Аңдатпа

Қазақстанда 8 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНа улицах Нур-Султана ограничили дорожное движение из-за ужесточения карантина
На улицах Нур-Султана ограничили дорожное движение из-за ужесточения карантина  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 8 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 9-16 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

8 сәуірге жоспарланған шаралар

10.00 – парламент мәжілісінің жалпы отырысы. Отырыстың онлайн-трансляциясын parlam.kz сайтынан көре аласыздар.

12:00 - Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетіне бойынша жағдай және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары туралы онлайн-брифинг. Спикерлер: Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова, Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев. 

15:00 - Егістік науқан туралы онлайн-брифинг. Спикер: ҚР ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров. Брифингтерді "Хабар24" телеарнасынан және coronavirus2020.kz сайтынан көре аласыз.

19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын Петр Чайковскийдің "Щелкунчик" балеті. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

21.00 - "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясында скрипкашы Айман Мұсаходжаеваның онлайн-концерті ("Қазақтелеком" АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).

10 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Кармен" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

11 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00 – "Астана Опера" театрының гала-балеті. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

21.00 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс Ерлан Рысқали мен танымал қобызшы Ақерке Тәжібаеваның "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясындағы онлайн-концерті ("Қазақтелеком" АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).

 

12 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Дон Карлос" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

21.00 - Эстрада және опера әншісі Толқын Забированың "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясындағы онлайн-концерті ("Қазақтелеком" АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).

15 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Шопениана", "Шехерезада" күміс ғасыр балеттері. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

16 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Абай" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0