Аңдатпа

Қазақстанда 25 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНур-Султан, виды города
Нур-Султан, виды города - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 25 тамызда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

25 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде: 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы; "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы"; "2021-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасы; "2021 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан мақсатты трансферт бөлу туралы" президент жарлығының жобасы" және егін жинау барысы туралы мәселелер қаралады.

Үкімет отырысын онлайн режимде PrimeMinister.kz веб-сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда таратылады. Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 75 00 10 телефоны бойынша немесе премьер-министрдің баспасөз қызметіне press.kpm@mail.ru электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

15.00 – Инфекциялық медицина қалдықтарын қауіпсіз жинау және зарарсыздандырудың пилоттық орталығы ашылады. Ол БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен қалалық фтизиопульмунология орталығының базасында құрылады. Спикерлер: денсаулық министрі Алексей Цой, елорда әкімі Алтай Көлгінов, Азия даму банкінің өҚазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, БҰҰ Даму бағдарламасы департаментінің жетекшісі Арман Қашқынбеков (Өтетін орны: Нұр-Сұлтан ласы, ​А1 көшесі, 5 блок Б, қалалық фтизиопульмунология орталығы.

15.00 – Мектеп оқушылары арасында тоғызқұмалақтан онлайн сайыс. Жарыс Конституция күніне орайластырылған. Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласының тоғызқұмалақ федерациясы, спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы (Сайыс www.playok.com сайтында өтеді).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0