19:44 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
159 0 0

Sputnik Қазақстан 31 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

31 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

31 тамызда Қазақстанда карантин шараларының жеңілдетілуінің екінші кезеңі басталады. Тиісті шараларды сақтай отыра, мешіт, шіркеу, синагогалар ашылады. Жеке форматтағы бассейндерде бір келушіге 5 шаршы метр су болуы тиіс. Алдын ала жазылу керек. Жаттығу залдарында да бір адамға 5 шаршы метр орын болуы керек. Мемлекеттік ұлттық парктер, қорықтар, резерваттар ашылады. Бір топта адам саны 15-тен көп емес. Маска тағып, кемінде 2 метр қашықтық сақтау керек. Сондай-ақ, қала маңында қатынайтын жолаушылар пойыздары, электричка мен қалааралық, облысаралық автобустар жүре бастайды.

1 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы.

11.00 – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

2 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI конгресі. Конгресте соңғы бес жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары шығарылып, ұйымның алдағы бес жылдағы жұмысының басым бағыттары айқындалады. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазмедиа" орталығында өтеді (Д.Қонаев көшесі, 4) және мына сілтеме бойынша онлайн режимде таратылады. БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін: +7 701 254 63 59, +7 701 125 49 11, e-mail: evraziyatranscom@mail.ru, zenyamussabay@gmail.com).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Загрузка...

Басты тақырып