19:30 23 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD423.41
  • EUR496.91
  • RUB5.57
Аңдатпа
Қысқа сілтеме алу
121 0 0

Sputnik Қазақстан 2 – 3 қыркүйек аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

2 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI конгресі. Конгресте соңғы бес жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары шығарылып, ұйымның алдағы бес жылдағы жұмысының басым бағыттары айқындалады. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазмедиа" орталығында өтеді (Д.Қонаев көшесі, 4) және мына сілтеме бойынша онлайн режимде таратылады. БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін: +7 701 254 63 59, +7 701 125 49 11, e-mail: evraziyatranscom@mail.ru, zenyamussabay@gmail.com).

20.00 – "Астана балет" өнер ұжымының ашық аспан астындағы концерті. Онлайн-көрсетілім www.youtube.com сілтемесінде.

3 ҚЫРКҮЙЕККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

17.00 – "Жеңіс диктанты" акциясы. Бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған елдерде бұл акция диктантпобеды.рф веб-сайтында қолжетімді. Қолданушылар 3 қыркүйектен бастап Мәскеу уақытымен сағат 14.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты 17.00) бір ай бойы тест тапсыруына болады. Қосымша ақпарат алу үшін Россотрудничество өкілдіктеріне хабарласыңыз – толық мәлімет пен байланыс деректері rs.gov.ru сайтында.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар
Загрузка...

Басты тақырып