02:46 14 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.72
  • EUR495.47
  • RUB5.70
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
637 0 0

Sputnik Қазақстан 13-17 шілде аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

13 шілдеге жоспарланған шаралар

Коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күні.

 

12.00 - Бір минуттық үнсіздік. Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты "Хабар" агенттігі мен "Қазақстан" телерадиокешені эфир кестесін толықтай өзгертеді. Ойын-сауық бағдарламалар мен жарнама тоқтатылады. Бұрынғы кестедегі жаңалықтар ғана қалады. 

Нұр-Сұлтанда Мемлекеттік ту түсіріледі. 

09.00 – Кәсіби емес орындаушылар арасында "Абай әндері" онлайн байқауы басталады. Байқауды Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ақынның 175 жылдығына арнап ұйымдастырып отыр. Байқауға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін Абай Құнанбаевтың туындысын орындап, видеоны қазылар алқасына жіберу керек. Байқау 9 тамызға дейін жалғасады (Іс-шара туралы толық ақпаратты www.gatob.kz ресми сайтынан алуға болады).  

16 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 - Жастардың 48 сағаттық хакатоны өтеді. Студенттер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильдік қосымша әзірлейді. Хакатон 16-18 шілдеге жоспарланған. Онлайн-форматтағы хакатонға 16-22 жас аралығындағы студенттер, дизайнерлер, сарапшылар қатыса алады.  Өтініш 10 шілдеге дейін мына сілтеме бойынша қабылданады.

12.00 – "Астана Опера" театрының "Дружная семейка струнных инструментов" концерті (Трансляция на TengriTV).

17 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры әртістерінің орындауындағы "Корсар" балеті (Трансляция на TengriTV)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
шаралар, оқиғалар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып