23:34 22 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD421.58
  • EUR496.83
  • RUB5.53
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
877 0 0

Sputnik Қазақстан 9 тамыз бен 11 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

9 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Классика детям": "Карнавал животных. Зоологическая фантазия" циклінен концерт (Трансляция TengriTV-де).

19.00 – Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының концерті (Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube-арнасында трансляция жасалады).

10 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Қазақстанда 10 тамыз Абай күні болып жарияланды.

15.00 – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Абай академиясы" сериясымен жарық көрген ұлы ақын туралы 12 кітаптың тұсаукесері өтеді.

14.00 – "Пандемия кезіндегі ТМД елдерінің киноиндустриясы" тақырыбында Мәскеу – Нұр-Сұлтан – Ереван – Кишинев арасында өтетін бейнекөпір. Мәскеуден қатысушылар: Ресейдің халық әртісі, режиссер Владимир Хотиненко; "ВГИК-дебют" продюсерлік орталығының бас директоры, режисер Федор Попов; Ресейдің халық әртісі, С.А.Герасимов атындағы ЖМКИ актерлік шеберхана жетекшісі және оқытушысы Александр Михайлов; режиссер, актер Александр Цой. Шара аясында олар кино саласының өкілдері кездесетін қиындықтар мен ТМД студенттерінің ЖМКИ-ге қабылдау ерекшеліктері туралы айтады. Сондай-ақ, биылғы курсқа шеберлердің қабылдауы қалай өткенін баяндап, басқа сұрақтарға да жауап береді. Брифинг Sputnik Қазақстан сайтында, сондай-ақ агенттіктің Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

19.00 – "Абай" операсы, "Астана Опера" театры (Трансляция TengriTV-де).

11 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Суретші Зарина Тайсенгірованың "Махаббат. Showing inside" жеке виртуалды көрмесі. Бағыты: романтизм, сюрреализм, абстракция, реализм, неореализм, портрет, графика. (Трансляция Алматы музейінің Instagram-дағы ресми парақшасында – @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып