00:07 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
2170 0 0

Sputnik Қазақстан 1 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 2 - 8 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

 

1 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театрының қойылымында "Баядерка" балеті. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

21.00 - Қазақстандық әртістер Марсель мен Сырымтай Еңсепов "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясында онлайн концерт береді. Күнде кешке Қазақтелекомның Youtube-каналында отандық әншілердің концертін тамашалауға болады.

2 сәуірге жоспарланған шаралар

21.00 - Роза Рымбаеваның онлайн-концерті. Көрерменнің өтініші бойынша Қазақстанның Халық әртісі "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясында екінші концертін өткізеді (Трансляция Қазақтелекомның Youtube-каналында болады).

3 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 –"Астана Опера" театрының қойылымындағы Мұқан Төлебаевтың "Біржан-Сара" операсы. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

4 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00 – "Астана Опера" театрының қойылымындағы Арам Хачатурянның "Спартак" қойылымы. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

5 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00- "Астана Опера" театрының қойылымындағы Петр Чайковскийдің “Евгений Онегин” операсы. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

8 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театрының қойылымындағы Петр Чайковскийдің "Щелкунчик" балеті. Онлайн-трансляция Tengrinews.kz/tv/. каналында жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 

Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар, сәуір, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып