19:48 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
91 0 0

Sputnik Қазақстан 29 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

29 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Кіші Талдыкөл көлінің аумағында сенбілік. Сенбілікке мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қаланың ерікті тұрғындары шақырылады. Іс-шара экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының қолдауымен өтеді.

16.00 – Еңбек сіңірген медицина қызметкері Нұрлан Батпеновті еске алуға арналған көрме (Қазақстан Ұлттық музейінің парақшасында трансляция жасалады - @nationalmuseumkz).

30 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – "Конституцияның құрылымы мен тарихы" онлайн-экскурсиясы (Қазақстан Ұлттық музейінің парақшасында трансляция жасалады - @nationalmuseumkz).

1 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы.

11.00 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

2 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI конгресі. Конгресте соңғы бес жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары шығарылып, ұйымның алдағы бес жылдағы жұмысының басым бағыттары айқындалады. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазмедиа" орталығында өтеді (Д.Қонаев көшесі, 4) және мына сілтеме бойынша онлайн режимде таратылады. БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін: +7 701 254 63 59, +7 701 125 49 11, e-mail: evraziyatranscom@mail.ru, zenyamussabay@gmail.com).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып