Аңдатпа

Қазақстанда 25 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтан, күннің батуы
Нұр-Сұлтан, күннің батуы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 25-29 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

25 маусымға жоспарланған шаралар

10.00 – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің халыққа есеп беру кездесуі (Трансляция сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz ).

11.00 – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жанындағы қоғамдық кеңестің отырысы. Шара онлайн-режимде өтеді.

12.20 – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің баспасөз мәслихаты (Трансляция сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).

17.00 –"День рождения Кота Леопольда" қойылымы (Трансляция Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Youtube-каналында жүргізіледі).

19.00 – pobedakz.com сайтында Жеңістің 75 жылдығына деректі фильмдер фестивалі аясында "Восход  победы. Багратионовы клещи" кинокартинасының көрсетілімі.

26 маусымға жоспарланған шаралар

12.00 – "Гобелен жасау" шеберлік сағаты және дәріс. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Айсұлу Үсентаева дайындаған (Трансляция музе йдің Facebook-тегі парақшасында).

29 маусымға жоспарланған шаралар

09.00 – Astana Finance Days үшінші жыл сайынғы қаржы конференциясы. Биыл конференция онлайн форматта өтеді, негізгі тақырып – "Өзгеріп жатқан әлемдегі нарықтар". Жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, ислам қаржысы, адам капиталын дамыту бағыттары бойынша мәселелерді талқылау жоспарланып отыр (Аккредитация https://www.astanafindays.org/ru сайтында).

11.00 – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "ҚазАқпарат" ХАА интернет-ресурстарында жасалады.

11:00 – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Айдар Арифхановпен "тікелей эфир". Спикер холдинг қызметінің қорытындылары, компанияның ел экономикасына үлесі туралы баяндап, сұрақтарға жауап береді. Бейнетрансляцияны қордың Facebook, Instagram әлеуметтік желілері мен YouTube видеохостингіндегі парақшаларынан көруге болады. Сауалдарды мына поштаға жолдай аласыздар: Iconference@Baiterek.Gov.Kz

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0