Аңдатпа

Қазақстанда 17 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВечерняя столица
Вечерняя столица - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 17-29 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Дей тұрғанмен, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

17 маусымға жоспарланған шаралар

9.30-13.00 – "Праймериз. Жария саясат. Депутаттың бейнесі қандай болуы керек?" атты праймеризге қатысушылардың оқу семинарлары. Семинарларда белгілі саясаттанушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, психологтар спикер ретінде сөз сөйлейді. Олардың арасында Ермұхамет Ертісбаев, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Андрей Чеботарев, Саясат Нұрбек және басқалар бар. Оқыту бағдарламасы онлайн режимде өтетін төрт модульден тұрады. Олар: партияішілік іріктеу-праймеризін іске асыру механизмі, праймеризді өткізудің халықаралық тәжірибесі, депутаттың биліктегі рөлі мен орны, депутаттың бейнесі, имидж және мінез-құлықтың тиімді үлгісін қалыптастыру, саяси шешендік. Интерактивті пікірталас, топтарда практикалық жаттығулар және шығармашылық тапсырмалар қарастырылған. Сабақтар тілек білдірген партиялықтар үшін ақысыз негізде өткізіледі. Семинарлар осы жылдың 15 маусымында басталып, 7 тамызында аяқталады және сағат 9.30-дан 13.00-ге дейін өтеді. Қосымша ақпаратты тұрғылықты жер бойынша партияның облыстық филиалынан немесе Нұр-Сұлтан қаласы Қонаев көшесі, 12/1 мекенжайында орналасқан Nur Otan партиясының Саяси менеджмент мектебінен алуға болады, тел. + 7-7172-707621, www.spm.nurotan.kz сайты, e-mail: info_school@spm.nurotan.kz, www.instagram.com/spm.nurotan.kz.

11.00 – Samruk Akparat ақпарат алаңында Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру мерзімін ауыстыру туралы онлайн-брифинг өтеді. Спикер – "Самұрық-Қазына" қорының активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Алмасадам Майданұлы Сатқалиев. Аккредитация: e-mail: press@sk.kz, +7 (700) 545 02 01.

21.00 – Елорда қуыршақ театрының "Аудиосказка" айдары (театрдың Instagram-дағы парақшасында тікелей трансляция – @teatrkukolnursultan).

18 маусымға жоспарланған шаралар

10.00 - Қазақстан парламенті сенатының жалпы отырысы.

12.00 - Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің "Рисуем пейзаж в технике холст/масло" атты онлайн шеберлік сағаты (Музейдің Facebook-тегі парақшасында трансляция жасалады).

22 маусымға жоспарланған шаралар

Парламент палаталарының бірлескен отырысы. Үкімет пен Есеп комитеті 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп береді.

24 маусымға жоспарланған шаралар

14.30 - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді. Есеп беру кездесуінің бағдарламасы: 14.30-дан 16.00-ге дейін – министр баяндама жасайды және азаматтар мен БАҚ-тың сұрақтары үшін "қауырт" желі жұмыс істейді, Орталық коммуникациялар қызметі мен министрліктің Facebook және YouTube-тегі ресми парақшаларында көрсетіледі. 16.20-дан 17.00-ге дейін – "Хабар 24" телеарнасында брифинг. Анықтама телефоны: 8 701 701 01 34.

29 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "ҚазАқпарат" ХАА интернет-ресурстарында жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.


 

Жаңалықтар
0