Аңдатпа

Қазақстанда 30 маусымда қандай маңызды оқиғалар болады

CC0 / / Пульт в руке от телевизора, иллюстративное фото
Пульт в руке от телевизора, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 29 маусым – 6 шілде аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

30 маусымға жоспарланған шаралар

11:00 - "Қазмедиа орталығындай  "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы "Abai tv" мәдени-ағарту телеарнасының ресми таныстырылымы өтеді. Шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Д.Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, ҚР Парламенті Сенатынының депутаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұртөре Жүсіп, журналист, академик Намазалы Омашев, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева және еліміздің зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының майталмандары қатысады.

12.00 – Ойын бизнесі туралы заңға өзгертулер енгізудің заңгерлік және экономикалық ерекшелігі тақырыбындағы баспасөз мәслихаты өтеді. Қазақстан букмерекерлер қауымдастығының төрағасы Арай Сагғынтай, заңгер Василий Павлюченко қатысады (Трансляция Қазақстанның баспасөз клубының Facebook парақшасында жасалады).

1 шілдеге жоспарланған шаралар

12.00 - Қастеев атындағы музейде Қазақстанның бейнелеу өнерінің негізін саушылардың бірі Николай Худов көрмесінің онлайн-таныстырылымы өтеді. Көрме суретшінің 170 жылдығына арналған  (Трансляция - музейдің Facebook-тегі парақшасында жасалады)

Қазақстанда тұратын Ресей азаматтары 1 шілде күні көрші елдің конституциясына енгізілетін өзгерістерге қатысты дауыс бере алады. Нұр-Сұлтан қаласында дауыс беру таңғы сегізден кешкі сегізге дейін болады. Елшілік мекенжайы: Кенесары көшесі, 39, Телефон: 8 (7172) 32-05-15.

6 шілдеге жоспарланған шаралар

18.00 – Астана күніне орай "Абай" операсы көрсетіледі. Басты партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Астана Опера" театрының жетекші солисі Талғат Мұсабаев орындайды. Трансляция театрдың Youtube-каналында болады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0