Аңдатпа

Қазақстанда 28 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Photo : Пресс-служба театра "Астана балет"Момент выступления артистов театра "Астана балет"
Момент выступления артистов  театра Астана балет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 28 сәуір - 3 мамыр аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

28 сәуірге жоспарланған шаралар

09.00 - Үкімет отырысы. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тауар өткізу жүйесін құру және кеңжолақты интернетті қолжетімді ету мәселесі қаралады (отырыс онлайн режимде Primeminister.kz сайтында және үкіметтің әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарында көрсетіледі).

10.30 – Халықаралық байланыс, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы (отырыс онлайн режимде www.parlam.kz сайтында көрсетіледі. Байланыс телефоны: +7 702 263 88 92).

11.00 - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Арманжан Байтасовтың инстаграмында өтетін онлайн конференцияға қатысады. Ол кейбір дәрігерлерге неге үстемеақы берілмегенін түсіндіріп, қор қаражаты қалай жұмсалатынын айтады. 

12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі "Суретші Сергебаевтың шығармашылығы" атты видеодәріс өткізеді. Мәтінді Гүлнұр Жұбанова оқиды (Трансляция мәдениет және ақпарат министрлігінің Facebook парақшасында).

17.00 – Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының актері Жанат Тыныбаевпен тікелей эфир (Трансляция театрдың @auezovtheatre Instagram парақшасында).

17.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында "Язычники" (+18) қойылымы трансляцияланады (театрдың Youtube каналында көрсетіледі).

17.30 - Халықаралық валюта қорының "Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі өңірлік экономиканың даму перспективалары" атты баяндамасы таныстырылады. 

21.00 – "Астана балет" театрының солистері Қазбек Ахмедьяров, Татьяны Тен, Айнұр Әбілғазина, Дилара Шомаева, Сүндет Сұлтанов, Риза Қанатқызы, Алия Айтбаева "Карантиндегі жұлдыз" жобасы аясында тікелей эфирде өнер көрсетеді (Трансляция "Қазақтелекомның" Youtube-каналында).

29 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00 - Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Шығармашылық карантин" айдары. Қонақта – драматург Олжас Жанайдаров (Трансляция – @aibolatjangaliuly).

30 сәуірге жоспарланған шаралар

10.00 –Сенаттың пленарлық отырысы (Отырыс онлайн режимде палатаның ресми сайтында көрсетіледі).

1 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі "Көрерменмен диалог" атты жаңа айдар ашады. Алғашқы диалогты белгілі қазақстандық суретші Нелли Бубэ өткізеді. Ол күзде Кипрде ашылатын жаңа музей мен жобаға қатысқан қазақстандықтар туралы айтады (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми каналы арқылы көрсетіледі).

3 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 -  Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің "Техника "коллаж" бейнесабағы өтеді (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми каналы арқылы көрсетіледі).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0