралық көрмесі. Көрмеде жем-шөп пен тәттілер; ветеринарлық препараттар мен тағы басқа қызметтер ұсынылады. 13 наурызда көрме сағат 09.45-тен 15.00-ге дейін жұмыс істейді; 14 наурыз – 13.00-14.00. (Grand Park СОК, Қабдолов көшесі, 1).

14 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 - Қазақстан Қарулы Күштері  Ұлттық әскери-патриоттық орталығының "Сиқырлы таяқшаның күші" концерті. (Республика даңғылы, 2. Байланыс телефоны +7 (776) 153 79 78).

АЛМАТЫ

"Весенний Алмакот 2020" халықаралық мысықтар көрмесі. (Forum сауда және ойын-сауық орталығы, Сейфуллин даңғылы, 617. Байланыс телефоны: +7 701 783 56 05).

15 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 - "Созвучие весенних струн" концерті. Айнұр Камалова (арфа), Зынхар Ахметбек (скрипка), Наталья Керносова (фортепиано), Ислам Әлиев (гобой), Балнұр Құдайберген, Айжан Ермұханова, Талшын Кешілбаева (скрипка), Олеся Морозова, Саид Мамиев (альт), Нұрисламбек Жұматов, Мағжан Сағади (виолончель). Жетекші – Ақерке Әли. ("Астана Опера" театры).

16 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - Корей мәдениеті күндері аясында "DMZ: қарусыздандырылған аймақ" фотокөрмесінің ашылуы. Көрмеде 24 фотожұмыс ұсынылады. Көрме 2 мамырға дейін жұмыс істейді. (Корей мәдениет орталығы, Иманов 13 көшесі).

19 наурызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған "Шәмші әлемі" концерт-қойылымы. Жоба авторы - композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, "Болашақ" бағдарламасының түлегі (Juilliard school, Нью-Йорк, АҚШ). Барлық ән "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста шырқалады. Қойылымның режиссері – Димаш Құдайбергеннің Кремлдегі шоуын және басқа да фестивальдер мен концерттерді қойған Андрей Еремин (Украина). ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).

21 наурызға жоспарланған шаралар 

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – "Ұлы дала мұрасы" концерттік бағдарламасы. ("Астана балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

25 наурызға жоспарланған шаралар 

АЛМАТЫ

18.00 - Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен Ербол Байырбековтің "Сен маған сүюді үйреттің" атты шығармашылық кеші. ("Алатау" концерт залы, Алғабас-1 шағын ауданы).

29 наурызға жоспарланған шаралар 

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – "Астана сазы" этно-фольклорлық ансамблінің "Әз-Наурыз келгенде" концерті. ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып