21:18 25 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.46
  • EUR451.35
  • RUB5.77
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
46 0 0

Sputnik Қазақстан 20 мамыр мен 17 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимінде ұйымдастырылды. Сонымен бірге, біз сізге жақын болашақта жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

20 мамырға жоспарланған шаралар  

09.00 - Шымкент қаласы бас жоспарының үздік тұжырымдамасын әзірлеуге ашық халықаралық конкурс (шарты сілтемеде). Байқауға ұсынылған материалдарды қарастырған кезде қаланың климаттық, функционалды-техникалық және қала құрылысы жағдайлары ескерілген, сәулет және қала құрылысы шешімдерінің кешенділігі қамтамасыз етілген жобаларға артықшылық беріледі. Мәдени және тарихи мұраны сақтауға, туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Конкурс өткізу мерзімі – 2020 жылдың 20 мамырынан 22 шілдесіне дейін. Байқауға ұсынылған жобалардың көрмесі 2020 жылдың 29 шілдесі мен 7 тамызы аралығында Шымкент қаласында өтеді (Байланыс телефоны: +7 (7252) 53 64 95).

12.20 – "Орталық коммуникациялар қызметі" РМУ алаңында коронавирус инфекциясы бойынша елордадағы қазіргі жағдай, сондай-ақ карантин режимін сақтау шаралары туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева, Нұр-Сұлтан қаласы жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғосман Жакин.

21.00 – Назар тобының "Қазақ қыздары" шығармашылық кеші. (Qazaqconcert-тің YouTube-тегі арнасында трансляция жасалады).

21 мамырға жоспарланған шаралар

17.00 – Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры сахналайтын "Анна Каренина" спектаклінің трансляциясы.

27 мамырға жоспарланған шаралар

15.00 – Орталық коммунациялар қызметінде энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде энергетика министрлігінің интернет-ресурсында, Facebook, Youtube желілеріндегі ресми аккаунттарында және "Хабар 24" телеарнасында трансляцияланады. Министрге мына нөмірлер арқылы сұрақ қоюға болады: 8(7172) 786862, 786958, 786884, 786887, 786886 немесе a.tazabekova@energo.gov.kz поштасы арқылы. БАҚ өкілдері өз сауалдарын zh.khamitkyzy@energo.gov.kz поштасына жолдауы тиіс.

28 мамырға жоспарланған шаралар

20.00 – "Астана Балет" театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Шығарылым қонағы – театрдың жетекші солисі Фархад Буриев "Вальпургиев түні" бір актілі балетіндегі көркем образдар туралы айтады. Дәрісті "Астана Балет" театрының Youtube-каналынан қарауға болады.

11 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуін өткізеді. Сұрақтар мен ұсыныстарды "Ашық диалог" порталындағы министрдің блогына жіберуге болады; WhatsApp нөмірі: +7 (777) 433 27 04; электронды мекен-жайы: suraq@mdai.gov.kz (Онлайн-трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өткізіледі).

17 маусымға жоспарланған шаралар

15.00 – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу "Хабар 24" телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы "Сұрақ-жауап" онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: ask@mti.gov.kz; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. "Есеп беру кездесуі үшін" деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып