Аңдатпа

Қазақстанда 18 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Photo : Пресс-служба театра "Астана Балет" Фрагмент из спектакля "Наследие Великой степи" театра "Астана Балет"
Фрагмент из спектакля Наследие Великой степи театра Астана Балет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 18 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 19-20 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

18 сәуірге жоспарланған шаралар

12.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Шығармашылық карантин" айдары. "Волшебное кольцо" ертегісін театр актері Әлқуат Төлеметов оқиды (трансляция театрдың @gorkytheatre_ns инстаграм парақшасында).

18.00 – Актер Владимир Иваненконы еске алу кеші (трансляция Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Youtube-каналында).

19.00 – Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры Асхат Маемировпен тікелей эфир. Тікелей эфирдің қонағы – Мейрамбек Бесбаев (@ns_madeniet парақшасында тікелей трансляция жасалады).

19.00 – Қазақстанның ұлттық ұланына қараста ән және би ансамблінің онлайн-концерті. Шара танымал сазгер Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 толуына арналады (трансляция Instagram - @national _guard_kaz парақшасында жүргізіледі).

20.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Максим Ященкомен тікелей эфир (театрдың Instagram-дағы @gorkytheatre_ns ресми парақшасында трансляция жасалады).

21.00 – "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясында q-pop жанрының орындауышысы ZIRUZA-ның онлайн концерті өтеді (трансляция "Қазақтелеком" АҚ-ның Youtube-арнасында болады).

19 сәуірге жоспарланған шаралар

14.00 – Пасха мерекесіне арналған концерт (трансляция Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Youtube-каналында).

18.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Шығармашылық карантин" жобасы аясындағы "Театр сауық кеші" айдары (трансляция театрдың Instagram-дағы @gorkytheatre_ns парақшасында жасалады). 

19.00 – Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры Асхат Маемировпен тікелей эфир. Тікелей эфирдің қонағы – Самал Еслямова (@ns_madeniet парақшасында тікелей трансляция жасалады). 

20 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Светлана Фортуна мен Иван Анопченконың "Шығармашылық карантин" жобасы аясындағы тікелей эфирі (театрдың Instagram-дағы @gorkytheatre_ns ресми парақшасында трансляция жасалады).

19.00 – Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры Асхат Маемировпен тікелей эфир. Эфир қонағы – Ақан Сатаев (@ns_madeniet парақшасында тікелей трансляция жасалады).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0