12:44 06 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.35
  • EUR496.08
  • RUB5.73
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
806 0 0

Sputnik Қазақстан 1 тамыз бен 11 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

1 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Нұр-Сұлтан тұрғындары арасында дойбыдан онлайн турнир (Play OK платформасында). Турнирге балалар мен ересектер қатыса алады (Өтінім беру: WhatsApp +7 747 234 1968).

11.00 – "Орталық коммуникациялар қызметі" алаңында "Қазақстандағы COVID-19 және пневмония статистикасын біріктіру" тақырыбындағы баспасөз конференциясы. Спикерлер: денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният, ДДҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Кэролайн Кларинваль. Таратылымды Youtube және Facebook-тен көруге болады.

12.00 – Тікелей эфирде "Бизнестің сәттілігіне әсер ететін кәсіпкерге арналған жеке брендті қалай құруға болады" тақырыбында ой-талқы (трансляция Facebook-тегі We project парақшасында).

12.00 – "Балаларға арналған классика: үрмелі және соқпалы аспаптар достығы" циклінен концерт. "Астана Опера" театры (Трансляция TengriTV-де).

2 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.00 – "Астана Опера" театрының " Әңгімелесушіні іздеу жолында" айдары. Бақыт Қайырбековтің шығармашылық кеші (Трансляция TengriTV-де).

4 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Қазақстандық суретші Ольга Кадырованың "Свежий глоток. Новая жизнь" жеке виртуалды көрмесі. Бағыты: ЭБРУ техникасындағы интерьерді абстракциялау. (Трансляция Алматы музейінің Instagram-дағы ресми парақшасында – @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92).

5 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.30 – Дүниежүзілік банктің "Орталық Азиядағы білім: пандемия кезіндегі оқыту" тақырыбында онлайн-брифинг. Спикерлер: Айша Вауда, Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы білім беру мәселелері жөніндегі жетекші маманы; Лилия Бурунчук, Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры; Сусанна Айрапетян, Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша Адами капитал жөніндегі бағдарламаларының жетекшісі. БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін: Тел: +7 701 944 79 08, email: media@askredpoint.com

6 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Суретші Равиль Нарегеевтің "Истина внутри тебя" жеке виртуалды көрмесі. Бағыты: графика. (Трансляция Алматы музейінің Instagram-дағы ресми парақшасында – @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92).

19.00 – "Шелковая лестница" операсы. "Астана Опера" театры (Трансляция TengriTV-де).

8 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

18.00 – "Маленькая торжественная месса" концерті. "Астана Опера" театры (Трансляция TengriTV-де).

9 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Классика детям": "Карнавал животных. Зоологическая фантазия" циклінен концерт (Трансляция TengriTV-де).

10 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Абай" операсы, "Астана Опера" театры (Трансляция TengriTV-де).

11 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Суретші Зарина Тайсенгірованың "Махаббат. Showing inside" жеке виртуалды көрмесі. Бағыты: романтизм, сюрреализм, абстракция, реализм, неореализм, портрет, графика. (Трансляция Алматы музейінің Instagram-дағы ресми парақшасында – @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92) 

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып