12:42 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
465 0 0

Sputnik Қазақстан 2-6 шілде аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

2 шілдеге жоспарланған шаралар

11.00 - Коронавирустан емдеу ақысын төлеу тарифіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Трансляцияны Орталық коммуникациялар қызметінің  Youtube каналы мен Facebook парақшасынан көруге болады. Спикер: денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов. 

4 шілдеге жоспарланған шаралар

11.00 – Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімі өтеді. Сондай-ақ, курсанттарға офицерлік атақ беріледі. Жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады ("Атамекен" этно-мемориалдық кешені). Аккредитация: press@astana.kz).

5 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 – Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама ("Нұрлы жол" бульвары).

6 шілдеге жоспарланған шаралар

18.00 – Астана күніне орай "Абай" операсы көрсетіледі. Басты партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Астана Опера" театрының жетекші солисі Талғат Мұсабаев орындайды. Трансляция театрдың Youtube-каналында болады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар, Қазақстан, шілде
Загрузка...

Басты тақырып