Аңдатпа

Қазақстанда 14 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНур-Султан, набережная, виды города
Нур-Султан, набережная, виды города  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 14-17 шілде аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

14 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 - Үкімет отырысы. Күн тәртібінде мемлекет басшысы 2020 жылдың 10 шілдесіндегі үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларды орындау мәселесі қаралады (Трансляция PrimeMinister.kz сайтында және үкіметтің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында. Қосымша ақпарат үшін 8 (7172) 75 00 10 телефон нөміріне хабарласуға немесе press.kpm@mail.ru электронды поштасына жазуға болады). 

12.00 - Қазақстанның қор биржасының (KASE) баспасөз мәслихаты. Биржаның жұмысы жөніндегі ақпарат ұсынылады. Сондай-ақ, қор нарығының 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы трендтері сөз болады (Аккредитациядан pr@kase.kz электронды поштасы арқылы өтуге болады).

16 шілдеге жоспарланған шаралар

09.00 - Жастардың 48 сағаттық хакатоны өтеді. Студенттер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильдік қосымша әзірлейді. Хакатон 16-18 шілдеге жоспарланған. Онлайн-форматтағы хакатонға 16-22 жас аралығындағы студенттер, дизайнерлер, сарапшылар қатыса алады.  Өтініш 10 шілдеге дейін мына сілтеме бойынша қабылданады.

12.00 – "Астана Опера" театрының "Дружная семейка струнных инструментов" концерті (Трансляция на TengriTV).

17 шілдеге жоспарланған шаралар

19.00 – "Астана Опера" театры әртістерінің орындауындағы "Корсар" балеті (Трансляция на TengriTV)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0