Аңдатпа

Қазақстанда 5 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал Калиев Виды города Нур-Султан весной
 Виды города Нур-Султан весной - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 5 – 10 мамыр аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

5 мамырға жоспарланған шаралар  

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде: Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру барысы, экономиканы қолдау шаралары (PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн трансляция жасалады). Қосымша ақпаратты 74-54-91 телефоны арқылы алуға болады).

11:00 – "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің өкілдері жүргізіліп жатқан COVID-19 диагностикасының түрлері туралы әңгімелейді және сұрақтарға жауап береді. Онлайн-брифингке "ОЛИМП" КДЗ желісінің бас директоры Ерлан Сүлейменов, "ОЛИМП" КДЗ маркетинг және инновациялар жөніндегі директоры Алексей Балась, "ОЛИМП" КДЗ желісінің product- маманы, аллерголог-иммунолог Оксана Үсенова қатысады. Іс-шара ZOOM бағдарламасы арқылы бейнеконференция   форматында өтеді.

12.00 - Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Толғанай Бөкеш дайындаған "Қазақстанның ежелгі қалаларының мәдениеті"онлайн-дәрісі (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

15.00 - Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіпті дағдарысқа қарсы қолдау мәселесіне арналған онлайн- баспасөз конференциясы. Спикерлер: Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова, "Семирамида тігін фирмасы" ЖШС директоры Наталья Ахшабаева, "MIMIORIKI" ЖШС директоры Инна Апенко, "КазСпо-Н" ЖШС директоры Елена Свечникова (Қазақстан баспасөз клубының Facebook-тегі парақшасында трансляция жасалады. Сұрақтарды 8 701 749 02 00 WhatsApp нөміріне жіберуге болады).    

17.00 - Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры сахналайтын "Алпамыс" спектаклінің онлайн көрсетілімі (театрдың Youtube каналында трансляция жасалады).

21.00 – "Карантиндегі жұлдыз" жобасының аясында Forte Trio мемлекеттік триосының онлайн-концерті. Осы кеште белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыргөзов топпен бірге өнер көрсетеді ("Қазақтелеком" АҚ Youtube каналында трансляция жасалады).

6 мамырға жоспарланған шаралар

16.00 – "Екінші дүниежүзілік соғыс: ортақ ерлік – ортақ естелік" халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы. Шараны "Хабар" агенттігінің қолдауымен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты – Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғаларына объективті талдау жасау. Шараға қатысатын елдер: Қазақстан, Нидерланды, Франция, Жапония, Ресей, Беларусь, АҚШ, Түркия, Үндістан, Аргентина, Иран, Пәкістан. Олардың қатарында еуропалық Әлем мәселелерін зерттеу қауымдастығының мүшесі, профессор Хендрик Буллинс (Нидерланды), Жапониядағы СА9 қозғалысының негізін қалаушы доктор Клаус Шлихтман,  "Қару-жарақ өндірісі және қарусыздандыру бағдарламасы" CIPRI бас төрағасы Од Флеран (Франция), Әлемдік азық-түлік ұйымы президентінің кеңесшісі Джордж Кент (АҚШ), ЕҰУ іздеу отрядының жетекшісі Майдан Құсайынов және көптеген өзге де әлемдік сарапшылар бар (Шара Zoom платформасында онлайн өтеді. Аккредитация және сілтеме алу нөмірі: +7 (702) 36 36 005).

21.00 – "Карантиндегі жұлдыз" жобасының аясында әнші Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның онлайн-концерті ("Қазақтелеком" АҚ Youtube каналында трансляция жасалады).

7 мамырға жоспарланған шаралар

09.00 - Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулдығымен бірлесіп дайындаған "Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Алматыдағы мәдени эвакуация" дәрісі (Консулдықтың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында трансляция жасалады).

12.00 - Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Бибіткүл Әбірова дайындаған "Кимешек ұлттық бас киімін түрлендіру" онлайн-дәрісі (Музейдің Facebook-тегі ресми парағындағы трансляция жасалады).

20.00 – "Астана Балет" театры сахналайтын "Ұлы дала мұрасы" бағдарламасының онлайн трансляциясы (Трансляция @astanaballet парақшасында).  

8 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 - Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің ғылыми қызметкері Виолетта Вологотская дайындаған "Суретші Павел Кузнецовтың шығармашылығы" бейне дәрісі (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

9 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 - Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкерлері Жеңіс күніне орай дайындаған виртуалды көрме. Музей қорынан алынған графикалық, бейнелеу және мүсін туындылары жұрт назарына ұсынылады (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

14.00 - Ұлы Отан соғысының қатысушысы, қазақстандық суретші Анатолий Горовых туралы видео дәріс, оны суретшінің немересі, Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Ольга Горовых оқиды (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).   

17.00 - Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің музыканты, суырып салма ақын, домбырашы Андрей Фендриковпен бірлесе дайындаған, Жеңіс күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламасы (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

20.00 – "Астана Балет" театры сахналайтын  "Жусан" бір актілі балетінің онлайн-трансляциясы (Трансляция @astanaballet парақшасында).

10 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 - Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Наталья Баженова өткізетін "Бисероплетение" бейне сабағы (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0