04:25 27 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
Абайдың 175 жылдығы (57)
475 0 0

Барлық шара мəдениет жəне спорт министрлігінің əлеуметтік желідегі ресми парақшаларында – Фейсбук, Инстаграм және Ютуб арнасында көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Бүгін елімізде алғаш рет Абай күні аталып өтеді. Бұл дата үкімет қаулысымен мерекелік күндердің тізбесіне ресми түрде енгізілді. Sputnik Қазақстан Абай күніне арналған іс-шараларға шолуды ұсынады.

Тәулік бойы онлайн шаралар көрсетіледі  

Мәдениет және спорт министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Абай күніне арналған 100-ден астам іс-шара өткізіледі. Пандемияға байланысты барлығы онлайн форматта ұйымдастырылады.

Семейдегі Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығы "Хəкім Абай" атты арнайы мəдени бағдарлама дайындады. Оған сәйкес, мерекелік шаралар таңғы сағат 8:00-де басталды. Осы уақытта Жидебайдағы Абай музей-үйі Qazaqstan ұлттық телеарнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасы арқылы тікелей эфирге шығады. Содан кейін өңірлердегі танымал мəдениет жəне өнер қайраткерлері Абай шығармаларын оқиды.

Бұдан бөлек, тəулік бойы интернет арқылы Абай қорық-музейі, "Абай-Шəкəрім" кесенесіне видеоэкскурсия жасауға, Абай музейіндегі экспонаттар жайлы түрлі бейнебаяндар тамашалауға болады.  

"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады 

Дəл осы күні Семейдегі "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық қорығында "Абай және ХХІ ғасыр: болашақпен сұхбат" атты халықаралық конференция өтеді. Оған танымал ғалымдар мен абайтанушылар қатысады.

Барлық шара мəдениет жəне спорт министрлігінің əлеуметтік желідегі ресми парақшаларында – Фейсбук, Инстаграм және Ютуб арнасында көрсетіледі.

Сондай-ақ, осы күні əлеуметтік бейнебаяндар мен қысқаметражды фильмдерге арналған "Абайдың мұрасы – адамзат қазынасы" атты онлайн-фестиваль басталады.

Айта кетейік, мереке күні елордамыз бен өңірлерде кемеңгер ойшылды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қою рəсімі өтеді.

Халықаралық эстафета

10 тамызда сағат 15.00-де "Abai world challenge" атты Абай өлеңдерін әлем тілдерінде оқудың халықаралық челленджі басталады. Іс-шараға әлемнің түрлі елдерінен Абай шығармашылығын зерттеуші ғалымдар, аудармашылар, жазушылар мен шығармашылық интеллигенция өкілдері, Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілері және жалпы жұртшылық қатысады. Видеомарафон француз, ағылшын, араб, испан, қытай, жапон, неміс мен итальян тілдерінде өтеді.

Челлендж 10-17 күндері өтеді және министрліктің YouTube каналында, Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында көрсетіледі.

Айта кетейік, былтыр 9 жасар Ләйлім-Шырақ есімді оқушы Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын.

Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатқа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді.

Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасына танымал француз актері Сами Насери де қосылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿© ZTB MEDIA 2020 (@ztb_video)

Концерттер шеруі өтеді

10 тамызда "ҰЛЫ ДАЛА – ҰЛЫ АБАЙ" атты концерттер шеруі ұйымдастырылады. Соның аясында мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасында бірнеше концерт көрсетіледі.

  • 12.00 - Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының "АБАЙ ӘЛЕМІ" концерті;
  • 16.00 - Әміре Қашаубаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерті;
  • 20.00 - "ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ – АБАЙДЫҢ ХАЛҚЫ" концерті.

Сонымен қатар осы күні Мәдениет және спорт министрлігінің барлық платформасынан өңірлік концерттік ұйымдардың үздік видеожұмыстарымен де танысуға болады.

Абайдың өміріне қатысты қызықты деректер

  • Абай Құнанбайұлының шын есімі – Ибраһим. Әжесі Зере "Абай" деп еркелеткеннен кейін "Абай" атанып кеткен;
  • Құнанбайұлы көптеген өлеңіне өзі ән жазған. Олардың ішінде кеңінен тарағаны – "Көзімнің қарасы";
  • Абай Құнанбайұлы алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялап жүрген;
  • Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан;
  • Абай Құнанбайұлының алғашқы махаббаты – Тоғжан;
  • Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды;
  • Абай Құнанбайұлы 16 жасында әке болды;
  • Абай Құнанбайұлы 21 жасында болыс болып сайланды;
  • Абай Құнанбайұлы екінші әйелі Әйгерімге 30 жасында үйленген;
  • Еркежан - Абайдың әмеңгерлік жолмен үйленген әйелі. Ол Абайдың інісі Оспанның қалыңдығы болған. Еркежан Абайға өз қалауымен тұрмысқа шыққан.
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (57)

Тақырып бойынша

Абайдың туған жерін көру үшін ағайынды жігіттер 46 күн жаяу жүрді
"Тойды жаназа үшін жасамайық": зиялы қауым өкілдері халыққа өтініш жасады
Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі – министр жауап берді
Польшада Абай бейнеленген пошта маркасы шығарылды
Абайдың әні алғаш рет жапон тілінде шырқалды – видео
Кілт сөздер:
мереке, Абай
Загрузка...

Басты тақырып