Аңдатпа

Қазақстанда 10 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 10-17 шілде аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

10 шілдеге жоспарланған шаралар

11.00 - Алматының Әуезов аудандық әкімдігі жанынан "Open space" форматындағы сервистік әкімдік ашылады. Ашық алаңда аудан тұрғындары "бір терезе" қағидаты бойынша бірнеше мәселені бір жерде шеше алады (Аккредитация: +7 707 280 29 23, +7 707 993 16 03)

11 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 - 15.00 - Қазақстанның жетекші бизнес-тренері Асқар Өтепқалиев "Әке - ұстаз, отбасы мен қоғамдағы тренер" атты онлайн-тренингін өткізеді. ZOOM платформасындағы тренинг барысында отбасындағы тиімді қарым-қатынас орнату негіздері, диалог құра білу, бизнес және отбасы тақырыптары қамтылады. Отбасылық бизнестің нақты мысалдары келтіріліп, эмоциялармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы сөз қозғалады. Тренингке қатысу тегін (Тіркелуге арналған сілтеме: https://forms.gle/yCxTETkCdsHDAky48; Zoom конференциясына қосылу үшін https://us02web.zoom.us/j/89104370929, Байланыс телефоны: +7 701 924 67 98).

12.00 – "Астана Опера" театрының "Балаларға арналған классика" сериясынан "Дружная семейка струнных инструментов" концерті (Трансляция TengriTV-да).

13 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 – Кәсіби емес орындаушылар арасында "Абай әндері" онлайн байқауы басталады. Байқауды Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ақынның 175 жылдығына арнап ұйымдастырып отыр. Байқауға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін Абай Құнанбаевтың туындысын орындап, видеоны қазылар алқасына жіберу керек. Байқау 9 тамызға дейін жалғасады (Іс-шара туралы толық ақпаратты www.gatob.kz ресми сайтынан алуға болады).  

16 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 - Жастардың 48 сағаттық хакатоны өтеді. Студенттер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильдік қосымша әзірлейді. Хакатон 16-18 шілдеге жоспарланған. Онлайн-форматтағы хакатонға 16-22 жас аралығындағы студенттер, дизайнерлер, сарапшылар қатыса алады.  Өтініш 10 шілдеге дейін мына сілтеме бойынша қабылданады.

12.00 –  "Астана Опера" театрының "Дружная семейка струнных инструментов" концерті (Трансляция на TengriTV).

17 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры әртістерінің орындауындағы "Корсар" балеті (Трансляция на TengriTV)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0